Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Загрузка...
Загрузка...
» » Теңдеуді шешу х-30=7

20-01-2015, 20:22
Теңдеуді шешу х-30=7
загрузка...

Теңдеуді шешу х-30=7

Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу х-30=7

Сабақтың мақсаты:                                        

Білімділігі: есептеу дағдыларының қалыптасу деңгейін, өрнектерді, теңдеуді  шешу дағдыларын үйрету.  Балалардың есептерді теңдеу құру арқылы,  шығару тәсілдері жөнінде білімдерін қорыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды Отанды сүюге, тапқырлыққа, ойын қорыта білуге, ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: жылдам ойлауға, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеу дағдысын дамыту. Тиянақты  жауап беруге үйрету.  

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, үлестірмелер қағаздар, суреттер, кемелер, қарлар, слайд

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың түрі:аралас.

Сабақтың барысы:                                      

І. Ұйымдастыру кезеңі: 

а) Оқушылар назарын сабаққа аудару.   

- Балалар,  бүгін біздің сабағымызға алыстан қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

ә) Психологиялық дайындық

Қайырлы күн достым!

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбі күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

ІІ. Үй жұмысы:

 7 – есеп  103-бет

«Қар жауғанда» ойыны арқылы сұрау.

ІІІ.  Өткенді пысықтау:

 «Миға шабуыл» ойыны

1 Бір айда неше күн бар?

2 Екі  қолымызда неше саусақ бар?

3 Бір аптада неше күн бар?

4  Есік қандай геометриялық  фигура?

ІV. Ой қозғау

Жұмбақ шешу

1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.          (Сызғыш)

 

2. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.                    (Қалам)

 

3. Қабат - қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.               (Кітап)

 

V. Жаңа сабақ: Теңдеуді  шешу х-30=7

1. а) Теңдікті жаз:

6 - 2 = 4  

Азайтуды қосумен тексер

4 + 2 = 6

ә) Сынап көру тәсілімен  х – 30 = 7 теңдеуін шешу.

Ендеше,      х=30+7

Бұдан         х=37

Тексеру:    37 - 30=7

                   7=7. Тура санды теңдік шықты.

2. Теңдеуді жазу.

х – 40 = 9

Ендеше,      х = 40 + 9

Бұдан         х = 49

Тексеру:    49 – 40 = 9

                    9 =9.  Тура санды теңдік шықты.

Білімдерін тексеру.

3 а) Шарты:

    Сатылды – 30 кг

    Қалды -    ?,     7 кг артық               Болды -? 

    Шешуі: (30 + 7 ) + 30 = 67 кг

    Жауабы: 67кг

ә) Шарты:

   Сатылды – 30 кг

   Қалды – 7  кг                         Болды -?

   Шешуі: 30 кг + 7 кг = 37 кг

   Жауабы: 37 кг

б) Шарты:

    Қағаздан - 25 ойыншық                              ?

    Матадан  -     ?  10  ойыншық  кем            

    Барлығы - ?

    Шешуі:  (25 - 10)+25 = 40 ойыншық

    Жауабы: 40 ойыншық

4.   38 + (40 + 20 ) = 98

а + (30 + 10 )             а=56:

56 + (30 + 10 ) = 96

45 + (20+а)               а=30:

45 + (20+30) =95

V. Сергіту сәті

5. Мәні 12, 18,  - ге тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындысын жаз.

6 + 6=12                  7+ 5=12              8 + 4=12             9 + 3=12

12 – 6=6                   12 – 5=7            12 – 4=8              12 – 3=9

9 + 9 = 18               

18 – 9 =9

6. Мысалдарды шығар.

Ойын: «Шырша сәндеу»  оқушылар есепті шығару арқылы  шырша сәндеуге ие болады.

(57 - 7)+40=90              

(20+60)- 10=70             

(60+9)- 40=29     

20+(45 - 5)=60                     

60 -(39 - 9)=30                      

70+(16 - 6)=80                      

35 -(28 - 8)= 15

44+(30 - 10)= 64

80 -(67 - 7)= 20

VІІ. Қорытынды.

- Бүгін не өттік?

- Қосуға кері амал қандай амал?

VІІІ. Үйге тапсырма: 7-есеп 105 - бет

ІХ. Бағалау

 Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды  мадақтау және бағалау.

Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Теңдеу ұғымын одан әрі нақтылау.
Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Пысықтау
Теңдеу, оны шешу. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару.
Ауызша қосу және азайту тәсілдері.
Теңдеуді шешу.
Теңдеуді шешу
Квадрат теңдеуді шешу
Квадраттық теңдеуді түбірлерінің формуласын пайдаланып шешу
Бірлігі жарасқан халықпыз
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1233 | Қосты: Назарбаева Фариза Бисенбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Загрузка...