Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»


«Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»

«Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»

1-ЖҮРГІЗУШІ

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!  Әні мен сәні жарасқан «Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға» қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы көптен күткен «Наурызымыз»  келді. Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

1- Жүргізуші:Уа, халайық, құтты болсын мерекең,

Құтты болсын, құтты болсын берекең.

Наурыз тойы тойланады мектепте,

Қош келдіңіздер мерекені көруге!

2- Жүргізуші:Уа, жараңдар, жараңдар!

Көңілін бар алаңдар.

Ата менен анаң бар,

Үлкен –кіші, ағаң бар.

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар!

1-Жүргізуші:  «Наурыз – көктем, жыр-думан» атты мерекелік сайысымызды бастамас бұрын құттықтау сөзді  мектебіміздің  оқу –ісінің меңгерушісі Шынар Төкенқызына  ұсынайық.

2- Жүргізуші:   Наурыз келсе, құт келгені, халайық,

Есік ашып, шашу шашып, ел боп қарсы алайық.

(шашу шашылады)

  • жүргізуші Ал, кәнекей ,халайық
    Асқақ әнге салайық,
    Басы болсын бұл тойдың,
    Шырқап әнге салайық

Шырайдың  орындауында «Қуанышым қазынам » әнін  қабыл алыңыздар

2-Жүргізуші:    Ау, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық деп сайысымыздың бөлімдерін таныстырып өтейік:

1-ші жүр               1-ші  бөлім «жыр шашу»

2-ші жүр               2-ші  бөлім «сән көрсету»

1- ші жүр              3-ші  бөлім «салт дәстүр»

2- ші жүр               4 –ші бөлім «ақ бата»

1- жүргізуші

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

2-жүргізуші    Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші.
Жеңімпазы  деп мектептің жүрейікші
Әділқазы алқасына әділдікті,
Ал үміткерлерге  сәттілікті  тілейікші деп бүгінгі сайысымызды бастайық 1-ші бөлім «жыр шашу» ортаға  0 «А» тобының тәрбиеленушілері

1 ЖҮРГІЗ  0 «Б» тобының тәрбиеленушілері

Мұратова Тамирис        Оразақынов Талғат

2 ЖҮРГІЗ  0 «В» тобының тәрбиеленушілері

Ақжігітов Арнұр         Иванищева Алтынай

1 ЖҮРГІЗ    «Шұғыла» тобының тәрбиеленушілері

Бақыт Жанерке             Нұрғалиев Рауан

1- жүргізуші    Әділ қазы алқасынан  «1 бөлім жыр шашу» сайысының бағасын берулеріңізді сұраймыз бірінші өнер көрсеткен  0 «А» тобының тәрбиеленушілері

ТОПТАРДЫ АТАУ

2- жүргізуші :   Сіздер үшін әр күніміз жырымыз
                          Ағылсын тек тәтті би  мен  әніміз   демекші:  алдарыңызда 0 «А» тобының қыздарының орындауында «Қамажай » биін тамашалаңыздар       

1-жүргізуші

Сайысымыздың 2- бөлімі «сән көрсету» ортаға 0 «а» тобының тәрбиеленушілері;

  1 жүргіз   Білектей арқасында өрген бұрым             
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын                   
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?
 

2 жүргіз  Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,            
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,                               
Халқының сақтай білген ізгі салтын.


1 жүргіз    Бойыңа бар сұлулық жиналғандай          

     Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай                     

     Жарқ етіп келдің ел алдына

     Ару қыз  гүлдей нәзік қылығыңдай

2 жүргіз Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,          
Болады осындай қыз некен – саяқ                            

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді.

Боламын да тұрамын көргендей – ақ 

 1- жүргізуші     Әділ қазы алқасынан  2-ші бөлім «сән көрсету»сайысының бағаларын берулеріңізді сұраймыз  Бірінші сән үлгісін көрсеткен о «А»  тобының

0 «Б» тобының тәрбиеленушілері    Мұратова Тамирис        Оразақынов Талғат

0 «В» тобының тәрбиеленушілері   Ақжігітов Арнұр         Иванищева Алтынай

Шұғыла  тобының  тәрбиеленушілері     Бақыт Жанерке             Нұрғалиев Рауан

1-ші жүргізуші     Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Алдыңызда Ақнұр қыздарыңыз
Ән салып, билеп береді. «Құттықтаймын ана »әнін қабыл алыңыздар

    2-жүргізуші     Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабамның
Алып келген осы күн.
1 – жүргізуші    «Наурыз-көктем, жыр-думан» мерекелік сайысымыздың 3 –ші бөлімі «Салт дәстүр» көрінісін тамашалайық

 Кетер өрлеп даңқымыз,
Біз Қазақстан халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз. демекші ортаға о «А»  тобының ата аналарын ортаға шақырамыз

0 «Б» тобының ата ана

0 «В» тобының

Шұғыла  тобының ата аналарын қол соғып, сахнаға шақырайық

    2  жүргізуші    Әділқазылардан сайысымыздың 3-ші бөлімі « салт дәстүр» көрнісіне берген ұпайларыңызды көтерулеріңізді сұраймыз бірінші көрініс қойған 0 «А»тобының ата аналарына берген ұпайларыңыз

 Кезек пен кезек айту

1жүргізуші  Наурыз тойың, Наурыз тойың,

Құтты болсын халайық.

Ән төгілсін, ән төгілсін,

Шырқап әнге салайық.                   орындауында «                    » әнін қабыл алыңыздар

2- жүргізуші   0 «В» тобының тәрбиеленушісі Алтынайдың орындауында «Шығыс» биі

   2-жүргізуші

Уа, ағайын, ағайын,

Жырламай қалай қалайын

Осынау күнді үмітпен

Зарыға күттің талайың.

Шаттанып бүгін Жаңа жыл

Халқына шашып жаңа нұр

Келеді сайыскер ұлдарымыз

Жүректен төгіп жаңа жыр.

Енді  сайысымыздың 4- ші бөлімі   «Ақ бата»

  1- жүргізуші   Ұлы күнде   халайық

Қалай қарап тұрайық

Ортамызға шақырып

Сайыскерлеріміздің

Ақ батасын алайық! Ортаға 0 «А» тобының тәрбиеленушісі                              шақырайық

  • жүр 0 «Б» тобының тәрбиеленушісі Оразақынов Талғатты

1 жүр 0 «В» тобының тәрбиеленушісі Ақжігітов Арнұрды қол соғып ортаға шақырайық

2 жүр   шұғыла тобының тәрбиеленушісі Нұрғалиев Рауанды ортаға шақырайық

1- жүргізуші     Енді әділ қазылардан  4ші бөлім «Ақ батаға» қойған ұпайларыңызды көтерулеріңізді сұраймыз Бірінші өнер көрсеткен 0 «А» тобының сайыскері

2 жүрг екінші өнер көрсеткен 0 «Б» тобының тәрбиеленушісі Оразақынов Талғатқа берген ұпайларыңыз

Кезек пен кезек

           2- жүргізуші    Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық деп   шұғыла  тобының қыздарының орындауында « Барби»  биін тамашалаңыздар

         1- жүргіз   әділқазы алқасы қорытынды шығарғанша Жұлдыз қыздарыңыздың орындауында үнді биін қабыл алыңыздар

  • жүргіз барлығыңызды ортаға «Қара жорға» биіне шақырамыз

марапаттау

       1- жүргізуші

 Әз -наурыз әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін

Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын

    2-ші жүргізуші

Еліміздің несібесі көп болсын.
қош сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!

1  -жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Наурыз құтты болсын!
Мерекелік тойымыз аяқталды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Хош келдің , әз Наурыз!
«Күлімде, Наурыз, күлімде!»
Наурыз - жыл басы!
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Наурыз - думан
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3365 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык