Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Пәтер жөндеу барысында қажет болатын материалдарды жинау, әрі үйлестіру технологиясы


Пәтер жөндеу барысында қажет болатын материалдарды жинау, әрі үйлестіру технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Пәтер жөндеу барысында қажет болатын материалдарды  жинау, әрі үйлестіру технологиясы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
Жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушыларды түгелдеу 
ә) Жұмысты ұйымдастыру 
2. Өткен материалды қайталау. 
3. Жаңа сабақ. 
4. Сарамандық жұмыс 
5. Бекіту 
6. Бағалау 
7. Үйге тапсырма 
Сабақтың барысы:Ағаш — құрылыс материалы ретінде ежелден қолданылып келеді. Оның механикалық жағынан жеткілікті дәрежеде өте  мықты, жылу өткізгіштігі  төмен, салмағы ауыр емес, өңделуі оңай, қышқылдар, тұз, май және басқалар әсеріне химиялық  тұрғыдан төзімді т. б. көптеген бағалы қасиеттерге ие болады.
Пайдалану жағдайы бірқалыпты болғанда ағаштан жасалған конструкциялар көп жыл сақталады. Кижадағы ағаш шіркеу, Ленинградтағы Адмиралтейства және басқалары осы кезге дейін сақталған.
Ағаш — өнеркәсіп құрылыстарының барлық түрінде, қоғамдық үйлер мен құрылыстар салуда қолданылады. Одан ағаш үйлерді, еденді, оның ішінде паркет едендер, кенереліктер, еден тақтайларының арасына қағылған жұқа тақтайшалар (галтели), әсем кемкермелер (наличники), терезе және есік блоктары, қосалқы қабырғалар мен тамбурлар және басқаларын дайындауға болады. Тұрғын, қоғамдық және селолық өнеркәсіп үйлерінде, сонымен қатар химиялық агрессивті ортада кәсіпорындар салу кезінде пайдалануға қолайлы ағаш желімді конструкциялар қолдану мықты дамып келеді. Желімді конструкциялар қолдану-кеспелтек ағаш, қорап, қақпақтар тағы басқалары сияқты ағаш шеберлігі элементтерін жасау да желімдеу әдісі үшін ағаш қалдықтарын пайдалану мүмкіндігін тудырады.
Ағаш шеберлігі — құрылысы детальдары мен бұйымдарын жартылай автоматты және автоматты линияларды қолдана отырып, тасқынды тәсіл арқылы ағаш өңдеу кәсіпорындарында дайындайды. Фрезерлі детальдар, паркет еденнің элементтері құрылыс алаңына дайын күйінде әкелінеді. Терезе және есік блоктары қақпақтары ілініп, фрамугасы мен полотнолары бар, сырланған және шынысы салынған күйінде құрылысқа әкелінеді де, оймалар орнын толтыру біршама қарапайымдалынады,  өйткені дайын терезе және есік, блоктарын орнатумен шектеледі. Ағаш талшықтары мен ағаш жаңқалары тақталарын жасауға қолданылатын технологиялық жаңқаға қайта өңдеу үшін ағаш қалдықтарын барынша тиімді пайдалану әдісіне үлкен маңыз беріледі. Бұл плиталар құрылыста еденге төсеу үшін қалқанды конструкциялы және басқа да есіктер дайындау үшін қаптама материал ретінде қолданылады.
Күрделі құрылыс саласындағы негізгі міндеттер ақша қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру: құрылыс өнеркәсібін одан әрі индустрияландыру, сөйтіп завод дайындаған элементтен тұрғызудың біртұтас процесіне айналады; құрылыс және монтаж жұмыстарын, әсіресе, жұмыс істеуші кәсіпорынды қайта құру жағдайында комплексті механикаландыруды қамтамасыз ететін машиналар мен механизмдер жүйесін, прогрессивті технологияны енгізу, құрылыс өнеркәсібі мен жоба-смета ісінде ұйымдастыру жұмысын жетілдіру болып табылады.
Құрылыста еңбек өнімділігін 16…17 процент арттыру көзделіп отыр.
Ағаш ұстасын даярлау орта кәсіптік-техникалық училищелерде, сонымен қатар тікелей кәсіпорындарда жүргізіледі.
Бұл қойылған мәселелерді шешуде кәсіптік-техникалық оқу орындарында білікті жұмысшылар даярлауды одан әрі жетілдіруге ерекше маңыз беріледі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты өңдеу
Ағаш немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу
Ағаш шебері мен ұсталык жүмысына қажет материалдар
Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы
Терезе жақтауын өзірлеу технологиясы
Пәтердің есіктерін дайындау және жөндеу технологиясы
Тақтайдан жасалған едендер мен плинтустарды төсеуді үйрену
Пәтер жөндеу барысында қажет болатын материалдардмен жұмыс
Пәтерді жөндеу жұмыстары. (практика) Сарамандық жұмыс
Ш. жобаға жұмыс таңдау. Ағаш ж/е басқа материалдармен жұмыс істеу
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 15949 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык