Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат есімнің жекеше, көпше түрі.


Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Пәні: қазақ тілі.
Сыныбы: 2 «ә»
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру.
2. Сұрақтарымен таныстыру.
3. Жаттығу барысында зат есімнің жекеше, көпше түрлерін ажырата білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар зат есімнің жекеше және көпше түрлерін біледі
2. Сұрақтарына жауап бере алады.
3. Жаттығуды орындау барысында зат есімнің жекеше, көпше түрлерін ажырата біледі.
Қолданылатын модульдер: Сын тұрғысынан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау, АКТ-ны қолдану.
Сілтеме: қазақ тілі оқулығы, интернет желісі.
Іс-әрекет түрлері: Өз бетімен жұмыс, диалогтық әңгіме, бірін-бірі бағалау, топпен, жұппен жұмыс
Негізгі идеялар: Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұымдастыру кезеңі. Сыныптағы психологиялық ахуалды жақсарту.
1. Шаттық шеңберін құру. Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық бәріміз,
Жарқырап атқан әр күнге!
2. Стикелер арқылы «Алма», «Жапырақ» топтарға бөлу.
3. Оқушылар «Топ ережесін» еске түсіреді. Топ ішінде оқушылар:
• Баяндамашы.
• Топ басшы.
• Хатшы.
• Таймкипер сайлайды.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. Диалогтық әңгіме. 4-жаттығуды тексеру және ережелерді сұрау:
1-топ. Нұрдәулеттің қылығына қандай баға бересің?
2-топ. Нұрдәулеттің орнында сендер не істер едіңдер?
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Сұрақтарын ата, мысал келтір.
3. Жалқа есім дегеніміз не?
4. Жалқы есімдер қандай әріптен басталып жазылады?
5. Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
(«қол шапалақтау» арқылы бағаланады).
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Білу. Миға шабуыл. АКТ дан суреттер көрсету.

Алма Алмалар
Қоян Қояндар

 Оқушылар суреттерге сұрақтар қойып жекеше, көпше түрі екенін айтады. Ереже шығарады.
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады.
Кім?не? сұрақтарына жауап беретін өздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен.
Кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар, өзендер.
2. Түсіну. Тақтаға зат есім сөздерді жазамын. Оқушылар сөздерге тиісті жалғауларды қосып сәйкестендіреді.
Іні тар
Қарындаш лер
Терезе тер
Ағаш лер
Жіп дер
Жүзім тер
IV. Сергіту сәті. Қамажай» әні. Оқушылар билейді.
3. Қолдану. Талдау. Кестемен жұмыс. Оқушылар берілген сөздерді кестедегі орындарына жазады.
Берілген сөздер: әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы.
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Бала Жазушы Дәптер Шаңғы Әжелер Қояндар Шелектер

Кітаппен жұмыс. «Тау көрінісі» өленің мазмұнымен және авторы Н.Әлімқұловпен таныстыру.
 Нұрсұлтан Әлімқұлов 14 наурыз айында 1928 жылы Қарасай ауданында, Қаскелең қаласында дүниеге келген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
 Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Көптік жалғауы бар зат есімдерді дәптерлеріне теріп жазады.
1-топ. Бақа,бозторғай.
2-топ. Саяхатшы, аң.
Оқушылар бірін-бірі «қол шапалақтау» арқылы бағалайды.
V. Сабақты бекіту.
4. Жинақтау. Әр топқа сөздер беріледі. Сөздерді топтастырып жазады.
1-топ. Қалам, жазушы, сауысқандар, ақындар, қағаз, гүл, жемістер, қалалар.
2-топ. Жүзім, қарындаштар, сағат, терезелер, биші, әншілер, тақта, орындықтар.
VІ. Сабақты қорыту.
• Зат есім дегеніміз не?
• Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
• Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
VІІ. Бағалау. «Бағдаршам» арқылы бағалау.
Жасыл түс- толық түсіндім.
Сары түс- жартылай түсіндім.
Қызыл түс- мүлдем түсінген жоқпын.
Үйге тапсырма: 5-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу. Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді тапу.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
My face
Зат есімнің жекше және көпше түрлері.
Зат есімді қайталау.
Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Қыс келбеті. Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
Жалғау
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Зат есімнің жіктелуі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3710 | Қосты: Мұратбекова Жанар Ілиясқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык