Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мемлекеттік тіл-менің тілім


Мемлекеттік тіл-менің тілім

Мемлекеттік тіл-менің тілім

Орыс мектебінің 6-8 сыныптарына арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты интеллектуалды-лингвистикалық турнир.
Мақсаты: оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын, ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін арттыру. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу. 
Сыныптан тыс шара интербелсенді тақта арқылы жүргізіледі.
Әдісі: командалар жарысы.
1-топ «Жерұйық»
2-топ «Көкжиек»
3-топ «Ақсұңқар»
    Ойынның өту барысы:
1 Ойынның мақсатымен таныстыру.
2 Ойыцнның шартымен таныстыру
3 Ойыншылармен таныстыру
4 Әділқазылар алқасымен таныстыру
5 Жеңімпаз топты анықтау
6 Жеңімпаз топты марапаттау
   Жарыстың кезеңдері:
І Қызықты деректер
ІІ Көңіл сергіту
ІІІ Әдебиеттану
ІҮ Өлкетану
Ү Бекет  (бұл бөлімде топ басшыларына сұрақтар қойылады)
ҮІ Шешендік өнер
ҮІІ Кім көп сөз біледі?
І кезең «Қызықты деректер» Бұл кезеңде команда 20 сұраққа тез және дұрыс жауап беруге тиісті (дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)
1 Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42 әріп)
2 Алтын жұмыртқаның анасы...  (тауық)
3 «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі? (Абай)
4 Қазақ әліпбиін құрастырған кім?  (А.Байтұрсынов)
5 Күләш Байсейітова кім? (халық әртісі)
6 «Қалам» неше буынды сөз? (екі)
7 Аю баласын не дейді?  (қонжығым)
8 Қазақ тілінде неше дыбыс бар?  (37)
9 Жалғау түрлерін ата. (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
10 Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.  (етістік)
11 «Менің атым-Қожа» атты шығарманың аавторы кім? (Б.Соқпақбаев)
12 Бір аптада неше күн? (7)
13 Зат есім нені білдіреді? (заттың атын)
14 Қоян баласын не дейді?  (көжегім)
15 «Бай баласы мен жарлы баласы» кімнің әңгімесі?  (Ы.Алтынсарнин)
16 «Дос» неше буынды сөз?  (1)
17 Қазақ тілінде неше сөз табы бар?  (9)
18 Әбіхан Қастеев кім?  (суретші)
19 Бір тәулікте неше сағат бар?  (24)
20 «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің авторы кім?   (Махамбет)
 
ІІ «Көңіл сергіту»  Бұд кезеңде командалар сөзжұмбақты тез дұрыс шешуге тиисті (сөзжұмбақты бұрын және дұрыс шешкен команда бұл кезеңде жеңімпаз болып есептеледі, оларға 2 ұпай беріледі. )
1 Жылдың соңғы айы
2 Аптаның бесінші күні
3 ҚР ұлттық валютасы
4 Оңтүстік Астана
5 Қазақстан ғарыш айлағы
6 Бие сүтінің сусыны
7 Жүз жыл
8 Абайдың шешесі
9 Көктемнің бірінші айы
 
ІІІ «Әдебиеттану» Бұл кезеңде әрн команда өзі таңдаған ақыны туралы әңгімелейді, бір өлеңін жатқа айтады (кезек таңдау). 1-10 ұпаймен бағаланады.
 
ІҮ «Өлкетану»  Бұл кезеңде әбәр команда берілген бейнесуретке мағлұмат береді. (1 ұпай)
 
Ү «Бекет»  Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақтар қойылады. (2 ұпай)
1-топ «Жерұйық» 
Көп тіл білетін адамды  кім дейді?  (полиглот)
2-топ «Көкжиек» 
Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?   (түркі)
3-топ  «Ақсұңқар»
Қазақстан қандай мемлекет?  (тәуелсіз)
 
ҮІ Шешендік өнер» 
1 Бұл кезеңде мақал-мәтелдер беріледі, бірінші бағанада мақалдың жалғасы берілген. Команда мақал-мәтелді дұрыс құрастыруы тиіс. (дұрыс құрастырылған мақал-мәтелге 1 ұпай беріледі)
2 «Бүгінгі Қазақстан-менің мақтаным» тақырыбына шығарма (1-10 ұпаймен бағаланады)
1 Туған жердей жер болмас,         бірлігі күштіел озар.
2 Әкені көріп ұл өсер,                     жалқаудың жаны тәтті.
3 Еңбектің наны тәтті,                     туған елдей ел болмас.
4 Бірлігі жоқ ел тозар,                    білім-теңіз.
5 Метеп-кеме,                                  тұзы жоқ тағам.
6 Адам досымен,                             ананы көріп қыз өсер.
7 Досы жоқ адам-                            ағаш тамырымен мықты.
8 Ырыс алды-бірлік-байлық.
9 Байлық байлық емес,                   досы жоқпен сырлас.
10 Досы көппен сыйлас,                 ынтымақ.
11 Еріншекке бүгіннен                    ел ерсіз болмайды.
12 Әркімнің өз жері                        ертең оңай.
13 Бірлік бар жерде                        оттан да ыстық.
14 Отан                                              жұмақ.
15 Жер гүлсіз болмайды,              тірлік бар.
 
ҮІІ «Кім көп сөз біледі?»  Бұл кезеңде әрбір команда берілген уақыт аралығында (1 минут) берілген сөзден бірнеше сөз құрастырады. (көп сөз құрастырған команда бұл кезеңде жеңімпаз болып есептеледі, оларға 2 ұпай беріледі) Берілетін сөздер: 1-топқа-«Тәуелсіздігіміз», 2-топқа-«Отанымыз», 3-топқа-Қазақстаным.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
Тіл сайысы
Менің Отаным –Қазақстан
Зерде.
Жүзден жүйрік білімпаздар сайысы
Тіл талапкері атты сыныптан тыс жұмыс
Мен және менің тілім
Алтын қақпа
Интелектуалдық ойын-2015
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2154 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык