Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.


Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың тақырыбы:Ондықтан аттап жазбаша қосу
және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қосу мен азайтудың алгоритмдері екі таңбалы санды мысалға ала отырып баған түріндегі үлгісін көрсету, орындалатын іс-әрекеттерге машықтандыру; жәй және құрама есептер,кестелік қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық. Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу..Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік. Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын,есептеу

Пәнаралық байланыс:ана тілі, ән,бейнелеу.
Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы:1.Қызығушылықты ояту.
-Қазір кезекті математика сабағы.Бәріміз түзу отырып зейінімізді тақтаға аударып, мақалды оқиық.

«Теңге-тиыннан,
Ынтымақ-ұйымнан»
-Қалай түсінесіңдер?
-Яғни осы мақалды басшылыққа ала отырып оқулықта берілген тапсырмаларды және менің сендерге алып келген тапсырмамды татуласа, бірлесе, бір-бірімізге көмектесе отырып орындайық.

2.Ой шақыру.
1.-Үйге қандай тапсырма берілді?
2.-Сандардың разрядтық құрамын атап бер.
3.Ой толғаныс.
-Өткен сабақта нені оқып үйрендіңдер?
-Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту.
23+17 45+23 30-7 53+7 50-24 -Бұлар туралы не айтуға болады? (қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері)
-Қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері дегеніміз не?
-Екі таңбалы санды қалай қосамыз, қалай азайтамыз?
3.Мағынаны тану.
1. -Мына кестеге назар аударыңдар.Цифрлардың жазылу реті туралы не айтуға болады? Бүгін біз 45 пен 23-тің қосындысы және 68 бен23-тің айырмасы түріндегі өрнектерді қарастырамыз. Яғни екі таңбалы сандарды бағандап қосуды және бағандап азайтуды үйренеміз.

Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді және жаңа сабақтың тақырыбын жазыңдар.
45 68 -бұл бағандап қосу және бағандап азайту.
28 23


-Дәптерге түсіндіре отырып жаздыру.

2. Ойын: «Кім зерек?» Оқулықтағы №3 тапсырма бойынша түсіндіру.

3. Теледидардан жұмбақ есептер тыңдату.
-Бір топ бала сап түзеп келеді.Екеуі алдында,екеуі артында, екеуі оң жақта, екеуі сол жақта.Барлығы неше бала?
(барлығы 4 бала болады)
-Әпкесі 4 жаста, інісі 3 жаста.әпкесі 7 жасқа толғанда, інісі неше жаста болады? (6 жаста болады)
Сергіту сәті. Біздер тату баламыз
Гүл-гүл жайнап жанамыз
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.
4.Оқулықтағы №5 тапсырмаға назар аударайық..
-Бұл не?Қандай есеп?Есеп не туралы? Не белгілі? Не белгісіз?
-Қысқаша шартын кім маған құрып береді? Сызбасын кім сызады?
1) Ақ көйлек-23 Ш: 23+(23+12)
Көк көйлек-? 12-сі артық ? Ж: барлығы 58 көйлек тікті.
2) Ақ көйлек-23 Ш: 23+12
Көк көйлек-? 12-сі артық Ж: 35 көк көйлек тікті.
-Сұрағын, шешуін,жауабын салыстыр.Не байқадың?
-Неліктен қосу(+) ? 12-сі артық делінген
-Неліктен қосу (+) ? барлығын табу үшін қостық.

5.Оқулықтағы №6 тапсырманы өзіндік жұмыс ретінде орындаймыз.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
5+3 4+2 8-3
15+3 14+2 18-3 т.б
4.Ой толғаныс.
- Ал, балалар, бүгінгі сабақта не оқып үйрендік?
Ойын : «Орамал тастамақ»
1) Екі таңбалы санды бағандап қосу деген не?
2) Екі таңбалы санды бағандап азайту деген не?
3) 73 санының разрядтық құрамын ата.
4) 6 ондық 8 бірлік. Ол қандай сан?
Бағалау. Үйге тапсырма беру.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
32+5,47-5
"9 санын қосу және азайту"
Қайталау (5 ті қосу және азайту)
Қосу және азайту
Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Жазбаша көбейту алгоритмі. 43х3, 143х3
7 саның қосу және азайту
Мың көлемінде ауызша есептеу тәсілдері. 100 көлеміндегі амалдарға дейін апаратын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту
3 санын қосу және азайту
Қосу және азайту амалдарының байланысы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11885 | Қосты: Нурбекова Айжан Айдархановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык