Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы


Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Мақсаты:
 * Оқушылардың  сөз және оның құрамы туралы түсініктерін қайталай отырып нығайту.Сөздерді сөз құрамына дұрыс талдауға, жұрнақ және жалғау қосымшаларын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру.Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру;.
* Оқушылардың  сөздік қорын, ой-өрісін, тілін дамыту. есте сақтау , түбір мен қосымшаны айыра білу дағдыларын дамыту. Оқушының білім сапасын арттыру мақсатында  әртүрлі  тапсырмалар орындату. (топпен, жұппен, жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, МШ оқушылармен жұмыс-тапсырмалар)
*Оқушыларды  дұрыс оқып,сауатты , көркем жаза білуге, еркін сөйлеуге  тәрбиелеу. Әр түрлі тапсырмалар мен ойын жаттығулары арқылы оқушылардың  құзыреттілігін, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды мәдениетті қарым-қатынасқа, әдептілікке тәрбиелеу. 
Қыс мезгілінің қызығын ойындар мен тапсырмалар арқылы сезіне білу.   Сабақтың әдісі: СТО технологиясының кейбір элементтері, «Жұп болып оқу», «Еркін жазу» , «Венн диаграмма», «Топтастыру» стратегиялары. «Ішіне – сыртына» стратегиясы, 101 оқыту техникасынан өрмекші сызбасы, 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд), үлестірмелі қағаздар,суреттер, кестелер ..т.б
Сабақтың түрі: заманауи , аралас сабақ
Сабақтың типі: алған білімдерін нығайта түсу.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу,әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка.
   Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру 
2. Психологиялық дайындық .
Достық шеңбері. «Қар атысу» ойыны арқылы қыс мезгілінің ерекшелігіне тоқталу.
3. Өткен сабаққа шолу.
4. Ой қозғау.
1) Ертегі тыңдау арқылы осы ертегі арқылы Сөз құрамын қайталаймыз.
- Ерте, ерте, ертеде бір Түбір деген шалдың Қосымша деген баласы болыпты. Қосымшаның соңынан ерген екі ұлы болыпты. Олардың біреуі – Жұрнақ, ал екіншісінің аты – Жалғау екен. Жалғау жүрген жерінде сөзбен сөзді байланыстырса, Жұрнақ болса, жүрген жерінде жаңа сөздер жасап жүреді екен.
2)- Балалар, осы ертегіден түсінгеніміз бойынша «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша ережелерді ауызша қайталап өтейік .
- Түбiр сөз дегенiмiз не?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
 Көркем жазу.
Бүгінгі күнді және үлгі бойынша жазу. (топпен жұмыс істейтінімізді, фишкалар арқылы бағалау .  
1)Жұппен жұмыс.
Суреттер   таңдалып алынады. Топтағы оқушылар екі-екіден жұптасады да, «Жұп болып оқу, жұп болып талқылау» стратегиясы бойынша жұмыс істейді.
Аққаланың жазған сөздерін  жұппен оқып талқылап, «Ішіне – сыртына» стратегиясы бойынша  бөліп жаз.
 
Қыс, қарлы, боранды, аяз, аққала, сырғанақ.
Ішіне      сыртына
түбір сөз қосымшалы сөз
---------   --------------
---------   --------------
---------   --------------
2)Топпен жұмыс.
Топтық тапсырма Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі.
І топ. Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.
Қонақ ----- (-ы,-і)  ----------------------
әділдік ----- (-ы,-і)  -----------------------
денсаулық -----(-ы,-і)  -----------------------
жиек -----(-ы,-і)  -----------------------
ІІ топ. Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.
Оқу, кітап, өнер
---------------------
----------------------
-----------------------
ІІІ топ. Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
Түбір + жұрнақ
Түбір +жұрнақ + жалғау
 
 
Әр топ басшысы қорытынды жасайды.
 
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.(11бет 2-жаттығу)
3)«Еркін жазу немесе өзім үшін жазу» стратегиясын пайдаланып, 
2-жаттығудағы сөйлемдерді көркем, сауатты  көшіріп жазу. Сөз құрамына талдау. (әр топ 2 сөйлемнен көшіріп жазып, сөз құрамына талдайды.)
4) Жеке жұмыс. (деңгейлік тапсырмалар)
1-деңгей .Шығармашылық тапсырма.  « Мен қандаймын?»
 (дарынды оқушылармен жұмыс)
Сабақтан мен   .....................
Жаман бала       ...........................
Жақсылармен   ...........................
Айтқан серттен  ........................
Үлкендерді      ...................
Айтқандарын  ..........................
Көмектесем     .......................
Көріңдер, мен    ..................
2-деңгей. Тиісті сөздерді орнына қой.
                                     №1
Еңбексүйгіш............,
Ерте шығып............. .          (құмырсқа,   жұмысқа)
Жазда астық...........,
Толтырады ас.......... .                  (тасиды, үйді)
Қыстай тыныш........,
Рақатқа............. .                         (жатады, батады)
 
3-деңгей. Сәйкестестендіру тестін пайдалану
Сый                   -гіш
Жұмыс              -лі
Біл                    -шы
өнер                  -қыш
ұш                     -лық
 
 
Сергіту сәті. 
Сабақты қорытындылау.
«Венн диаграмма», «Кластер» , «Өрмекші сызбасы» стратегияларын қолдану арқылы сабақты қорытындылау.
Венн диаграмма жасау.
               Сөз құрамы
жұрнақ        ортақ          жалғау
«Өрмекші» сызбасы арқылы тұрлаулы мүшелердің   анықтамасын ұсыну.
 
Үйге тапсырма: 12бет. 5-жаттығу. (сабақта басталған ертегіні ары қарай өз ойларымен жалғастырып, аяқтап келу)
Бағалау: Фишкалар және бағалау парағы арқылы сабақты бағалау.
Түсінік хат.
        Бұл сабақ –бастауыш сыныптар апталығында өткізілген ашық сабақ. Бастауыш сыныптың қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған мемлекеттік оқу бағдарламасына сай ашық сабақ күнтізбелік жоспар бойынша  өткізілді.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Түбір мен қосымшаның жазылуы. ( к, қ, п )
Түбір мен қосымша
Жалғау
Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы
Қосымша түрлері. Жұрнақ
Түбір сөз және туынды сөз
Сөз құрамы туралы берілген білімді еске түсіру
Түбірлес сөздер
Жұрнақ пен жалғау
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 15554 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык