Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жай сөйлемнің түрлерін қайталау


Жай сөйлемнің түрлерін қайталау

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлерін қайталау

Сабақтың ақсаты:

а) Білімділік мақсаты:

Жай сөйлемдердің түрлерінен алған білімдерін пысықтау, қорыту.               Жай сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету;

ә) Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

б) Тәрбиелік мақсаты:

Ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұлттық тәлім-тәрбие алуға, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: кубизм әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тест, жаттығу, талдау, графикалық сынақ.

Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, кубик, тест парақшалары, бағалау парағы, үміт талы, графикалық сызба.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Сыныпты үш топқа бөлу. Топ басшыларына бағалау парақтарын тарату. (Бағалау парағына жауап берген оқушыларды белгілеп отыру  керек)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма тест әдісі арқылы сұралады. Оқушыларға 7 сұрақтан тұратын жеке-жеке тест парақшалары таратылып, 5 минут уақыт беріледі. Нәтижесі топ басшыларының көмегімен тексеріледі.

І нұсқа

1. Жалаң сөйлемді көрсет.

А) Адақ еш уақытта мұндай қуанған емес.

В) Қартқожа сөйлеп тұр.

С) Жоғары қарады.

Д) Ауылға көз салды.

Е) Түн. Дала жым-жырт.

2. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

А) Жалаң сөйлем                           В) Жайылма сөйлем            С) Жақты сөйлем                         Д) Жақсыз сөйлем                        Е) Толымды сөйлем

3. Жақсыз сөйлемді көрсет.

А) Сабақтан кешігуге болмайды.

В) Баяу ескен қоңыр жел.

С) Туған жерге туың тік.

Д) Оның елі – дүйім қазақ.

Е) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.

4. Толымды сөйлемді көрсетіңіз.

А) Өзеннен балық аулаймыз.

В) – Қайда барасыз?

С) – Бүгін кездесуге барасыз ба?

Д) Абай Ділдамен оңаша қоштасты.

Е) Жеті жұрттың тілін біл.

5. Жалаң сөйлемді белгіле.

А) Қалың қар.                        В) Қар жауды.               С) Бүгін жауды.                    Д) Қар қалың жауды.                    Е) Қарлы боран.

 

6. Атаулы сөйлем қандай сөз табынан екенін көрсетіңіз.

    Түн. Аспан. Бұлт.

А) Есімдік                                          В) Етістік                                С) Сын есім                                   

Д) Зат есім                                       Е) Есімше

7. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Ағасы бардың жағасы бар.

В) Таң мезгілі.

С) Су жылы екен.

Д) Ел іші - өнер кеніші.

Е) Киімін жинастырды.

ІІ нұсқа

1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А) -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғалы қалау райлы етістік

В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар.

С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі.

Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел» көмекші етістіктерінің тіркесуі.

2. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Менің бұл сөзге қосылғым келмеді.

В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

С) Қандай ғажап!

Д) Қалың қар жауды.

Е) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.

 

3. Толымсыз сөйлем қандай жағдайда жиі қолданылады?

А) Төлеу сөзде                                        В) Құрмалас сөйлемде

С) Сөйлем мүшелері түгел қатысып, ой толық айтылғанда

Д) Салалас сөйлемдерде                     Е) Диалог жағдайында

 

4. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай  сөйлемнің түрі қалай аталады?

А) Жақты сөйлем                     В) Жақсыз сөйлем                С) Толымды сөйлем

Д) Жайылма  сөйлем               Е) Атаулы сөйлем

 

5. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.

А) Едіге ұзақ жол жүрді.                           В) Алыстан мұнар тау көрінеді.

С) Жаңбыр сіркіреп тұр.                           Д) Таспен ұрғанды аспен ұр.

Е) Ол бүгін сабаққа бармады.

 

6. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Бүгін күн ашық.

В) Ол сабаққа кешігіп келді.

С)  - Қашан келдіңіз?

Д) Сәуірдің бас кезі.

Е) Оған жақсы оқу керек.

 

7. Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі қалай аталады?

А) Жақты сөйлем                 В) Атаулы сөйлем                  С) Жалаң сөйлем

Д) Жайылма сөйлем             Е) Толымсыз сөйлем

 

ІІІ.Жай сөйлемнің түрлерін қайтлауға арналған деңгейлік тапсырмалар.

 

І деңгей. «Кубизм» әдісі. Ортаға кубик тасталады. Оның алты қырына сұрақтар жасырылған. 3 топтан оқушылар кезекпен шығып сұрақтарға жауап береді. Сұраққа жауап берген топқа үлестірме белгі беріледі. Әр топтың басшысы үлестірме белгіні жинап отырады.

1. Толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не? Олар қандай жағдйда қолданылады?

Жайылма сөйлем қалай жасалады?

2. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

Жалаң сөйлем дегеніміз не?

3. Жақты сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жатады?

Абай Ділдамен оңаша қоштасты.

4. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарын айтып бер.

Құрылысына қарай жай сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?

5. Атаулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

Айтылу мақсатына қарай жай сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?

6. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қандай түріне жатады?

Жаз. Қайнаған күн. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.

Толымсыз сөйлем қандай жағдайда жиі қолданылады?

 

ІІ деңгей. Семантикалық карта. Тақтаға семантикалық карта ілінеді. 3 топтан оқушылар кезекпен шығып жай сөйлемнің қай түріне жататынын  белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысалдар

Жақты сөйлем

Жақсыз сөйлем

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Толымды сөйлем

Толымсыз сөйлем

Атаулы сөйлем

1

Маған сабақтан қалуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Көлдің биік қабағы.

 

 

 

 

 

 

 

2

Қайта-қайта келе берді.

 

 

 

 

 

 

 

3

Бізге көбірек оқу керек.

 

 

 

 

 

 

 

4

Сырдың суы ышқынып ағады.

 

 

 

 

 

 

 

5

Беті дуылдап кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Есік жақта киім ілгіш.

 

 

 

 

 

 

 

6

Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

7

Орман іші тыныш еді.

 

 

 

 

 

 

 

8

Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді.

 

 

 

 

 

 

 

9

Масылдық мінезден арылу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

10

Көптен күткен істің сәті түсе қалды.

 

 

 

 

 

 

 

11

- Қайдан келесің?

 

 

 

 

 

 

 

12

Мезгілсіз шақырған қораздың басын жұлмақ керек.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ деңгей. Оқулықпен жұмыс.

87-жаттығу. Жазбаша. Мәтіндегі жай сөйлемнің түрлерін анықтау, синтаксистік талдау жасау.

89-жаттығу. Жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлемнің түрлерімен айтып шығу.

ІV деңгей. «Графикалық сынақ». Жай сөйлемнің әр түрінен сөйлемдер оқылады. Оқушы сөйлемнің қай түріне жататынын тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі сөйлемнің түрлерімен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек. Қай топтың бірінші әрі дұрыс график сызғаны анықталады.

  1. Қарлығаштар тағы (қайда?) келді. (Толымсыз сөйлем)
  2. Абайдың ұғына түскісі келді. (Жақсыз сөйлем)
  3. - Қайдан келдің? – Астанадан (Толымсыз сөйлем)
  4. Алтын кездік қап түбінде жатпайды. (Жақты сөйлем)
  5. Қара бұйра жер. Көк торғын аспан. (Атаулы сөйлем)
  6. Біздің ашық сөйлесуіміз керек. (Жақсыз сөйлем)
  7. Ол шиті мылтықпен киік атып әкелді. (Толымды сөйлем)

ІV. Сабақты қорыту. «Үміт талы»

Тақтаға плакатка салынған талдың суреті ілінеді. Сабақты қорыта келе, оқушылар таратылған жапырақтарға өздерінің арман-тілектерін жай сөйлемнің түрлерімен жазып, үміт талына іледі.

V. Оқушыларды бағалау. Топ басшыларынан бағалау парақтарын жинап алып, тест қорытындысымен қоса отырып, бағалау. Әр топтың жинаған үлестірмелі белгілерін санап, жеңімпаз топты анықтау.

VІ. Үй тапсырмасын беру. Жай сөйлемнің түрлеріне 5 мақал-мәтел жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру.
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жақсыз сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Толымды және толымсыз сөйлем
Атаулы сөйлем
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері тақырыбы бойынша
Толымды және толымсыз сөйлемдер
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 15720 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык