Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өсімдік шаруашылығы географиясы


Өсімдік шаруашылығы географиясы

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы географиясы

Мақсаты:
Білімділік:  Өсімдік шаруашылығы географиясымен ,оның ішінде дәнді дақылдар мен техникалық дақылдар географиясы,  бақша мен жеміс –жидек географиясымен   таныстыру .
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу,өз ойларын жеткізе білуге ұйымшылдыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу .  Географиялық мәдениетін қалыптастыру .
Дамытушылық: Жалпы табиғат туралы көзқарастарын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру , танымдық, іскерлік қабілеттерін дамыту .
 
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , дүние жүзінің саяси  картасы , жарты шарлардың физикалық картасы ,Атлас ,оқулық жұмыс дәптері , кескін карта .тірек сызбалар.
Сабақ түрі :  Аралас сабақ
Сабақ әдісі :  Сұрақ –жауап , түсіндіру , баяндау ,
 
Сабақтың барысы :
I.  Ұйымдастыру . 
II .Үй тапсырмасын сұрау .
III. Жаңа сабақ 
IY. Жаңа сабақты бекіту .
Y.  Қорытынды
YI. Бағалау .  
YII.Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
 
II. Үй   тапсырмасын тексеру: (7 минут)
 
1.  Дүние жүзілік шаруашылық қандай салалардан тұрады ?.
2.  Ауыл шаруашылығының қандай  басты салаларын білесіңдер ?
3.  Дүние жүзі бойынша ауыл шаруашылығында қанша адам жұмыс істейді ? 4.  ЭБХ дегеніміз не, оның а/ш қандай қатысы бар ?
5. Жерге қандай меншік түрлері тән ?
6..А/Ш қандай үш топқа ажыратылады ?
7 .Интенсивті шаруашылық  дегеніміз не?
8. Экстенсивті шаруашылық деген ше?.
9. Жасыл революция мәні неде?
10.Шаруашылық ұйымдасуының қандай типтері бар?
 
 
III. Жаңа сабақ: (20 минут)
Тақырыбы:  Өсімдік шауашылығы географиясы
(Оқушыларға осы тақырып бойынша іздену жұмыстары тапсырылған.)
 
Іздену жұмыстары бойынша оқушылар сөйлейді.Өсімдіктердің түрлі  кеппе шөптері(гербарий ) таныстырылады.
 
Мұғалімнің түсіндірмесі:
     Адамзатқа азық –түліктің көп бөлігі мен жеңіл өнеркәсіп үшін қажетті шикізатты өсімдік шаруашылығы береді.  Өсімдік  шаруашылығы  а/ш басты саласы. Өсімдік шаруашылығы егіншілік,  бақша  мен  жеміс –жидек шаруашылығынан тұрады. Дәнді дақылдар -өсімдік шаруашылығының негізін құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетінжер қорының ½ -інен астамын алып жатыр. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдардың  өндірілетін мөлшері 2 млрд  асып отыр .Өнімділігінің  артуы егіс көлемін ұлғайту есебінен  емес, әр гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде .
 Дәнді дақылдардың шығымдылығы : 
Дамушы елдерде     15-20 ц /га
Дамыған елдерде    35-40 ц/га
 
Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл :бидай , күріш , жүгері   құрайды.
 
Басты өндіруші елдер :
                                                                         Оқулықтағы  24 кестені талдау
 
р/с
  Елдер өнім мөлшері      
        млн т Елдің дәнді дақылдар
    жинаудағы үлесі %
1 Қытай 448,9 21,6
2        АҚШ 341,0 16,4
3 Үндістан 220,8 10,6
4       Ресей 67,1 3,2
5       Франция           64,6                   3,1
6 Индонезия 59,0 2,8
7 Канада 53,0 2,6
8 Бразилия 44.7 2,2
9 Германия 44,1 2,1
10 Аргентина 33,6 1,6
 
Дүние  жүзіндегі  егіс көлемі : 
 
Н.И.Вавилов –орыс ғалымы, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын зерттеді. Бидайдың негізгі шыққан Отаны –Алдыңғы Азиия мен Жерорта аймағы. Дүние жүзінде 70 –тен астам ел    бидай өсіреді.                                             
Негізгі  маманданған ірі шаруашылықтары бар аудандарға : АҚШ пен Канада                                       Қазақстан,Украина ,   Ресейдің оңтүстік бөлігі ,Африканың оңтүстігі Аустралия, Аргентина Пампасы жатады. Виннипег қаласын « Бидай астанасы «деп атайды. Қазақстанда дәнді дақылдардың 415 түрі өсіріледі .Д. ж.10000-ға тарта түрі бар. Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидай ,оңтүстігінде күздік бидай өсіріледі. Бидайдың 5/4бөлігін Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары  береді .
 
Күріш –тропиктік дәнді дақыл . Негізгі Отаны –Қытай .Егіс көлемі бидайдан   аз  болғанымен өнімі бірдей . Оның басты себебі субтропик , тропиктік субэкваторлық белдеуде орналасқан.  Қытай, Үндістан  Жапония,Египет т.б елдерде жылына екі рет өнім жиналады. Д. Ж.-де 100-ге жуық ел егеді . 9/10-ын Азия елдері  өндіреді. Қазақстанда  суармалы , жылуы мол Сырдария ,Іле өзендері бойында өсіріледі .Қызылорда облысында Ы. Жақаев атамыз әр гектардан 174 ц күріш алып әлемдік рекорд жасады. Дүниежүзілік диханшылықта әр гектардан 24 ц күріш алынады . Д. Ж: суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр .
Жүгері( Маис)- Шыққан жері- Америка .Дәнді дақыл ретінде ғана емес, мал азығы есебінде де  өсіріледі. Өндіруші елдер: АҚШ, Кытай, Мексика, Бразилия, Еуропаның оңтүстік елдері. АҚШ-тың Ұлы көлдерінің оңтүстігі жүгері белдеуі.  Экспортқа: Египет , Ресей   Иран , Қытайға шығарады .
ТМД елдері дәнді дақылдарды сырттан алады. Жылына 30-40 млн т астық алынады .Қазақстан астықты экспорттаушы ел.
 
  Техникалық дақылдар -  кез  келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер .Оларға майлы дақылдар. Талшықты., крахмалды , қант өндіретін сергітпе , дәм –татымдық дақылдар жатады .Азық түліктік маңызы бар ж/е азық түлікке жатпайтын  деп ажыратылады.
 Майлы дақылдар : дәнді дақылдардан кейінгі 2 орында .Оған  соя, күнбағыс, жержаңғақ. Пайдаланатын майдың2/3 осы өсімдіктерден алынады .Соя –АҚШ, жержаңғақ -Үндістан ,күнбағыс –Ресей өндіруден  алдыңғы орында .Азия , Латын Америкасы елдері пальмадан  мақта майлары алынады .
Қант дақылдарынан жылына 100 млн т кант өндіріледі .60 пайызын қант құрағынан , 40 пайызын қант қызылшасынан алады .Қант құрағы-Бразилия Үндістан,Қытайда . Қант қызылшасын өндірушілер –Франция , АҚШ , Ресей,Украина.
Мақта –талшықты дақыл. 20 млн т. Дүние жүзінде  өндіріледі. Мақта өндіру және жинау жөнінен 1 орын-Азия елдері, 2 орын-Америка, 3 орын-Африка елдері.  Зығыр өндіру Ресейде, Беларуссияға 2/3 бөлігі тиеді . Джут өндіру Үндістан мен Бангледеште .Табиғи каучук –Тайланд, Малайзия елдері егеді. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан да мақта егуге маманданған .
 Картоптың Отаны- Оңтүстік Америка . 1 орын-Ресей,  2 орын-Польша , 
 3-орын Қытай.
Шай- Қытай , Үндістан,Грузияда
 Кофе-Африкада. Оның 2/3 –ін Латын Америкасы елдері экспортқа жібереді .
 
Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы жылдық өнімділігі - 600 млн т 
70 пайызы Азияда егіледі . 
Жеміс –жидекті көп өндіретін елдер :
1.Қытай 
2.Үндістан   
3.Бразилия 
4.АҚШ  
5.Италия елдері 
Банан да азиялық жеміс,бірақ қазір барлық жерде өседі .
Жүзімді  -  Италия, Франция ;Испания ;АҚШ егеді .
 ІV. Жаңа сабақты бекіту. (7минут)                           
1.Кескін картамен жұмыс:   
Дәнді дақылдардың орталықтарын түсір
2.Жұмыс дәптері бойынша тақырыптық тапсырмалар орындау.
3. Тест сұрақтарына жауап беру .
V. Қорытынды: (5 минут)
VІ. Бағалау: (2 минут)
VІІ. Үй тапсырмасын беру. (3 минут)
1.Тақырыпты оқу
2. Кескін картамен жұмыс     (Техникалық дақылдардың ірі орталықтарын түсіру)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ҚМЖ 10 - сынып "Ауыл шаруашылығының салалық құрылымы. Өсімдік шаруашылығы"
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер
Көкөністер, жеміс-жидектік және бөлме өсімдіктерін көбейтіп өсіру
Дүние жүзі тарихы
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Өсімдік шаруашылығы географиясы
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Егін шаруашылығы
Жеміс. Тұқым. Көкөніс.
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 8861 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык