Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұяң дауыссыз дыбыстар


Ұяң дауыссыз дыбыстар

Тақырыбы: Ұяң дауыссыз дыбыстар

Мақсаты: дауыссыз дыбыстардың қатысуына қарай бөлінуін айыра білу,ұяң дауыссыз    дыбыстар туралы түсінуіне нұсқау беру.
Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып, тілін ұстарту арқылы білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік:Өздігінен жұмыс істеуге баулу,ойын тұжырымдауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру,шапшаңдыққа, қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі:сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,логикалық жүйені сақтай отырып, өткенді жаңа тақырыппен байланыстыру,жаңа тақырыпты өзіндік жұмыспен пысықтау.
Көрнекілігі:Ә.Жүнісбектің лингвистикалық материалды деңгейлік қабылдауды ұйымдастыруға арналған дидактикалық құралының бірі «Қарлығаш әні» ертегісі,сызба жұмыстар,белгілеу жұмбағы, кесте, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру,өткен және жаңа тақырыпты байланыстыру.Өткен тақырыптар бойынша қайталауға және жаңа тақырыпты оқушыларға меңгертуге «Қарлығаш әні» ертегісі қолданылды. Онымен жүргізілген жұмыстар келесі.
Сұрақ-жауап. 
-Қандай үлкен бөлімді оқи бастадық. Ол қалай аталады?
-Оның аты – дыбыстар.
-Дыбыстар туралы не білесіңдер?
-Олар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
Бейнелеу пәнімен байланыс.Оқушыларды ертегімен таныстыру. Дауыссыздар жасалуына  я дауыстың қатысу,қатыспауына қарай. қатаң, ұяң,үнді болып бөлінетіндігін айтып,оқушылар өздері салған ертегіні суреттен көрсете отырып, мәнерлеп оқып берді.
Ертегі
Жаз мезгілі.Таң атты,
Күн шықты, әндетті.
А,ә,о,ү,ұ,ы,і
Аспан оянды, әндетті.
М,л,н,у,й,р
Бұлт шықты, әндетті
Ю,я,и,у
Тас шықты, әндетті.
Қ,к,п,т,ш,с
Осы әндерді естіп,
Қарлығаш үн қатты.
Мәнерлеп оқығаннан кейін, ертегінің мәнін нақты түсіндіру мақсатымен сұрақтар қойдым.
-Олар жіңішке дауысты дыбыстар.
-Қандай қос дауыстыларды білесіңдер?
-Бұлар бұлт дыбыстары.Өйткені, бұлт бірде бар,бірде жоқ.
-Қатаң дауыссыз дыбыстарды еске түсірейік.
-Қ,к,п,т,ш,с. 
-Неге тас дыбыстар дейміз?
3. Жаңа сабақ.
Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз-ұяң дауыссыз дыбыстарды-б,г,ғ,д,ж,з дұрыс айта білу және есте сақтау.
Ұяң дауыссыздарды атағанда, ағаш жапырақтарының сыбдырын естуге болады.Олар ағаш дыбыстар,енді ағаш дыбыстарын қосып, ертегіні айтайық.
Қатаң                   Ұяң                        Үнді
 
      қ,к,с,т,п,ш           б,д,з,г,ғ,ж              м,л,н,ң,й,р
 
1.Жаңа сабақты пысықтау
-Грамматикалық жаттығулар
-Көздерін жұмдыртып, ұяң дауыссыз дыбыстарды ойша жаздырту.Орындап болғандарға,осы дыбыстармен сөз құрастыру.
-Оқушылар құраған сөздер: Білім, дән, ғалым,гүл, заң, жаз.
-Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатымен деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.
Деңгейлік тапсырмалар:1. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Кел , балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
2. Келесі сөздердегі қатаң дауыссыздарды тауып, астын сыз.
Тіл, сабақ, мектеп,Қазақстан.
3.Мына ұяң дауыссыз дыбыстардан басталатын әріптерге екі сөзден жаз.
Б,Д,Ғ,Г,З,Ж
4. Мына дыбыстарды еркін пайдаланып ,сөз құрастыр.
Ғажап Дала Шағала Аға
 
Жаз Қала Газ                      Қап
 
6«Қыс» туралы төрт жол өлең жаз.
Оқушылардың жазған өлеңдері
Қыс мезгілі келді,
Қыстың аппақ қарлары
Балалар қатты қуанды,
Таза ауада ойнады.
Сабақтың соңында әр оқушының жинаған ұпайы есептеліп, жұмыстары бағаланды.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
Дауыссыз дыбыстар
Фонетикалық талдау
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ
Фонетика
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Дауыссыз дыбыс
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 45823 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык