Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типін қорытындылау сабағы


Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типін қорытындылау сабағы

Сабақтың атауы Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типін қорытындылау сабағы

Сілтеме Білім стандарты, биология пәнінің бағдарламасы, орта мерзімді жоспар
Жалпы мақсаттар Оқушы бойында өз бетімен білім алу,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.Сандық технологияларда құзырлылық танытатынбелсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі • Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.
• Ақпараттық  технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі.
• Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
Негізгі идеялар Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.
Дереккөздер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың жүру барысы
Уақыты Мұғалімнің іс–әрекеті Оқушының іс-әрекеті
5мин Ұйымдастыру , топқа бөлу
Өткен сабақ тақырыбына шолу. Блиц-турнир
Жаңа сабақҚызығушылықты ояту 
«Кубизм стратегиясы»
«Мағынаны тану» 
«Ой қорыту» 
Бағалау Жинақтау, топтарымен орналасу
Сұрақ – жауап әдісі бойынша талдау
АКТ арқылы сұрақ – жауап. 
Суреттейді, салыстырады, зерттейді, қолданады, талдайды, талқылайды
Оқушылар  бір – біріне сұрақтар қою, диалогтық оқыту,шығармашылық тапсырма.
Тапсырма түрінде беру 
Өзін – өзі бағалау
Ұйымдастыру
Өткен сабақ тақырыбына шолу   (диалог)
Блиц-турнир «Ия» немесе «жоқ» деп жауап береді
«Ақ сұлама» тобына: 
1. Басым  бөлігі паразиттік тіршілік етеді - ия
2. Денесі  үш қабатты-ия
3. Денесі екіжақты симметриялы-ия 
4. Көпжасушалы  жәндіктерге жатады-ия
5. 15 мыңнан аса түрі бар- ия 
6. Денесінде қуыс болмайды-ия 
7. Көпшілігінің  пішіні жапыраққанемесе таспаға ұқсас-ия
8. Жүйке  жүйесі дененің бас бөлігінде орналасқан-ия
9. Зәршығару  жүйесі дамыған-ия 
10. Жалпақ құрттар-қосжынысты жәндіктер-ия
«Зымырақ» тобына:
1. Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы- ия
2. Денесі үш қабаттан тұрады- ия
3. Көпшілігі дара жынысты ия
4. Олар алғашқы қуыстылар типі деп аталды- ия
5. Қуысқа толы сұйықтық сыртықы ортамен байланыспайды- ия
6. Дүние жүзінде 2 мыңға жуық түрі кездеседі-жоқ
7. Ауыз қуысы денесінің артқы жағында, ал аналь тесігі алдыңғы жағында орналасқан-жоқ
8. Ішексорғылар -қосжынысты жәндіктер- жоқ
9. Сезім мүшелері жақсы жетілген- жоқ
10. Ішексорғының қантарату және тыныс алу мүшесі дамыған-жоқ
«Сүліктер» тобына:
1. Денесі шұбалаңқы- ия
2. Екіқабатты, біржасушалы жәндіктер-жоқ 
3. Денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар- ия
4. Бұлардың 90-мыңға жуық түрлері бар-жоқ 
5. Тұңғыш рет  тұйық қанайналым жүйесі пайда болды ия
6. Зәршығару жүйесі дамымаған-жоқ 
7. Қантарату жүйесі жақсы дамыған ия
8. Көпшілігінде қанның түсі-көк болып келеді-жоқ 
9. Сүлік-паразит, жыртқыш жәндік- ия
10. Азқылтанақты құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді-жоқ
 
«Қызығушылықты ояту»Бейнебаян арқылы құрттар өмірімен танысу
«Мағынаны тану» 
1. Жалпақ құрттар кластарын ата - таспа құрттар (сиыр цепені), сорғыш құрттар (бауырсорғыш), кірпікшелі құрттар (ақ сұлама)
2. Жұмыр құрттар класын ата- зымырақтар, қылқұрттар, жұмыр құрттар, құрсақкірпікшелі құрттар
3. Буылтық құрттар класын ата- азқылтанақты құрттар (шұбалшаң), көпқылтанақты құрттар (нереида, құмқазар), сүліктер 
«Кубизм стратегиясы»
1. Суреттеу (Сиыр цепенінің  даму айналымы)
2. Салыстыру (эктопаразиттер, эндопаразиттер)
3. Зерттеу (Сірқабықтың атқаратын қызметі )
4. Қолдану (Сүліктерді қайда және қандай мақсатта  қолданамыз?)
5. Талдау (Гельминтология ғылымы нені зерттейді?)
6. Талқылау (паразит жұмыр құрттарды ата)
1. Суреттеу- жұмыртқа-дернәсіл-финна-адам  ішегіндегі сиыр цепені-буылтық құрт
2. Салыстыру- эктопаразиттер-ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететіндер, эндопаразиттер-ішекте өмір сүретін паразиттер.
3. Зерттеу-  сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.
4. Қолдану- сүліктерді медицинада, вена бітелгенде, жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызады
5. Талдау- гельминтология-паразит құрттарды зерттейтін зоологияның бір саласы
6. Талқылау-паразит  жұмыр құрттар- суыртқы, трихинелла, ішексорғы, үшкірқұрт
«Ой қорыту» стратегиясы
1-тапсырма «Жалпақ құрттардың зиянды әрекеттері»
2-тапсырма «Жұмыр құрттардың зиянды әрекеттері»
3-тапсырма «Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы» 1-тапсырма- бұлар ұсақ шаяндар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен тіршілік етеді. Жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Адам өміріне де зиянды.
2-тапсырма балалардың ішек жолдарын зақымдайды. Бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік ететін де түрлері бар. 
3-тапсырма топырақта мекендейтін шұбалшаңдардың маңызы зор. Көпқылтанақты құрттар суда тіршілік ететін организмдерге қорек болады. 
Үйге тапсырма Құрттар туралы қызықты материалдар жинақтау
Құрал – жабдықтар АКТ құралдары: Интернет, интерактивті тақта,  постер, түрлі – түсті бояу, қағаздар
Сабақты талдау Топ жұмыстарын талдау, жұптық жұмыстарын талдау.
Тәжірибелік сабақты бағалау Дәптерлеріне сызған жұмыстарын  формативтік бағалау
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Парази
Буылтық құрттар типі. Шұбалшаң
Жалпақ құрттардың типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Тест. ІІ тоқсан аралық бақылау жұмысы
Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы
Жалпақ құрттар типі
Сүлік. Шұбалшаңның тіршілігі
Буылтық құрттар типі
Қазақстанда жиі кездесетін паразит құрттар
Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 7553 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык