Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Загрузка...
Загрузка...
» » Елтаңба

4-02-2015, 07:35
Елтаңба
загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Елтаңба
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларда сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, онда дауыссыз
дыбыстар да жуан болатыны туралы білім қалыптастыру,сауатты,
көркем жазуға төселдіру, танымдық белсенділігін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын, сөйлеу тілін ,тіл байлығын,
сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отансүйгіштікке , шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа материалды түсіндіру
Сабақ түрі: Интеграцияланған сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап,жаттығу жүргізу, сергіту ойындары,
топтастыру әдісі, сәйкестендіру тестісі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, оқулық, автордың суреті,
«Бәйге» ойыны, ойын түрлері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың сәлемдесуі.
-Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
-Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің,- деп балалар , қазір бізге ана тілі сабағы. Бізге көп қонақтар келіп отыр. Олай болса бүгін өз білімімізді қысылмай, ұялмай көрсете білейік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқу.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту
«Бәйге» ойыны.

Сұрақтары: 1. Буын дегеніміз не?
2. Тасымал деп нені айтамыз?
3. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата?
4. Біздің туымыздың түсі қандай және онда не бейнеленген?

Электрондық оқулықпен жұмыс.
Электрондық оқулықтан өткен сабақтарға шолу ретінде «Менің Отаным Қазақстан» тыңдалымы.

ІV. Жаңа сабақ.
-Балалар, мына суреттердегі зат атауларының алғашқы әріптерін қоссақ сөз шығады. Кәне, ойланып көрейік.
- Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымызда Т. Молдағалиевтің «Елтаңба» өлеңімен танысамыз.
Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерінің авторы. Т.Молдағалиев -ақын әрі жазушы.
- Балалар, әрбір елдің мемлекеттік нышандары яғни рәміздері болады дедік, ендеше рәміздерді атап шығайықшы. –Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков және Шот- Аман Ыдырысұлы Уәлихан . Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан » деген жазу бар. Мемелекеттік рәміздерді қиратуға, бүлдіруге , төмен түсіруге тиым салынған. Оларды қадірлеп, қастерлеп, ардақ тұтуымыз керек.
- Енді электрондық оқулықтан «Елтаңба» өлеңін мұқият тыңдайық.
-Оқушылар, бізде ана тілі мен қазақ тілі кіріктірілген сабақ болғандықтан бүгін дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуымен танысамыз.
-Бәріміз тақтадағы ережеге назар аударайық.

Кітаппен жұмыс.
78- жаттығу. Өлеңді оқып, дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді атаңдар.

Ой ашар.
Дәптермен жұмыс.
Төмендегі сөздерден дауыссыз дыбысы жуан айтылған сөздерді теріп жазыңдар.
Қазан, түйе, мақта, сүйек, қармақ, көктем, қарлығаш.

Кел, ойнайық!
Гүл күлтешелеріне буын жазып, сөз құрау.
Ба –ла, ба-та, ба-рыс, ба-ға, ба-тыс, ба-ған
Жа-ға, жа-ңа, жа-са,жа-рық, жа-лау,жа-рыс.

Сәйкестендіру тесті.
1.Екі бағандағы буындарды сызбамен сәйкестендір.
Па тап
Қа тер
Сыз рақ
Дәп лам
Кі ғыш

2. Орны ауыстырылып берілген әріптерден сөз құрастыр.
1. ә,і,р,п__________________
2. ж,з,ұ,л,д,ы______________
3. н,у,б,ы__________________

«Кім жылдам?» ойыны.
Суреттерге қарап, әуелі бір буынды,содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата.
Гүл, тау
Аққу, мысық
Жолбарыс, көбелек

V. Қорытындылау.
Топтастыру әдісі

VI. Үйге тапсырма
1. Елтаңба өлеңін мәнерлеп оқу.
2. 79- жаттығу.
3. Ереже жаттау

VII. Бағалау
Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ақ бұзау 1- сынып
Біздің Елтаңба
Т.Молдағалиев «Біздіңту» Тасымалдауға болмайтын сөздер.
Фонетикалық талдау
Фонетика
Үндестік заңы
Жуан және жіңішке дауыстылар
Намыс. Жуан және жінішке дауысты дыбыстар.
Әнұран 80-81 жаттығулар
Жіңішке дауысты дыбыстар.Төлдер.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1920 | Қосты: Куанышева Арайлым Женисовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Загрузка...