Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Буылтық құрттар типі


Буылтық құрттар типі

Буылтық құрттар типі

Сабақтың мақсаты: Білімділік – Буылттық құртты мысалға алып, ішек қуыстылы, жалпақ, жұмыр құрттармен (сыртқы, ішкі құрылысы бойынша) салыстырғанда әлдеқайда күрделі ерекшелік сипатын көрсету. Шұбалшаңның топырақ түзу процесіндегі маңызын анықтау.
Дамытушылық – оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.
Тәрбиелік – ойын элементтерін пайдалана отырып, болашаққа көзқарасын қалыптастыру.
Технология, экология, салауаттану, 6 сынып биологиясы пәндерімен пәнаралық байланыста өткен сабақта көрнекті баяндау, ойындар және зертханалық жұмыстар, тест тапсырмалары әдістері қолданылды.
Сабақтың көрнекілігі: «Шұбалшаңның сыртқы және ішкі құрылысы», «Буылтық құрттардың сан алуандығы», «Буылтық құрт денесінің көлденең кесіндісі», «Құрттар типтерінің салыстырмалы кестесі», зертханалық жұмыс үшін: тірі шұбалшаңдар, ұлғайтқыш әйнек, тәрелке су, оқушылар столына бір парақтан ақ қағаз, сапталған инелер, шыны таяқшалар, ұсақталып туралған пияз, сызғыштар таспаланған мата, қысқыш (пинцет).
Сабақ үш түрлі минисабақ түрлерінен құрылды.
1. Жарыс сабақ.
2. Зертханалық жұмыс.
3. Тест тапсырмалары, биологиялық ойындар. 
 
I. Биологиялық ойындар сабағында сынып оқушылары үш топқа бөлінді:
1. Ақсұлама 2. Ішексорғы 3. Шұбалшаң
«Буылтық құрттар типі» тақырыбын түсіндіру үшін оқушылардың шұбалшаң туралы 6 сынып биологиясынан алған білімдеріне (6 сынып, «Биология» §34, 36, 38, 40, 42, 44) сүйене отырып үш топтың арасына жарыс сабақ ұйымдастырдым.
Тақтаға сыртында цифрлары бар қағаздар жапсырылған. Қағаздың келесі бетінде шұбалшаңның сыртқы құрылысы, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, жүйке жүйелері, бұлшық еттері туралы сұрақтар бар.
Үш топ кезегімен сұрақты таңдайды да, сұрақтың жауабын топ болып іздейді. Топтан бір оқушы шығып, тақтаға ілінген таблицаны пайдалана отырып жауап береді. Жауап іздеуге 1 минут уақыт беріледі. Қолдарындағы қағаздағы сурет тұсындағы және жауап тұсындағы ойықтарға бірдей сандар қоюлары керек. 
Алдымен бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы «Буылтық құрттар типі» екенін айта отырып сынып оқушыларына мынадай сұрақтар қойылады. «Алдарыңдағы ыдыстағы құрт сендерге таныс па, қалай аталады, қандай жерде мекендейді? Неліктен шұбалшаңды буылтық құрттар типіне жатқызады?»
Оқушылар ыдыстағы құрттың шұбалшаң деп аталатынын, оның ылғалды, құнарлы бақша топырағында кездесетінін, денесі көптеген буылтықтан тұратындықтан «буылтық құрттар типіне» жататынын айтады. 
Сосын «жарыс сабақ» басталып, топтағы оқушылар тақтадағы сұрақтарды кезегімен таңдап, жауап бере бастайды.
II. Зертханалық жұмыс оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, теориялық білімін практикамен ұштасу мақсатында жүргізіледі. 
№15. Шұбалшаңның сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркенуге қайтаратын жауабын бақылау.
Құрал-жабдықтар: 1) екі (болмағанда үш) оқушыға бірден келетіндей етіп шұбалшаң әзірлеу; 2) осынша мөлшерде стақан немесе шыны ыдыстар; 3)қолға ұстап қарайтын ұлғайтқыш әйнек; 4)шыны таяшалар; 5)пияздың пиязшығы; 6) қалта электр шамы. Құрттарды шыны ыдысқа салып, оқушылардың үстелдеріне тарату.
1. Ылғалды және құнарлы топырақты үлескіден шұбалшаңның ірі дараларын тауып алу. 
2. Шыны ыдыстағы шұбалшаңды қолмен сипап, анықтап қараңдар. Шұбалшаңның ұзындығын сызғышпен өлшеңдер. Денесінде неше буылтық бар екенін санаңдар. Шұбалшаңның денесі саусақпен сипағанда қалай әсер ететінін байқаңдар. Терісінің саусаққа қалай сезілгенін айтыңдар. 
3. Шұбалшаңның аузы қалай орналасқанын, денесінің алдыңғы және соңғы бөлігін анықтап, ажыратыңдар.
4. Шұбалшаңның арқасы мен құрсақ жағында қандай айырмашылық болатынын байқаңдар. Құрт денесіндегі қылтандарының қалай орналасқанын ұлғайтқыш әйнекпен анықтап қараңдар. Шұбалшаңның әр түрлі тақтайшаға (әйнек, ағаш, топырақ себілген) жіберіп, қалай қозғалатынын бақылаңдар. 
5. Шұбалшаңның денесін шыны таяқшамен түртіңдер. Байқағандарыңды дәптерге жазыңдар. Пияз пиязшығын алдына тастағанда шұбалшаң қандай айла жасайтынын бақылаңдар. Шұбалшаңға қалта электр шамымен жарық түсіріп көріңдер. Оның шұбалшаңға қалай әсер еткенін дәптерге жазыңдар.
III. Оқушылардың теориялық алған білімдерін пысықтап, сабақты бекіту үшін тесттік сұрақтар, биологиялық ойындар жүргізілді. 
1. «Кім шапшаң ойыны»
Мақсаты: Оқушылардың шұбалшаңның ішкі құрылысы туралы алған білімдерін бекіту. 
Ойынның шарты: Үш топқа шұбалшаңның ішкі мүшелері жазылған қиық қағаздар таратылады. Оқушылар оқулықтағы 127-суретке қарай отырып, өздеріне берілген ішкі мүшелерді тез тауып, қолдарындағы қиық қағаздарды магнитті тақтаға жапсырып, тұстарына сәйкес сандарын жазады және өздеріне тапсырылған ішкі мүшелерді таблицадан көрсетеді.
2. «Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны. 
Мақсаты:оқушылардың құрттар типтерінің өкілдерін бір-бірінен ажырата білулерін анықтау. 
Ойынның шарты: Еденге бормен үш дөңгелек сызылады. Бірінші шеңбердің ішіне «жалпақ құрттар типі», екінші шеңбердің ішіне «жұмыр құрттар типі», үшінші шеңбердің ішіне «буылтық құрттар типі» деп жазылған.
Ойынның барысы: «Ақ сұлама», «Ішек сорғы», «Шұбалшаң» топтарынан ортаға шыққан үш оқушы мұғалім белгі берген сәтте өз типтері жазылған шеңберге тез кіруі керек.
3. Ойынның екінші нұсқасы.
Столдың үстіне тип өкілдер жазылған қағаздар жатыр: ішексорғы, сиыр цепені, бауырсорғыш, ақ сұлама, үшкірқұрт, нерейда эхинококк, миқұрт, шұбалшаң, құмқазар, сүлік, айырдене.
Ойынның шарты: Үш топтан үш оқушы шығып «буылтық», «жұмыр», «жалпақ» құрттар типінің өкілдерін шеңбер ішіне орналастыру керек. Қай топ бұрын, әрі дұрыс өкілдерін тапса, сол топ жеңімпаз.
Тесттік сұрақтар.
1. Шұбалшаң қандай мүшесі арқылы тыныс алады?
а) тері жабыны арқылы
ә) желбезек арқылы
б) демтүтікшелер арқылы
2. Шұбалшаңның зәр шығару мүшелері:
а)имек түтікшелер
ә)жасыл түсті без
б)жиырылғыш вакуоль
в)мальпигии түтікшелер
3. Шұбалшаңда «ми» деп қай жүйке түйінін айтады:
а) жұтқыншақасты түйіні
ә) жұтқыншақүсті түйіні
б) құрсақ жүйке тізбекшесі
4. Қандай бұлшықеттің жиырылғанды шұбалшаң денесі ұзарады:
а)сақиналы бұлшықет
ә)біріңғай салалы бұлшықет
 
Қызықты мәліметтер
1. Шұбалшаңды қазақ емшілері дәрі есебінде қолданған. Оны жаңа күйінде, кейбір жағдайда дұрыстап кептіріп алып пайдаланады. 
Адамның кеңірдек өңеші қабынғанда, я болмаса алқынғанда, деміккенде талқандалған 1,2 грамм шұбалшаң үгіндісін  1 грамм өрік дәнінің ұнтағына араластырып, оны 0,6 грамнан екіге бөледі. Дайындалған дәріні күніне екі реттен қайнаған суға қосып ішеді. 
Шұбалшаңды қан қысымы көтерілгенде жиі қолданылады. Шұбалшаңды отқа қақтап кептіреді де, жақсылап талқандайды. 0,5 грамнан күн сайын екі-үш реттен қайнатылған суға араластырып ішу керек. 
2. «Қобыланды» жырында «шұбалшаң салып ат мінген» деген жол бар. Тайбурылды алты қанат ақ ордаға салып, «түтікпенен су беріп, түңдікпенен күн беріп» баптағанда, танауынан шұбалшаң да салады екен. Бұл арғымақтың алысқа шапқанда тынысын кеңейтеді екен. 
Сабақты топаралық жарыс, зертханалық жұмыс, биологиялық ойын, тестік тапсырма түрінде өткізу оқушылардың танымдық қызығуын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытып, белсенділігін арттырады.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Парази
Буылтық құрттар типі. Шұбалшаң
Бауыраяқты ұлулар класы
Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, оның көбейуі және дамуы
Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы
Сүлік. Шұбалшаңның тіршілігі
Буылтық құрттар типі
Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типін қорытындылау сабағы
Қазақстанда жиі кездесетін паразит құрттар
Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 12170 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык