Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Мен таңдаған мамандық ашық сабақ

17-05-2014, 20:47
Мен таңдаған мамандық ашық сабақ
загрузка...

Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық


      Мақсаты:  оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. өмір туралы, мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта –ықыласын арттыру. Оқушылардың кәсіби табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Міндеттері:
- Мамандық таңдаудың негізгі шарттарымен таныстыру;
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жоба қорғау, дискуссия.
Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар, интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақшалар.
Тренинг ережелері:
   1.Сыйластық.
  2. Тыңдай білу.
  3. Сөзді бөлмеу.
  4. Белсенділік таныту.
  5. Шығармашылық.
 6. Төзімділік.
 7. Түсіністік  қарым-қатынас. 
І- тапсырма:  Ұйқыдағы қала (жоба қорғау). 
Нұсқау: Оқушылар мамандықтар әлемі туралы түсінік  беріп, мамандық типтері  бойынша жоба қорғап, қаланы  қозғалысқа түсіру керек. 
ІІ – тапсырма: « Келісемін, келіспеймін, дәлелде» 
Нұсқау: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өзі келісетін, келіспейтін  тұжырымдарды таңдап алып,  пікірлерін ортаға салады. 
1. Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады.
2. Мамандық таңдау қалтаның қалыңдығына байланысты.
3. Мамандық таңдау адамның қабілетіне, бейімділігіне тікелей байланысты.
4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
5. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
7. Ақша болса, мамандық қажет емес.
8. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
9. Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
10. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды.
11. Мамандық таңдау – күнкөріс қамы.
  Сергіту жаттығуы: «Жунглидегі жауын.»
ІІІ тапсырма. «Не істер едім» (миға шабулы. Сұрақ -жауап)
Нұсқау:  Бір оқушы ортаға шығып, қатысушының   кез-келгеніне таңдаған  мамандығына байланысты, кедергілер мен қиындық келтіретін сұрақтар қояды. Қатысушы ойланбастан жауап берулері керек. 
ІV. Бұл қандай мамандық.  (ойын).
Бұл ойында оқушылар төмендегі берілген сипаттамаға сәйкес белгілі бір мамандық иесін анықтауы тиіс.
1. Жұмыс құралы: техника, транспорт;
2. Еңбектің мақсаты: қызмет көрсету;
3. Еңбектің орындалуы: отырып:
4. Еңбектегі қарым-қатынас ортасы: адамдармен;
5. Еңбектегі жауапкершілік; өмір және денсаулық;
6. Жұмыстың ерекшелігі: күнделікті табыс;
7. Жұмыстың ауыртпалығы: жүйке қызметінің бұзылуы, әр түрлі аурулардың жұғуы, заң бұзушылық, төменгі сатыдағы мамандық.
8. Жұмыс уақыты: нақты уақыты көрсетілмеген, ешкімге тәуелді емес;
9. Сол жұмысқа қажетті білімнің деңгейі: орта білім, арнаулы орта білім, жоғары білім.
V- тапсырма. Таңдаған мамандығың туралы білесің бе?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға “иә”немесе “жоқ” деп жауап беру қажет.
1. Таңдаған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?
2. Болашақ мамандығыңа қоятын талаптарды, еңбек ақысы туралы білесің бе?
3. Таңдаған мамандығыңды қай оқу орны дайындайды?
4. Таңдаған мамандығыңа жеке қасиеттерің, қабілетің сай келе ме?
5. Таңдап отырған мамандығыңа білімің сай келе ме?
6. Таңдаған мамандығыңды игеруге мектептегі пәндердің қайсысы қажет екендігін білесің бе?
VІ- тапсырма.  Мамандықты тап. (ойын).
Нұсқау:  Сабаққа қатысушыларға үлестірмелі кеспелерге жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандық иелерінің кескін-келбетін ым-ишарамен рөлге ене отырып, көрсетуі керек.

Есінде жүрген жөн болар.  ( психологиялық кеңес).
1. Мектептегі оқу пәндері нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару;
2. “Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды” деген қорытынды жасауға болмайды.
3. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін. 
4. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу керек.
5. Мүмкіндігінше таңдаған мамандығыңның өзіңнің денсаулық жағдайыңа сәйкес келетіндігін ескеру қажет.

VІІ. Бүгінгі тренингтен не алдым...
Суретті тест. Тренингтен алған әсерің.
      Қатысушылаға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың , жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерлерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Сабақтағы белсенділіктеріңізге рахмет!

Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті
Тіл дамыту, Кім болғым келеді?
Мамандық таңдау. Жұмысшы мамандықтарымен танысу. Мамандық түрлері
Мамандық таңдаудың қыр – сырларын меңгерту; мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу
Құрылыспен байланысты мамандықтар
Мамандық түрлері және мамандық таңдау
Мамандық таңдауда, өзіңді – өзің танысаң – істің басы…
Мен таңдаған мамандық
Мен таңдайтын мамандық
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11221 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар