Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жігер жеңіске жетелейді.


Жігер жеңіске жетелейді.

Жігер жеңіске жетелейді.

 

Тақырыбы:    Жігер жеңіске жетелейді.

Мақсаты:

  1. Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып,ерік – жігерін қалыптастыру,  оқушылар мен мұғалімдер арасындағы  ынтымақтастықты, өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.
  2. Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл – әрекетке жаттықтыру.
  3. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

 

Түрі: жарыс түрінде.

Қатысатын командалар: 7,8,9,10 класс оқушылары, капитан    

                                               командалары – мұғалімдер

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Жігер жеңіске жетелейді» атты спорттық жарысқа шақырамыз!

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс – шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеуден кейін, 4 тобымыз алдарыңызда бақтарын сынамақшы.

Жарыс заңы ежелден –

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

Сабырлы да, салмақты

Білімді де, өнерлі

Білікті де, жүректі

Жұптарды шақырып,

Сіздерге жеңіс тілейік, -  дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

І топ – 7 класс

ІІ топ – 8 класс

ІІІ топ – 9 класс

ІҮ топ – 10 класс

Жарыстың шарттары:

  1. Тура қағып, шапшаң кел.
  2. Шегіртке
  3. Эстафета
  4. Дәл тигізіп, ұпай ал.
  5. Қасықтағы шарик
  6. Кім алысқа секіреді?
  7. Хан талапай.

 

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!

  1. «Тура қағып, шапшаң кел!»

Стол теннисінің ракеткасымен  шарикті қағып, мәрені айналып, өзінен кейінге ойыншыға  жеткізеді.

  1. «Шегіртке»

 Белгі бойынша ойыншылар секіріп барып, секіріп қайтады.

  1. «Эстафета»
  1. Бір аяғын бүгіп ұстап, екінші аяғымен белгілі жерге дейін секіру.
  2.  Он  рет  отырып тұру.
  3. 10 рет  секіртпе  жіппен  секіру.
  4. Табандан  жүру.
  5. Жылдам  кедергіге  жүгіру, кейін  қайтарда  артпен жүгіру.
  1. «Дәл тигізіп,  ұпай ал!»

Пневматикалық вентовкамен  нысананы  дәл  көздеп  ұпай  жинау.

  1. «Қасықтағы  шарик»

Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.

  1. «Кім алысқа секіреді».

Секірушінің табан өкшесі сөре сызығының  бойынан асып кетпеуі керек. Секіріп түсетін жердегі бормен белгілейміз. Белгіленген сызықтан 2-сі секіреді. Сосын3-сі...

  1. «Хан талапай»

Команда капитандары жарысы.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Құрметті қауым!Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

 

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің жанашыр жанұям
Спортты ал серікке ...
Жігер жеңіске жетелейді.
Ұстазымыз және біз .Спорт сүйер балғынбыз!
Спорт –біздің досымыз!
«Жүзден жүйрік»
"толағай" отбасылық сайыс
толағай көңілдістарт
«Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс
Толағай отбасылық сайыс
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 2489 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык