Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сандық және кебеже беттерін әшекейлеп оюға эскиздер дайындау


Сандық және кебеже беттерін әшекейлеп оюға эскиздер дайындау

Сабақтың тақырыбы: Сандық және кебеже беттерін әшекейлеп оюға эскиздер дайындау

Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.   Өткен материалдарды қайталау.
А)Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?
Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар
Киіз үйдің жабдықтары. Киіз үйдің жабдықтары ағаш пен теріден жасалған зат, бұйымдар мен кілемдерден тұрған. Көп таралғаны киізден жасалған кілем «текемет» еді. Оюланған кілем – «сырмак», тоқылған «кілем» еді. Кілемнің екі түрі бар: қабырғаға ілетін бай тұс кілемдер әр түрлі ою-өрнектерден жасалған, оларды «тұскиіз» деп атаған.
Ыдыстар, ас үй құралдары жоғарғы жақта сумкада сақталған, киізден жасалған сумкаларда да сақталған. Әрбір киіз үйде «сандық» болды. Ағаштан жасалған бұйымдар – азық-түліктің қорабтары, ілгіштер әртүрлі ою-өрнектермен өрнектелді. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығысында тұрғын үйлердің түрлері болды. Олар тастан, ағаштан, кірпіштен жасалынған үйлер.
Ыдыс-аяқтар. Қазақтар көшпенді ел болғандықтан олардың ыдыс-аяқтары терімен ағаштан жасалынған. Сынатын ыдыстарға арнайы теріден қап жасаған. Теріден жасалған ыдыстарды көп пайдаланған. Арнайы ысылған жылқының терісінен саба жасалынған, кей кезде сиырдың терісінен жасаған. Соғым кезінде жақсы сойылған малдың терісін саба жасауға қойған.
1. Жүнді теріден сылып тастайды. 2. Ашыған сүтке теріні салып илейді. 3. Тазалап жауып, көктемге шейін сақтап қояды. Көктемге қарай оны ыстайды.
Қымыз құятын ожау әр-түрлі боялған және күміспен немесе сүйекпен сәнделген. Ас үйдің ыдысы темірден жасалған қазан болған. Қазақтың мал бағатын ауылдары керамикалық ыдыстарда қолданған.
Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар кебеже, абдыре, кереует, жастық ағаш жүкаяқ, түс киіз, кілем. Енді төселетін бұйымдар Алаша, текемет, сырмақ, бірсалақ тулар құрақ көрпеше жер жастық. Тұтынатын заттар аяққап, кесе қап, тұлып. Ыдыс аяқтардан қазан, кесе, тостақ, қасық, ағаш аяқ ожау, елеуіш, күбі келі, торсық, қыш ыдыстар, қол диірмен. Кілем сәнді тоқылатын баспананың жылулығын сақтайтын және дыбысын бәсеңдететін арнайы үй жиһазы. 
Қазақ кілемінің шығу тарихы байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан басталған деседі. Қазақ кілемдерінің кейбір түрлері түрік кілемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас келеді. 
Оларды тоқылу ерекшелігіне қарай түсті кілем, тақыр кілем деп бөледі. 
Сырмақ (сыру деген сөзден шыққан) ою бастырып немесе жіппен өрнектеліп сырыған төсеніш үй жиһазын айтады. 
Кебеже. Көшіп-қонып жүргенде сүр. Ет, құрт, май сақтайтын ағаш тақтайшасынан жасалынып бетін ою-өрнектерімен әшекейленген сандықша ыдыс. Ертеде түйеге тидеп, жас балаларды соған отырғызып көшкен. 
Кейбір ыдысаяқ түрлеріне тоқталсақ олар соба, торсық, месбақыр, келі, күбі, ожау, кесе қап, қыш ыдыстар. 
Соба ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені соба малшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар собаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Собаға биенің сүтін сауып жинап, құйып қымыз ашытқан. 
Сүйретпенің өгіздің терісінен жасайды. Оған қымыз ашытатын болған. Ешкі терісінен тігілген қымыз немесе айран құятын ыдыс торсық деп аталады. Торсықты жолаушылар, малшылар қанжығасына байлап жүрген. 
Бие сүтін сауатын теріден жасалған ыдысты көнеп, ал құдықтан су тартатын шелекті қауға дейді. 
Келі - түрлі дәнді-дақылдар түюге арналған құрал. Келі екі түрлі болған: тақта келі және шұңғыл келі. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үй жиһаздарының негізгі бөліктерін, жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілерді дайындау
Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі
Халық қолөнері. Кебеже жасау технологиясы
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Ағашты өңдеу. Нақыштама. Геометриялық ою, айшықты ою,бедерлі ою,мүсіндік ою. Күйдіру
Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау
Киіз үй жиһаздары
Киіз үй жиһаздары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3340 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык