Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы


Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы

Сабақтың тақырыбы Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы

Сабақтың мақсаты :
                               а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
                                ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.
                            б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,баяндау
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих
Сабақтың барысы : 
                                               а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                               ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
1.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?       2.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
3.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не?        4. Мәтін дегеніміз не?
                                           б)   Жаңа сабақты түсіндіру :
                           Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.Сыртқы формасы жағынан,яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.
   Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді.көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан,мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да,кейде бір сөз тобына,әр басқа сөз табына да қатысты болып,дараланып тұрады. Мысалы : Қара : 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз ; 2) тақтаға қара – қимыл-әрекетті білдіретін етістік.
   Айт : 1) айт болды – діни мейрам ; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу ; 3) айт-итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз..
    Тілімізде көптеген омонтмдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған.Түбір сөзге жұрнақтар қосылу арқылы нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді.
    Мысалы : Арық : 1) зат-су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Ол егінін арықтан суарады екен;
2) сын – семіз емес,еті қашқан,жүдеу.Арық құп-қу балалардың беттерінде аштық табы бар.
Жаң сабақты түсіндіргеннен кейін,жаттығумен жұмыс жүргіземін.
Білімді бекіту : 1.Омонимдер дегеніміз не?            2.Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылығы бар:     3.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 70 – жаттығудағы айт,жөн,ен,бөле сөздерді омоним болатындай бірнеше сөйлем құрап жазуға беремін.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Омонимдер.
Омонимдер
Омонимдер
Синонимдер
Антоним, синоним, омоним
Синонимдер
Синонимнің жасалу жолдары
Синонимдік сөздікпен жұмыс
Лексикадан өткенді қайталау
Сөздікпен жұмыс
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 40986 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык