Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Көңілді көктем»


«Көңілді көктем»

«Көңілді көктем» 

Тақырыбы: «Көңілді көктем»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, берілген сұрақт арға шапшаң, әрі дұрыс жауап бере білуге, дүниетанымын кеңейтуге, жұмбақтар шешу, сандарды білуге баулу. Әдептілікке, сыйластыққа, өзгенің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, математикалық пішіндер, слайдтар.
Оқу іс – әрекетінің барысы:
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, келген қонақтармен амандасу.
Балалар бүгін сендерге қонаққа « Көктем» келеді. Алдымыздан кездескен кедергілерді жеңуге тура келеді. Олай болса балалар кім бізге табиғат туралы тақпақ айтып береді.
1 - бала Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
2 - бала Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Балалар, қазір көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жақтан құстар ұшып келді. Енді мына кішкене құс арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында ойыншық торғайды ұсынып бір - бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін айтады. Құстың бізге берер тапсырмасы бар екен. Қане орындап көрелік.
Суретте қандай математикалық фигуралар бейнеленген? Балалар міне біз бір кедергіден өттік. (құстар дауысы ). Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
Балалар мен балабақшаға келе жатып қоянды көрдім, ол да балабақшаға келе жатыр екен.
Қоянның тапсырмасы: қызанақ, алмұрт, сәбіз, банан суреттері көрсетіледі. 
Балалар атын табулары керек. Түсі мен көлемі қандай? Балалар жауап береді. Жарайсыңдар! Балалар бізге қонаққа кім келгенін қараңдар. Аю туралы өз білетіндерін айтады. Аюдың тапсырмасы: Сандарды атап, адасқан балаларын тауып беріңдер.
Санамақ. Бір – білім ал,
Екі – ерлік көрсет,
Үш - үлгі тұт,
Төрт - тәртіп керек.
Тәрбиеші: Осы 4 саны туралы не білеміз?
Төрт маусым: Көктем, жаз, күз, қыс.
Сендер көп біледі екенсіңдер, қане менің тапсырмамды шешіп көріңдер, сендердің ойлау қабілеттеріңді тексеріп көру.
Ұйқасын тап.(жұмбақтар )
Өзінше ноян
Қорқақ кім.........(қоян)
Айбат шегер алыстан
Аң патшасы...............(арыстан )
Суретте қандай аңның бейнесін көріп тұрсыңдар? Менің тапсырмам қиындау. Бақтарыңды сынаңдар. Суреттегі аңдар мен
құстарды атап, кім қайда өмір сүретіндігін айту. Жарайсыңдар! Менің тапсырмамды тыңдаңдар. Қайықтың, судың, күннің
қырқылған суреттері беріледі. Сендердің шеберліктеріңізді көрейін. Жапсыру арқылы сурет құрай аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Міне балалар біз көңілді көктем әлемін де көрдік. Жан - жануарлар, құстардың көктемгі тіршілігімен таныстық. Оқу іс - әрекетін әнмен аяқтасақ.
Ән ‹‹Зеңгір көктем» хор.
Балаларды марапаттау.
Сабаққа белсене қатысқан балаларға білім кілтін тапсыру. Білімдерің шыңдала берсін.

Кері қайту


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
«Құстар біздің досымыз»
«Құстар біздің досымыз»
Құстар әлеміне саяхат
«Құстар - біздің досымыз»
Көктем
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Қазақтың ұлттық ойындары
Құстар біздің досымыз
Көрікті көктем
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2713 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык