Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары


Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары

Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқулықтағы мәтінді оқыту, мазмұнын меңгерту. Аңдар мен малдарды ажырата алып, үй хайуанаттарына не жататынын білдіру. Олардың сүтқоректілер аталу себебін ұғындыру. Үй жануарлары мен аңдар арасындағы байланысты байқату.                                                                                                                     Дамытушылық: Аңдар мен жануарлар, үй хайуанаттары пайдасын ұғынып, төлдерін атай білу. Тіл, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.                 Тәрбиелік: Жануарлардың маңызын түсініп, оларға деген жағымды көзқарас қалыптастыру. Үй жануарлары мен үй хайуанаттарына күтім жасауға баулу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас  сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірме
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру  кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.  
2. Оқушы назарын сабаққа аудару. 
II. Үй тапсырмасын тексеру  
  Сүтқоректілер класы немесе аңдар.Кластың жалпы сипаттамасы.
III. Үй тапсырмасын бекіту
        а)сұрақ-жауап 
1) Қазіргі кезде сүтқоректілердің қанша түрі белгілі?
2) Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы?                                   
3) Сүтқоректілер қандай табиғи орта жағдайларында тіршілік
етеді?
4)Класс неліктен сүтқоректілер деп аталады?
 
 
IV. Жаңа сабақ.
   Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық жолдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян - 45-51 күн, бұғылар - 8-9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12-13 айда төлдейді. 
   Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
  Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулерінікі соқыр және жәрдемсіз болып туады. Барлық жануарларда анасы сүтінен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Жүйке жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген.
   Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше  экологиялық топтарға бөледі:
   Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер-Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды.Олар ашық жерлерде,бұта мен ағаш арасында,кейде ағаш баснда кездеседі.Ашық жерлерде саршұнақтар,суырлар,қосаяқтар мекендейді.
    Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерге көртышқандар,соқыртышқандар,қалталы көртышқандар жатады.Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді.
  Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланвсты.Оған құндыздар,жұпартышқандар,ондатрлар,киттер жатады.
  Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар(жарқанаттар) жатады.Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында,денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады.Олар  жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
     V. Жаңа сабақты бекіту «Бортты журнал»әдісі
 
 
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?
ә)« Іздеу ұйымы » Екі оқушыға жеке конверт беріледі. Конверт ішінде екі жануардың суреті бар. Осы жануардың мүшелерін дұрыс құрастырып, жануардың атын, құрылысын, маңызын айтады
б)«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу
Құрлықты мекендейді   Құндыз,кит,ондатр
Жер астында тіршілік етеді Суыр,саршұнақ
Суда тіршілік етеді Көртышқан,соқыртышқан
VІ. Бағалау 
VІІ. Үйге тапсырма беру
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы.Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары
Сүтқоректілер класы. Тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер
Балықтардың көбеюі және дамуы
Жұлдызды сағат ойыны
Кластың жалпы сипаттамасы
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер
Үй хайуанаттары және ауыл шаруашылық жануарлар
Ұрықтың дамуы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 5410 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык