Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жырлайды жүрек


Жырлайды жүрек

Әдебиет заңғарлары

Тақырыбы: Жырлайды жүрек!

Мақсаты:

     Білімділік: Мұқағали Мақатаев өмірбаянымен таныса отырып, ақын өлеңдерін оқушылар арасында кеңінен насихаттау.

     Дамытушылық: ақын поэзиясын терең ұғынуға, мәнерлеп оқуға, әндерін нақышына келтіріп орындауға, ақын поэзиясын сүйіп оқуға үйрету.

     Тәрбиелік: ақынның поэзия өнеріндегі биіктігін, асқақтығын оқушы көңіліне сіңіре отырып, адалдыққа, пәктікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Түрі: кеш

Көрнекілігі: М. Мақатаев портреті, суреттер,  қанатты сөздер, кітаптар, слайдтар.

 

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Өтетін орынды әзірлеу

2. Оқушылардың қатынасын қадағалау

 

ІІ. Негізгі бөлім

1. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!» кіріспе сөз

 

2. «Халқына қақ жарылған қайран жүрек!» кештің ашылуы, жүргізушілер сөзі

 

3. «Жырлайды жүрек»  (ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)

 

4. «Мұқағали Мақатаев күнделіктері»

 

5. «Ақын туралы естеліктер»

 

6. «Ән – көңілдің ажары!» әндерін орындау 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

       «Жалғастыр!» ойыны (ән шумақтарын жалғастыру)

 

«Жырлайды жүрек!» атты поэзия кешінің бағдарламасы

 

1. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!» кіріспе сөз

1-мұғалім:  Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келді. Ақынның азан шақырып қойылған аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен.

     Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген. Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.

2-мұғалім: Ол – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің жауапты хатшысы, «Егемен Қазақстан» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Советтік шекара» газетінде жарияланды. «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді.

1-мұғалім: Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез-келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі.

 

2. «Халқына қақ жарылған қайран жүрек!» кештің ашылуы, жүргізушілер сөзі

 

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен, Абай болып табынсам бір кісіге,  

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтың 83-жылдық мерейтойын атап өту мектебімізде басталып кетті.

 

2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев – бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақын. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы белгілі. Ол – қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақын.

 

1-жүргізуші:

Жөн-жосық бізге де осы керек-ақ деп,

Бармадың бір жиынға делегат боп.

Алмадың бір сыйлықты, сен дегенде

Боп кетті сол құрғырдың әлегі-ақ көп, - деп ақын туралы Сабырхан Асанов жырлағандай, Мұқағали көзі тірісінде сый-құрметке ие болмаған еді. Кейіннен «Ғасыр ақыны» атағын иеленсе, 70-жылдық мерейтойына орай «Аманат» жинағы үшін лауреат атағы берілді.

2-жүргізуші: Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да – осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды. Иә, байырғы бабалар дархан даламыздың қас жауына қарсы аттанғанда жазылған қара өлең, соғыста қанмен жазылған қара өлең, ақ жүректі аналар дүниеге сәби әкелгенде ақ сүтімен жазылған қара өлең ақынды барынша баурап алған-ды. Ол шыр етіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқан-ды. Сол бесіктен басталған жыр оны ақыры ақынға айналдырды.

1-жүргізуші:

Жалғасы бар жырымның, жалғасы бар,

Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.

Сел-жырым ақтарылса арнасынан,

Селкілдеп тау мен тасын зорға шыдар, - дей отырып, ендігі кезек «Жырлайды жүрек» бөлімі бойынша оқушыларға беріледі.

3. «Жырлайды жүрек»  (ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)

 

2-жүргізуші: Келесі бөлім «Мұқағали Мақатаев күнделіктері» - деп аталады.

1972 жыл 27-наурыз. Дүниеге жаңа келгендеймін, ой-санам, жүріс-тұрыс, мінезде сұмдық өзгеріс бар. Сәл кештеу оянған жоқ па? Әлде дер шағы ма екен!

 

1-жүргізуші:

Жазылар естеліктер мен туралы,                Біреулер тұлпар еді деуі де мүмкін,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.                Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы, - деп ақынның өзі айтып кеткендей, ол туралы көптеген естеліктер айтылып, жазылған болатын. Ендігі кезекті ақын туралы естеліктерге береміз.

 

6. «Ән – көңілдің ажары!» әндерін орындау 

2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында: «Бүгінде халық әнді көп айтады. Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес. Бірақ жақы әнге жақсы өлең қосылса, бір ғажап қой» деген екен. Сол айтқанындай Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келгенді. Олай болса, мұқағали сөзіне жазылған әндерге кезек берейік.

 

1-жүргізуші:

Не деген керемет күн, керемет күн,

Жаныңа бәрі дайын не керектің.

Көрінер гүлдердің де бүр жарғаны,

Естілер ұшқаны да көбелектің, - деп жырлаған мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әнін тыңдайық.

 

2-жүргізуші: 1970 жылы жазылған «Ақ қыздар арым таза алдарыңда» атты жырында:

Ақ қыздар бәріңді де тұнық көрдім,

Жасқанып жанарлардан бұғып келдім.

Біріңнің арыңа ақау түсірмедім,

 

Шыққанша қырқасына қырық белдің, - деп жырлап өткен ақынның сөзіне жазылған «Арулар – асыл жандар» әніне кезек береміз.

1-жүргізуші:

 Жыр десе Мұқаң аты аталатын,

Бүгінде мәңгі ұйқыда жатыр ақын.

Жырлары жалын сөзбен көмкерілген,

Сақтаймын жүрегімде ақын атын, - дей келе, «Бақыт деген» әніне кезек береміз.

 

2-жүргізуші: ақын осы өлеңі арқылы өз ұрпағының сүйікті ақынына деген сағынышын және өзінің «еске алып тұрса екен» деген тілегін жазып кеткен сияқты. Ендеше «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдап көрелік.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

       «Жалғастыр!» ойыны (ән шумақтарын жалғастыру)

 

1-жүргізуші:

Мына дәуір менікі, мына ғасыр,

Минут сайын керемет, ұлан-асыр.

Мәңгілікке ғасырың бара жатса,

Бірге кетпей қалайша тұра аласың.

 

2-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

 

1-жүргізуші:

Жылдар өтер. Туар әлі небір ақындар. Бірақ, Мұқағали жыры өз биігінде оқылып, әр адамның жадында жаттала берер. Қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген мұқағали есімі де ғарыштап кететіні – ақиқат.

2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев ешқашан ұмытылмақ емес. Мұқағали – бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсыақынды таңдай білсек, қорғай білсек, халқымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Ақынның әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап оқуымыз керек. Ол - біздің міндетіміз.

1-жүргізуші: Осымен бүгінгі ақиық ақын Мұқағалидың туған күніне арналған поэзия кеші аяқталды. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар! 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
«Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны »
Сен тірісің жан аға халқың барда
Жырлайды жүрек
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Жырлайды жүрек
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері
Қазақ поэзиясының Хантәңірі
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4501 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык