Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бауырымен жорғалаушылар.


Бауырымен жорғалаушылар.

Бауырымен жорғалаушылар.

Сабақтың тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бауырымен жорғалаушылар  туралы мәлімет алу.
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу.

Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, жекелей  жұмыс,

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер,  видео, слайд.

Пәнаралық байланыс: биология,  

 Қолданылған технология: сын тұрғысынан.

 Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Шаттық шеңберге тұру.

Кел, балалар күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Білім сырын білейік.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:  (Оқушыларға парақтар алғызып, сұраққа жауап алу. Сұрақтар слайдтан шығып отырады.)

  1. Қосмекенділер дегеніміз не?
  2. Балықтар қалай тыныс алады?
  3. Балыққа жүзбеқанаттары не үшін керек?
  4. Балықтар қалай көбейеді?
  5. «Шөлмек бақа» деп қандай бақаны айтады?

Мақсатын қою кезеңі:   «Ой ашар!» сабақтың тақырыбын ашу.

(Бауырымен жорғалаушылар)

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.  Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Бауырмен жорғалаушыларға:

Кесірткелер                                                                                             Жыландардар

                                                                

                              Сұр келестер        Қолтырауындар         Тасбақалар

1.Бауырымен жорғалаушылардың  бір тобы – кесірткелер.  Барлық бауырмен жорғалаушылардың терісі қабыршақтан тұрады. Ал тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісі бар. Олар төрт аяқты келеді.  Кесірткелер  жақсы көрумен бірге өте жақсы естиді екен.

Сұр келес -  Қазақстанда өте сирек кездеседі. Ұзындығы – 1,5 метрге жетеді. Шабуыл жасар алдында аузын ашып, қатты ысылдайды.

Жыландар -   кесіртекелер сияқты аяқтары жоқ. Түстері өте суық болып келеді.  Көзімен тура қарайды.  Кейбір жыландар улы болып келгендіктен пайдалы қасиеттеріне қарамастан бірден өлтіруге тырысамыз. (видео көрсету: қызыл кітап, бауырымен жорғалаушылар)

2. Мәтінді оқыту 140 – 141 бет.

3. Сергіту сәті

4. Дәптермен жұмыс. Рептилия  –бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы. Ең ірі тобы – кесірткелер.Жыландардар кесіртке сияқты аяғы жоқ, түсі өте суық, көзімен тура қарайды. (Оқушылардың дәптерлеріне жазғызу)  

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап беру:

А) Қандай бауырмен жорғалайтындарды білесің?

Ә) Жыландардың адамға тигізетін қандай  пайдасын білесің?

Б) Қазақстанда өте сирек кездесетін бауырымен жорғалаушыларды ата.

В) медицинада  кеңінен қолданатын ең қымбат дәрілерді қай бауырымен жорғалаушылардан алады.?

VІ.  Бекіту кезеңі:  (Тест болашақ МАБ –қа дайындық ретінде)

1. Рептилия дегеніміз не?

А) Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы.

Ә) Қосмекенділердің екінші атауы.

2. Жорғалаушылардың ішіндегі ........ жұмыртқаларын қарауылдап, балаларының шығуына және судың шетіне жетуіне көмектесіп бірнеше ай жандарында болады.

А) Тасбақа  

Ә) Қолтырауын

Б) Жылан

3.  .........- Қазақстанда өте сирек кездеседі. Ұзындығы – 1,5 метрге жетеді. Шабуыл жасар алдында аузын ашып, қатты ысылдайды.

А) Сұр келес 

Ә) Қолтырауын

Б) Жылан

4. Балаларын тірілей туатын жорғалаушылар.

А) Тасбақа  , жылан

Ә) Қолтырауын, кесіртке

Б) Жылан, кесіртке

5. Негізгі шикізат –

А) Тасбақаның уы 

Ә) Қолтырауынның уы

Б) Жыланның уы.

 

А

Ә

Б

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

 

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 140-141 бет оқу, мазмұнын айту.

 VІІІ. Бағалау (Оқушылар өздерін өздері бағалайды.)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
: «Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі»
Бауырымен жорғалаушылар. Сүтқоректілер.
Жорғалаушылар класы
Жануарлардың әлемінің сан алуандығы
Қосмекенділер және жорғалаушылар әлемі
Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Кесірткенің тіршілігі
Жануарлардың көп түрлілігі ашық сабақ
: Жорғалаушылар класы. Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан, жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Жорғалаушылар класы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12753 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык