Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » СӨЗ – МЕРГЕН

6-06-2014, 13:51
СӨЗ – МЕРГЕН
загрузка...

Тақырыбы: СӨЗ – МЕРГЕН

Мақсаты: Балалардың ойын дамытып, ана тіліндегі сөйлеу шеберлігін арттырып, сөздік қорын және тіл байлығын молайту, ана тілінің қадір-қасиетін бағалау, оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім-білік дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер
Барысы:
І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»
Бұл кезеңде 9 тапсырма орындалады.
Бірінші бағанда көрсетілген төрт мағыналы сөздердің екінші бағандағы жалғас сөзге қатысын тауып, тұрақты сөз тіркесін құрап мағынасын түсіндіру
Саусақ қарыс
1.Азуы алты қарыс  - қаһарлы
2.Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау
3.Жүрегінің түгі бар – батыр
4.Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау
5.Көзі алақандай болу – қорқу
6.Қой аузынан шөп алмас – момын
7.Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдау
8.Қан жалау – таяқ жеу
9.Қалпақтай ұшу – құлап түсу
Ұпайы ең төмен қатысушы сыйлықпен марапатталып, ойынмен қоштасады және өзі қалаған бір сөзді айтады. Сол сөзге көрермендер тұрақты тіркес ойлап айтады. Ұйымдастырушы тарапынан берілетін сыйлықты көрермендердің арасынан белсендісіне ұсыну құқығына ие болады.
ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Бұл кезеңде 7 тапсырма орындалады.
Кестеде мағыналы төрт сөз берілген, жалғас сөз арқылы мақал-мәтел құрастыру
1.Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады
2.Еменнің иілгені -  сынғаны,
Жігіттің екі сөйлегені – өлгені. 
3.Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
4.Жері байдың – елі бай.
5.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
6.Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.
7.Анасын танымаған, Алласын танымас
Ұпайы ең төмен қатысушы сыйлықпен марапатталып ойынмен қоштасады және өзі қалаған бір сөзді айтады. сол сөзге көрермендер мақал-мәтел ойлап айтады. Ұйымдастырушы тарапынан берілетін сыйлықты көрермендердің арасынан белсендісіне ұсыну құқығына ие болады.
ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»
Бұл кезеңде 3 тапсырма орындалады.
Кестеде мағыналы төрт сөз берілген, жалғас сөз арқылы көнерген сөздің мағынасын ашу
Қағұт –тарыдан істелетін тағам түрі
Қылует – жер асты мешіті деген мағынаны білдіреді
Жаппа — көші-қонда пайдаланатын уақытша баспана.
Қорытынды. Қорытындысын шығарып, жеңімпазға «СӨЗ – МЕРГЕН» дипломы және сыйлықтар табысталады.
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөз- мерген
Сөз мерген сайысы
Тұрақты сөз тіркестері
Тұрақты сөз тіркестер. Синоним. Антоним
Тұрақты тіркес
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Көру диктанты
«Мақал мен мәтел», «Нақыл сөз» тақырыптары бойынша
Тұрақты тіркестер
Көп мағыналы сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1420 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар