Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ХІХ ғасыр әдебиеті Махамбет Өтемісұлы


ХІХ ғасыр әдебиеті Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың мақсаты1.Білімділік: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен творчествосынмен    таныстыру           
 2.Дамытушылық:  ақынның шығармашылығындағы өмір шындығын ұғындыру 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу                                     Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу  Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ  Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлы Бекетай елді мекенінде ( Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы ) 1803 жылы дүниеге келді.Жастайынан өмірінің рухани – поэтикалық шежіресі, қындық өнерге құмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. 
Махамбет – бұхара халықты патша өкіметіне , оның жергілікті өкілдері хан сұлтандарға қарсы ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Махамбет «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін аяусыз шенеп, бет-пердесін жыртса, «Мұнар күн» жырында ел басына орнаған ауыртпалықты ашына айтты. Махамбет шығармалары - өз дәуіріндегі еңбекші бұхара шаруалар қозғалысының шындық бейнесі. 1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы болма» деген ескерту жасап, босатады. Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді а
ІV. Cабақты меңгерту.
Неліктен Зар заман аталған?
Ақын өлеңдеріндегі басты идея не?
Неліктен Махамбет өлеңдерін көтеріліс айнасы дейміз?
Ереуіл атқа ер салмай мәнерлеп оқу
V. Сабақты қорытындылау.     
              Туған жылы
Туған жері
              Еңбектері
              Қайтыс болған жылы

     VІ. Үйге тапсырма беру        
Өмірі жайлы деректер жинақтап келу
Ереуіл атқа ер салмай жаттау
VІІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
1836-1838 жылдардағы Ішкі ( Бөкей) Ордадағы шаруалар көтерілісі
Махамбет Өтемісұлы
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Махамбет – күрескер ақын
Махамбет Өтемісұлы өлеңдері
Мен- құстан туған құмаймын
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Толғау
Махамбет Өтемісұлы өмір жолы, шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлы өмір жолы, шығармашылығы
1836-1838жж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2323 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык