Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.


Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.

Сабақтың тақырыбы: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.

Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы

туралы білім беру. Оқушыларға будандастыру нәтижелерін арнайы жазу

жүйесін (Пеннет торын) пайдалануды үйрету.

Дамытушылығы: оқушыларға биологиялық ғылыми әдістер арқылы организмді будандастыру нәтижесінің мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеде болжауға болатындығын түсіндіру. Генетикалық терминдердің мәнін ашу.

Тәрбиелігі: Генетика туралы түсініктерін дамыту. Кесте мен кітаппен жұмыс жасап үйрету. Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Хабарлама, жаңа білімді қалыптастыру.

Әдістемелік шешім: Сұхбат, әңгіме-сұхбат,  кестелер мен суреттерді қолдану, электрондық оқулық арқылы жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Сурет бетшелері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тірек сызб суреттер, кестелер.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Моногибридті шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі туралы білімдерін зерттеу. Есептер шығару.

І есеп. Адамда таскерең ауруы аутосомалы- рецессивті типті тұқым қуалайды. Егер әке-шешесі де осы ауру бойынша гетерезиготалы болған жағдайда осы отбасында сау және ауру балалардың туу ықтималдылығы қандай?

Шешуі: Есептің шартын кестеге жазамыз

Белгі

Ген

Генотип

Жақсы естиді

А

Аа

Таскерең

а

аа

Некеге тұрған ата-ананың генотипі гетерозигота- Аа және Аа. Олар жақсы естиді. Гетерозиготалы ата-анадан балалардың өмірге келу ықтималдығы генотипі бойынша мынадай болады: АА-25%, Аа-50%, аа-25% болады.

Жауабы: сау балалардың өмірге келу ықтималдылығы-75%, ал ауру болуының ықтималдылығы-25% болады.

ІІ. Жаңа сабақ: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы. Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.

Мендельдің екінші заңы: Белгілердің ажырау заңы.

Жаңа сабақты ашу үшін Мендельдің бірінші заңы негізінде қандай заңдылықтар ашылды?

Мендель «Бір немесе екі белгісінде айырмашылығы бар дараларды будандастырғанда қандай өзгеріс болады деп еді?»

Екі белгісі (сары тегіс және жасыл бұлдыр) дараларды будандастырғанда дараларды будандастыру қалай аталады?

Бірінші ұрпақтың гетерозиготалы (будандық) дараларын өзара шағылыстырса, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің ажырауы жүріп, екі белгі де жарыққа шығады. Ажырау фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:1 арақатынасында байқалады, бұл Мендельдің екінші заңы.

Белгі: А – сары түсті, а – жасыл түсті, В – тегіс пішінді, b–бұдыр пішінді

Ғ 2 дегі ұрпақтың Пеннет торында орналасуы:

♀/ ♂

AB

Ab

aB

ab

AB

AABB

AABb

AaBB

AaBb

Ab

AAbb

AAbb

AaBb

Aabb

aB

AaBb

AABb

aaBB

aaBb

ab

AaBb

Aabb

aaBb

aabb

Сабақты қорыту: Дигибридті будандастыруға есептер шығару.

1-есеп. Адамда қой көзді белгі, көк көздіге қарағанда басым, ал оңақайлық, солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әртүрлі хромосомада орналасқан. Көк көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біреуі көк көзді оңқай, екіншісі көк көзді солақай. Шешесінің генотипі қандай?

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.

Белгі

Ген

Генотип

Қой көзді

А

Aa, AA

Көк көзді

А

Aa

Оңқайлық

B

Bb, BB

Солақайлық

b

bb

Жауабы: шешесінің генотипі-ааBb болады.

2-есеп. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруі қалыпты белгіде басым, ал қой қөзді белгі, көк көзді белгіден  басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әртүрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек, көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады.

Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз

Белгі

Ген

Генотип

Алыстан көрмеушілік

А

АА, Аа

Көруі қалыпты

а

Аа

Қой көзді

B

BB, Bb

Көк көзді

B

Bb

Жауабы: бұл некеден туылған ұрпақтардың генотипі және фенотипі 4 түрлі болады.

Үйге тапсырма:Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы. Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар. Тақырып соңындағы генетикалық есептерді шығару.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұқым қуалаудың заңдылықтары. Будандастырудың типтері
Басымдылықтың әр алуан типтері, ажыраудың күткен шамадан ауытқуы Қосбуданды шағылыстыру. Тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Генетикалық карталар
Негізгі генетикалық ұғым. Мендель заңы және оның тәжірибелері
Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылықтары
Г. Мендель заңдарына есептер шығару
Генетикалық есептер шығару
Интеллектуалдық казино
Жыныстың генетикалық анықталуы, Жыныспен тіркес тұқым қуалау, Адамның генетикалық әртүрлілігі.
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 7047 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык