Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шертер аспабын жасау технологиясы, Теріні шикілей өңдеу туралы түсінік


Шертер аспабын жасау технологиясы, Теріні шикілей өңдеу туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Шертер аспабын жасау технологиясы. Теріні шикілей өңдеу туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Құралдары: ара, қашау, егеу, зімпара т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 — 700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды. Бұл аспаптың өткен ғасырларда негізінен малшылар арасында кең тарағандығы жайлы халық аңыздарында айтылады. Шертердің суреті Б.Залесскийдің 1865 жылы Париж қаласында басылып шыққан “Қырғыз (қазақ) далаларындағы тіршілік” атты альбомынан (бұл аспапты ол Маңғыстау қазақтары арасынан кездестірген) табылды. Музыка аспабын жасаушы шебер О.Бейсембаев осы альбомдағы сурет бойынша шертерді қайта жасап шығарды; ал шебер Ә.Аухадиев оның жетілдірілген түрін (1972) әзірледі. Шертердің бір үлгісі Санкт-Петербург этнографиялық мұражайында сақтаулы. Шертердің құлақ күйі кварта не квинта бұрауында болады. Дыбыс көлемі екі жарым октава. Шертерді оркестр мен ансамбльде, сондай-ақ жеке орындау үшін де пайдалануға болады. Кезінде Шертердің жетілдірілген түрі “Айгүл”, “Ғасырлар пернесі”, “Сазген”, т.б. ансамбльдерде пайдаланылды. Торғайдың Арқалық қаласында “Шертер” атты қазақтың халық аспаптарының фольклорлық ансамблі ұйымдастырылды.
1967 жылы Ленинградтың көптеген музейлеріндегі музыка қүралдарымен танысып, қазақтың және басқа көршілес халықтардың біраз аспаптарын суретке түсіріп алдық. Сонда КСРО халықтарының Мемлекеттік этнографиялық музейінен шертерге өте үқсас бір аспап кездесті, оны сипаттау документінде қобыз деп жазыпты. Жоғарыда суреттелгендей, бүл да шертердің құрылысына үқсайды. Айырмашылығы тек сопақтау жасалып, екі ішек тағылуында. Бүл аспапты суретші С. М. Дудин 1902 жылы Сырдария облысынан тауып музейге өткізген.
Ысқышсыз, шертіліп тартылатын осынау аспаптық екеуі де қобыз деп аталуының себебі мынада болуы тиіс. Осы кезге дейін қобыз деген сөзге ұқсас кобза, кобуз, комуз, комус деп әр халық ысқышты, шертпелі не болмаса үрмелі аспаптарды атай берген. Сол аспаптарды өз ара ажырату үшін оларды анықтауыш сөзбен қоса атаған. Мысалы, Дағыстандағы шертпелі аспап ағаш комуз, қырғыздың шаңқобызына ұқсас аспап — темір комуз, қырғыздың шертпе аспабы — чертме комуз т. б. Тарту тәсіліне, не болмаса, жасалған материалына қарай атаған. Сол сияқты қазақ халқында да «қобызды» түрлі қүралдарға ортак, термин есебінде қолданылғанын байқаймыз. Қыл ішекті ысқышпен тартылатын қыл қобыздан басқа да қобыз атаулы аспаптың бірнеше түрі болған. Мәселен, оларды қыл қобыздан ажырату үшін шаңқобыз үрмелі, темірден не болмаса ағаштан жасалып, ауызға алып тартады, жезқобыз қыл қобыздан ерекшелігі, түлғасы жезден жасалған, қағаз қобыз біраз қазақ аудандарында гармоньды кардонцан жасалуына қарай осылай атаған. Қобыз, қобза, кобуз, комуз: комус аспаптарының аттары, негізінде, бір сөзден пайда болғандығын аңғартады, бірақ ол аспаптардың бір түріне ғана қолданылмаған. Қырғыздардың чертмек не болмаса чертме комуз дегендей, шертердің шертпе қобыз деп те аталуы мүмкін. Қазақтың басқа аспаптарының әр жерде түрлі атпеы тарағанын білеміз. Мысалы, гармоньды сырнай, қағаз қобыз дейді.
Домбыраның дамуы шертермен тығыз байланысты сияқты. Шертер домбыраға қарағанда жасалуы жағынан қарапайым болған. Ескі домбыралардың кейбір бөлшектері шертерге ұқсас келеді. Мысалға аспаптың жалпы түлға ортақтығы, осы кезге дейін Семей облысынан домбыраның үш ішекті болып кездесуі осы үқсастықтың көрінісі.
Сөйтіп, соңғы кездегі табылған біраз жаңа деректерге сүйенсек, ертеректе қазақтын, шертер аспабы болыпты деген халык, арасында кездесетін әңгіменің жаны бар екендігін байқаймыз. Ал шертпелі аспап жетіген, шертер және домбыра болып үш түрге бөлінеді. Жетігеннің Күршім қазақтарының арасынан табылғандығы жайында жаңа деректер де табылып отыр.
Қазақтың көне музыка мұраларын байыптап зерттеген сайын, біздің үлттық мәдениет тарихымызға жаңа дерек, жаңа мәліметтер қосыла түспек. Ондай деректерді әлі де болса іздей түсу, қауым боп қолға алатын келелі мәселе


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сазды аспаптар сыры.
Оркестр құрамындағы аспаптар.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Домбыра аспабы
: Көне аспаптар сыр шертеді- қобыз және скрипка
Ұлттық музыкалық аспаптар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2536 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык