Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қонақ күту ережелері Зат есімдер


Қонақ күту ережелері Зат есімдер

Қонақ күту ережелері Зат есімдер

Апта 5

Күні    30.09.2014ж.  

Қазақ тілі       10 «А» сыныбы

 Мұғалім

Казенова Айнагүл Нұрланқызы

Сабақтың тақырыбы

Қонақ күту ережелері Зат есімдер

Жалпы мақсаты

 

Оқушыларды қонақ күту рәсімімен таныстырып, өмірде қолдана білуге баулу. Зат есім туралы білетіндерін толықтыра түсу. Оқушыларды қонақжайлылыққа, бір-біріне деген сыйластық сезіміне тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

 

  1. Өз бетімен білім алады, ізденеді.
  2. Сыни ойлауға төселеді.
  3. Өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

 Сабақ түрі

Жаңа білімді игеруге арналған сабақ

Тапсырмалар

 

 

 

  1. Білім (жаңа сабақ, мәтінмен жұмыс)
  2. Түсіну ( «Сұрақты ұстап ал» әдісі)
  3. Қолдану (ереже, тірек сызба, сәйкестендіру)
  4. Талдау (топтық жұмыс,сипаттау, кесте толтыру)
  5. Топтау («Сөйлемдердің сыңарын тап!» әдісі)

Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Керекті жабдықтар

 

Оқулық,  мәтін жазылған қағаздар, мақал-мәтелдер, жағдаяттық сұрақтар, бағалау критерийлері, жоба жасаудың кезеңдері.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

(10 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың көңіл-күйін, сабаққа белсенділігін арттыру үшін, бәріміз бір-бірімізге жылы тілектер айтамыз.

Бүгінгі сабағымызда қай отбасына қонаққа баратынымызды өздеріңіз таңдаңыздар.

  1. Жұмыс ережесімен танысып, күтілетін нәтижені анықтау.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 10-тапсырма, тест сұрақтарын дайындау.

«Сұрақты ұстап ал» әдісі.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

 

Оқушылар өздерңнің қалаулары бойынша           4  отбасына бөлінеді.

Топ ережелерін естеріне түсіреді:

*Ойымызды ашық айтамыз;

*Бір-бірімізді тыңдаймыз;

* «Қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;

*Бір-бірлеп сөйлейміз;

*Тақырып бойынша сөйлейміз;

*Бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;

*Өзгелердің сезімін сыйлаймыз.

«Сұрақты ұстап ал» әдісі. Оқушылар диалогқа түседі, ұстаған сұрақтарға жауап береді.

Тұсаукесер

(15мин)

Білім. Жаңа сабаққа кіріспе.

Аспект: мәтінмен жұмыс жасау барысында негізгісін сұрыптау, оқушылардың ойлау әрекеттерін арттыру. 
Ынталандыру: тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындасаңыз, қазақ халқының қонақ күту рәсімімен таныса аласыз. 

Түсіну.

Мәтін бойынша дәптерлеріне сұрақтар дайындап, жауаптарын жазу.

 Оқушылар топта дайындалған мәтінді оқып, аударып, бір-біріне түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

Әр топ мүшелері мәтін бойынша сұрақтар дайындап, дәптерлеріне жауаптарымен жазып алып, қарсы топтармен сұрақ-жауап алмасады.

Негізгі бөлім

(15 мин)

 

 

 

Қолдану.

Берілген мәтіннен зат есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасау.

Жауапкершілік – не? Зат есім, дара, туынды, жалпы, дерексіз, түбірі-жауап, -кер, -ші, -лік –сөз тудырушы жұрнақтар.

Бірін-бірі тексеру, бағалау.

Оқушылар алдарындағы мәтіндерінен зат есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасайды.

 

Оқушылар әдемі, қатесіз жазып, бір-бірінің жұмысын тексеріп бағалайды.

Қорытын-

ды

(5мин)

 

 

Талдау. Қонақжайлылық туралы мақал-мәтелдерді оқу, талдау.

Қонақ қойдан жуас...

Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.

Топтау. Жағдаяттық сұрақтарға жауап бер.

  1. Сен анаңның рұқсатынсыз үйге қонақ әкелдің. Анаң дастарқан жасаудан қысылып, саған сөйледі. Анаңа не дейсің?
  2. Отбасыңа қонақ көп келеді. Оған қарындасың ашуланады. Қарындасыңа не дейсің?

Рефлексия. Сабақтан алған әсерің...

Үй тапсырмасы: Жаңа үлгідегі ұлттық дәмхананың жобасын ұсыныңдар.(шығармашылық , топтық жұмыс) 
«Сенің болашақ дәмханаң» 

Бағалау. Оқушылардың өзін-өзі бағалаулары тыңдалады.

Мұғалім бағалайды.

Оқушылар берілген мақал-мәтелдердің мағыналарын ашуға тырысады.

3.Үйге келген қонақ үй иесі болмағасын есік алдында тұрып қалды. Сен мұндай жағдайда не істейсің?

4.Отбасыңа өнерлі кісі келді. Ол домбыра, гитара, баян аспаптарында шебер ойнайды. Сен қандай аспапты тартқызар едің?

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып қалдырып кетеді.

 

Оқушылар жоба жасаудың кезеңдерін мұғалімнен алып, үй тапсырмасын түсініп алады.

 

 

Оқушылар берілген бағалау критерийлері негізінде өздерін бағалайды.

Сабақтың өзіндік талдауы

Жоба жасаудың кезеңдері: 

1.Газет-журналдардан, теледидардан дәмхана дастарқанының сәні жөнінде материалдар қараңдар; 
2.Интернеттегі «кухня ТV» сайтынан, Қазақстанның 31 телеарнасынан «Дәмді және тез» бағдарламасын пайдаланыңдар; 
3.Дәмханадағы дастархан мәзірін дайындаңдар; 
4.Дәмханадағы жиһаздардың орналасуын көрсетіңдер, айтыңдар. 
5.Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңдар: оң жақта, сол жақта, ортада, ортасында; 
6.Жоба нәтижесі бойынша баяндама жасаңдар; 
7.Жобаны слайд арқылы таныстырыңдар. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаз деген... сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып
Қожанасыр мен ашқарақ
Қонақ үйде
Қазақ пен қонақ
Қонақ Біріккен сөздер
Отбасы дастарханы
Мұғалім ол біздің. Сөйлем түрлерін қайталау
Қонақ келгенде
Халқым менің қонақжай
толқындар
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3603 | Қосты: Казенова Айнагүл Нұрланқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык