Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыйлық берілетін қуаныштар


Сыйлық берілетін қуаныштар

Сабақтың тақырыбы: Сыйлық берілетін қуаныштар

Сабақтың мақсаты: • Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын мысалдар келтіріп түсіндіру.
• Тұйық етістік мен оның септелуін,тәуелденуін тапсырмалар орындау барысында пысықтап,еске түсіру.
• Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру.
• Топпен жұмыс жасау барысында топтық ереже шығарту ,топпен бірлесе жұмыс жасау,пікірлерімен санасуды дағдыландыру.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар сабақтан соң:
• Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын меңгереді.
• Тұйық етістіктің жасалуын тапсырмалар арқылы еске түсіреді,біледі.
• Сыни ойлау дағдысы жетіледі.
• Топпен жұмыс жасай алады, топтық ереже шығарады.
• Өз ойын еркін жеткізеді,дәлелдейді.
Түйінді идеялар: Лепті сөйлем дегеніміз сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.Сөйлем соңында леп белгісі қойылады.Мысалы: Мерекеңмен құттықтаймын!
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1. одағай сөздер арқылы: қап,әттеген-ай,т.б.
2. күшейткіш мәнді сөздер арқылы: недеген, не еткен,қандай,шіркін,т.б.
3. демеулік шылаулар арқылы: -ау,-ақ,-ай, т.б.
4. интонация арқылы: Сені ме ,бәлем!
Дереккөздер: Интерактив тақта,плакаттар,стикерлер,маркерлер, суреттер.
Сабақтың әдісі: Блум  таксономиясы бойынша сабақ жоспары әзірленді.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин. Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді.
Рефлексия
3 мин. Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру:
1. Біріккен сөз деген не? Мысал келтір.
2. Кіріккен сөз деген не? Мысал келтір.
3. Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір. Жауап беріп,өз пікірлерін айтады.
Топқа бөлу 2 мин. Кәмпиттің 4 түрін балаларға шашу әдісі арқылы топқа бөлемін. Кәмпиттің түріне қарай оқушылар топ болып бірігеді.
Топтық ереже 2 мин. Тақтаға плакат  ілемін. Оқушылар сол палакатқа топта сақтау қажет ережелерді тақтаға шығып жазады.
 
Білу
3 мин. Интерактив тақтада лепті сөйлемдер беріледі. 
1. Бүгін ауа райы қандай тамаша!
 
2. Қап, кеше оған баруым керек еді!
3. Шіркін-ай, бізде сол жерге барсақ қой.
4. Ай,бала бері келсей!
5. Қазір,әкең келсін бәрін айтам! Оқушылар сол сөйлемдерді кезекпен оқып,қандай эмоциямен оқылатынын түсіндіреді. Лепті сөйлем тақы-
рыбын оқушылар өздері ашады. 
3 мин. Интерактив тақтада  лепті сөйлемнің жасалуын,
тыныс белгісін тірек сызба арқылы білімдерін толықтырамын.
  Оқушылар зейін қойып тыңдайды,жазып алады.
   Қолдану
10 мин. 1-тапсырма.    а)Сөйлемдердегі етістіктерді теріп жазып,олардан  тұйық етістік жасау. 
б) Сұраққа жауап беру:
 Қалай ойлайсыңдар, жоғарыда аталған жақсы сәттерде қонақтар қандай сыйлықтар әкеледі? а) Әр топ жеке-жеке орындайды, оқиды.
б) Топ болып плакаттарға презентация жасайды,қорғайды.
Сергіту сәті 2 мин. Интернеттен «Кірпі биі» туралы видеоролик арқылы оқушыларды билетіп көңіл-күйлерін көтеру. Оқушылар экранға қарап билейді.
    Талдау
8 мин. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. 1-топ: III деңгей тапсырмалары
2-топ: II деңгей тапсырмалары
3-топ: I деңгей тапсырмалары
Жинақтау
 
(АКТ) 4 мин. Топтастыру стратегиясын қолданамын. Оқушылар интерактив тақтада лепті сөйлемнің жасалуына қарай топтастыру стратегиясын толтырады. 
 
   Бағалау 3 мин. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» оқушылар өзін-өзі бағалайды. Стикерлер таратылып беріледі. Тақта- да ақ плакат ілулі тұрады. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады. 
Оқушылар өз-өзін бағалайды.
Үйге тапсырма 2 мин. 3-тапсырма, 32 бет.
Сөйлемдерді көшіріп, тұйық етістіктердің астын сызу. Күнделікке жазып алады.
Барлығы: 45 мин.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Лепті сөйлем
Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
Мұғалім ол біздің. Сөйлем түрлерін қайталау
Лепті сөйлем
Компьютер. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері тақырыбы бойынша
Сөйлем және оның түрлері
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4942 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
маған ұнады.қалай көшіріп алса болады ма?
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык