Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Саңырауқұлақ саясында


Саңырауқұлақ саясында

Тақырыбы :«Саңырауқұлақ саясында»


«Көркем әдебиет»      Сахналау.
Тақырыбы: «Саңырауқұлақ саясында» ертегі.

Мақсаты: Бағдарлама бойынша берілген ертегілердің мазмұнын пысықтау.Есте сақтау қаблетін жетілдіру.Берілген тапсырмалар бойынша балалардың ақыл ойын,қиялын дамыту.

Көрнекіліктер: Аттрибуттар,атрибут киімдер,жұмбақтар,алдыңғы сабақта өткен ертегілердің суреттері.Сабақтың әдіс-тәсілдері,сұрақ-жауап,жаттау,жұмбақ.
Сабақтың барысы:  Шаттақ шеңбер.
Балаларға айтқызу:  Әрқашан күн сөнбесін!
                                   Аспанға бұлт төнбесін!
                                   Еліміз тыныш болсын!
                                   Досымыз көп болсын!
Тәрбиеші: Балалар есікті біреу қағатын сияқты кәне бәріміз тыңдайық.(есіктен ұлу кіреді)
                  Балалар биыл қандай жыл басы?
               - Ұлу. (өте дұрыс)
               - Ұлу келіңіз төрлетіңіз.
- Ұлу балалармен амандасады.Ұлу жолда келе жатып «Ғажайып дорба» тауып алғанын айтады,ұлу дорбаны тәрбиешіге береді.
Тәрбиеші:Дорбадан бізге мынадай сұрақ келіпті,ұлу жыл мезгілін білмей тұр.
-Көмек береміз бе?
-Ия
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде жер бетін не басады?
-Қар басады.
-Қардың түсі қандай?
-Қардың түсі аппақ
-Қыста табиғат ерекшелігі қаңдай болады?
- Cалқын,ызғарлы,аязды,боранды,жапалақтап қар жауады
-Адамдар қыста қандай киімдер киеді?
-Жылы,қалың киімдер киеді.
-Қыстың неше айы бар? қалай аталады? қазір қай айдамыз?
-Қыстың үш айы бар ,желтоқсан,қаңтар,ақпан.
-Ақпан айындамыз.
-Балалар қыс туралы кім тақпақ біледі?


                               Шеберін-ай аяздың,
                               Әйнектерді қағазғып
                               Әшекейлеп қойыпты
                               Бірнеше ою ойыпты.
-Өте жақсы балалар.Балалар біз көптеген ертегілермен таныстық,оқыдық,сақналадық әнгімелеп айттық.Өтілген ертегілерді сурет бойынша еске  түсіріп сұрақ-жауап арқылы айтқызу.
Мысалы: Түлкі мен ешкі,Бауырсақ,Үш аю,Түлкі мен тырна.т.б.
Тәрбиеші:-Кәне балалар бүгінгі қойылатын ертегіміз. «Саңырауқұлақ» ертегісін сахналаймыз
Тәрбиеші: Балаларға алдымен ертегіні әңгімелеп айтқызу.(ауызша)
                  -Өте жақсы сіздер білесіздер.Ендеше осы ертегіні сахналайық.
Жүргізуші: Көктем келді,жер көгерді,
                    Табиғат әсем күйге енді.
                    Шалғынға құмырсқа келді.
Құмырсқа: Шалғынға осы жатайыншы
                   Рахатқа бір батайыншы
                   Қыс бойы тоңазыдым,
                  Көктемді аңсап мен сағындым.
                  Бұлттар бері жылжыпты
                  Жаңбыр сірә төгеді.
                  Мына саңырауқұлақ пана болса,
                  Бізге тиер көмегі.
Тәрбиеші: Бір уақытта көбелек келді.
Көбелек:   Күшім кетті әлсіреп,
                  Қанатым су боп жабысып
                  Ұша алмадым,құмырсқа
                  Алшы мені қасыңа.
                  Пана берші басыма.
Құмырсқа: Кел,келші қасыма.
Көбелек: Рахмет саған құмырсқа.
Тәрбиеші:Кенет бір уақытта торғай келеді.
Торғай:    Жаңбыр қандай күшті еді
                 Ұша алмадым,мені көр!
                  Бас сауғалап келіп ем,
                  Жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа мен көбелек: Кел,кел келсеңші!
Торғай: Рахмет сендерге!
Тәрбиеші: Қоян келді.
Қоян:        Түлкі қуып есім кетті,
                   Айналайын аңдар-ау
                   Маған пана болыңдар.
                   Жандарыңнан орын бер.
Құмырсқа,көбелек,торғай қосылып: Тұра ғой,қосыл осында.
Түлкі:-Қап бәлем,әлі-ақ қолға түсерсіңдер.
Тәрбиеші: Міне,жаңбырда басылды,
                   Аспан шайдай ашылды.
                   Аңдар саңырауқұлақтан шықты,
                    Бір-біріне қарасты,
                    Таңдана бұлай таласты.
Құмырсқа: Жалғыз өзім сиған Саңырауқұлақ сиқырма?
Көбелек: Біз бәріміз кішкентаймыз ғой.
Торғай: Көңіл сыйса,бәріміз сыйамыз.
Қоян:     Екі адам ығысса,бір адамға орын бар
Тәрбиеші: Осы кезде бақылдап бақа келеді.
Бақа:           Ей,Саңырауқұлақ өсіп кетті
                    Соныда білмейсіңдерме?

Аңдардың бәрі қосылып хормен.
                   Достарды біз қолдаймыз
                    Қиын шақта қорғаймыз.
Рольдерде ойнағандар:Құмырсқа:Гүлнұр,көбелек-Сайда,торғай-Айкөркем,қоян-Меруерт,түлкі-Аяулым,бақа-Лаура.Кәне балалар сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті:        Айшымшық,айшымшық,
                              Түлкі қалай жүреді? Былай
                               Дәл осылай жүреді.

                               Айшымшық,айшымшық
                               Қоян қалай жүреді?
                               Қоян былай,қоян былай.
                               Дәл осылай секіреді.
Д.Ойын: «Не жоқ?» (аңдарды табу)
Қорытындылау:-Кәне балалар,ертегіге байланысты жұмбақтар білеміз бе?
-Ия,өте жақсы,ендеше кәне айтайық.(Аянбек айтады)
-Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп әркез тұрады.
Бұл қандай аң?(қоян)
Айша: Ұшып жүрген гүл көрдім
             Қолғада ұстап үлгердім.(көбелек)
Бекарыс:Бұлаңдаған  құйрығы
               Бір алдарлық құйрығы. (түлкі)
Тәрбиеші: Балалар ертегі ұнадыма?
Балалар: -Ия ұнады.
Тәрбиеші: Ендеше Сау болындар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі- ертегі сыр шертеді.
Сиқырлы жолдар.
Қыс ғажайыптары
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Ойыншықтар сыры
Б б дыбысы мен әрпі
Мысығым менің керемет
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Жолың болсын балдырған!
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8133 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык