Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қос сөздер. Қайталама қос сөздер


Қос сөздер. Қайталама қос сөздер

Қос сөздер. Қайталама қос сөздер

Лексикалық: «Қазақтың ұлттық ойындары»     
ІІ. Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның ішіндегі қайталама қос сөздердің  жасалу жолдары мен ерекшеліктерін жетік меңгерту,қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру
Дамытушылық: оқушылардың күрделі сөздер туралы алған білімдерін , есте сақтау, көру жадыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденушілік, шапшаң ойлаушылық  қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:  оқушыларды сыйластыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,Ұлттық нышандарды дәріптеуге тәрбиелеу, бірін-бірі бағалай білуге үйрету..
ІІІ Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, бәйтерек, қима қағаздар, ақтық.
ІҮ Сабақтың түрі: ойын сабақ, жаңа сабақты меңгерту
Ү Сабақтың әдістері: деңгейлеп оқыту, семантикалық картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылықпен айналысу.
ҮІ Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, сабақтың өту барысымен таныстыру. Топ басшыларының ізгі ниеттерін айтқызу.
2. Үй тапсырмасы: «Аударыспақ» ойыны
1.Дара сөз, күрделі сөз деген не?
2.Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді?
3.Күрделі сөздерді ата.
4.Біріккен сөздер деген не? 
5.Кіріккен сөз дегеніміз не?
6.Аң – құс,  жәндік,  өсімдік атауларына мысалдар келтір: 
7.Географиялық атауларға мысалдар келтір.
8. Кісі  аттарына мысалдар келтір. 
9.Дене мүшелері атауларына мысалдар келтір.
10. Ойын атауларына мысалдар келтір. 
11.Ән-күй, өлең аттарына мысалдар келтір.
12. Мезгіл атауларына мысал келтір.
13.Қоғамдық өмірге тұрмысқа байланысты атаулар.
14.Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар 
2.Үй тапсырмасын қорытындылау: «Ақсүйек» ойыны. Семантикалық карта:
№ Мысалдар Қысқарған сөз Біріккен сөз Қос сөз Тіркескен сөз 
1 Бүгін +
2 БҰҰ +
3 Қара көк +
4 Әке-шеше +
 
3.Жаңа сабақ: «Асық» ойыны: 
Ережені оқытып, тақтада түсіндірту
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып
айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады. 
Қос сөздің түрлерін түсіндірту:
 
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып
айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады. 
Жасалу жолдары:
 Көре – көре көсем боласың,
Сөйлей – сөйлей шешен боласың
1.Түбірдің түгелдей қайталануы арқылы жасалады.
 
 Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті
2.Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары 
қосымшасыз бір түбірдің қайталануы 
 
Барар –бармасымды Құртқа біледі. 
3.Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып 
қайталануы арқылы жасалады. 
Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты  азықтарды ала келіпті.
4.Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу
 мәнінде жұмсалуы арқылы жасалады. 
Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп
Үрейді ұшырды.
5.Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық
 өзгерістерге ұшырап жасалуы. 
 Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр.
6.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы 
3. Жаттығу жұмыстарын орындау:  «Алтыбақан» ойыны
88-жаттығу
Берілген сөздерден сөйлем құрап, қос сөздердің қалай жасалғанын айт.
Дүркін-дүркін, қолма-қол, көзбе-көз, жалт-жұлт, өзінен-өзі,  қараптан-қарап, жымың-жымың, қараң-қараң, мөлт-мөлт, тарс-тарс. 
Айтыс
89-жаттығу
Суретке қарап, әңгіме құра 
«Тақия тастамақ» ойыны:
Бір оқушы қос сөздің бір сыңарын айтады, екіншісі жалғасын тауып, қалай жасалғанын айту керек.
«Соқыртеке» тақтадан көрген сөздерді қайталап айту:
Алыс-жақын, үп- үлкен, түйе-мүйе, аузы-аузына, ат-мат, алпамсадай-алпамсадай, Екібастұз, Катонқарағай, сары май, имек-имек,  барар-бармасымды,үйдей-үйдей, ата-ана.
 
«Палуандар күресі» деңгейлік тапсырмаларды орындау:
Қызыл- сөйлем мүшесіне талдау
Сары-  дыбыстық талдау жасау
Көк- түбір мен қосымшасын ажырату
ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау: «Саялы бәйтерек аясында»
Қос сөз дегеніміз не?
Қос сөздер нешеге бөлінеді
Қайталама қос сөз деген не?
«Тау-тау»  қалай жасалған?
«жүзбе-жүз» қалай жасалған?
«Орынды –орынсыз» қалай жасалған?
«Ет-мет» қалай жасалған?
«Жалт-жұлт» қалай жасалған?
«Қып-қызыл» қалай жасалған?
Біріккен сөз дегеніміз не?
Елтаңбаның авторы кім?
Тудың авторы кім?
Әнұранның авторлары кімдер?
ІХ Үй тапсырмасы: жасалу жолдарын жаттау, 91- жаттығу
Х Бағалау:
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қосарлама қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Қос сөздер
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер
Сөзжасам
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер
Қосарлама қос сөздер
Сөздердің түрлері
Қосарлама қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 17984 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык