Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру


Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру

Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру

Баяндамa тақырыбы: «Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру»

Еліміздің болашағы көркейіп,өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың біліктілік,іскерлік,құзыреттілік қабілеттеріне тікелей тәуелді.Осыдан жас ұрпақтың бойында құзыреттілікті қалыптастыру және оларды шығармашылыққа баулу мәселелері туындайды.Бұл өз кезегінде сапалы білім мен іскерлікті талап ететіні сөзсіз.Ал  жекелеген тұлғаға жүйелі білім беру,ынта-ықыласын арттыру,құзыреттілігін қалыптастыру мұғалімнің қолында.Мұғалімнің беделін көтеретін-білім.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-бүгінгі жастар.   Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер,Қазақстан сол деңгейде болады»-деп атап көрсетті мұғалімдердің съезінде.Әрбір мемлекеттің болашағы білім ордаларында шыңдалады.Ертең осы елге ие болып,тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушылары мен студенттер.         Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек,дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе-білім беру,ғылымды дамыту,құзыретті маман дайындау.Қазіргі білім беру үрдісінде оқытудың соңғы тәсілдерін игерген,психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын,қабілетті және нақтылы тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші қажет.өйткені,ұстаз алдында егеменді еліміздің болашағы тұр. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»бағдарламасындағы «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.   «Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан жаңа мемлекеттің саяси бағыты» бағдарламасында елдің дамуының жаңа стратегиялық жолдары ұсынылды.Біздің міндетіміз-«Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыруда қажырлы еңбек етіп,сапалы да құзыретті мамандар дайындау.Жалпы оқыту процесінде мәңгілік сауал қалыптасқан: «Нені оқыту,қалай оқыту?» күрделеніп барады.Біріншіден,білім ауқымды кеңейді,технология дамып,ақпаратты таңдай білу қажеттігі алға шықты.қазіргі кезде жастарды ғылыми жұмыстарға баулу,заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды,білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады.  Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады.Бұл жерде дана Абайдың сөзі еріксіз ойыңа оралады. «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар» Баланың өзіне деген сенімін туғызу,өзіне шығармашылық қасиет,қабілет іздете білу,өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екеніін түсіндіру.                    

Бала оқытып,тәрбиелеумен айналысатын барша ұстаздардың басты міндеті-әрбір баланың ынтасын,ойлау қабілетін ашуға жағдай жасау,жеке тұлғаны қалыптастыру.  Ал оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп,іс-әрекетінің мақсатын,міндетін,түрін,тәсілін өзінше түсініп,алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдай жасауы тиіс.Ол үшін әрбір шәкірт төмендегідей психологиялық талаптарға ұмтылуы керек.                                                                                                                                                 

  1. «Мен істеймін» деу арқылы өзінің көңілі ауған адамдарға ұқсауға тырысып,яғни,өз ортасында жақсы қасиеттермен көрінуге тырысу,осылайша жіберген қателіктері мен жетістіктеріне талдау жасау.                        

 2. «Мен үшін керек» деп талаптану арқылы өз іс-әрекетін бағалай білу,ізденсе,оқыса,өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу,өзіндік түйсігін ояту.                                                                                                                         

 3. «Мен  істей аламын» деу арқылы өз іс-әрекетіне сенімділікпен қарау,қоғам талабына бағыну керектігін сезіну,өзін және өзгені сыйлау қажеттігін ұғыну. Алға қойған мақсатқа жету үшін өзін төзімділікке тәрбиелеу.  Оқытудың мақсаты-бір ғана нәтижеге жету емес,ол әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау.Осы қойылған талаптарды әр оқушы өз мүмкіндігі деңгейінде орындайды. Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында баланың жеке қасиетін аша отырып,азамат етіп тәрбиелеу және әр баланы қабілетіне қарай оқыту қажет.Тарих пәні азаматтарды тәжірибе жинақтауға және оны түйіндеуге жағдай жасайды.Егер біз тарих  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасасын десек,онда олардың дербес ойлануын жан-жақты жандандыра түсуге тиіспіз.  Қазақстан тәуелсіздік жолына түскеннен кейін тарихты оқытуда үлкен өзгерістер болды.    Елбасы Н.Назарбаев «Қазақтың тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы» -деген сөзі осының дәлелі.Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісі -бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.Қазіргі таңда студенттердің ғылыми жұмыстармен шұғылдануы заман талабы болып отыр,себебі бүгінгі студент еліміздің ертеңгі маманы болатынын сөзсіз.Сондықтан құзыретті мамандар даярлау мақсатында олардың білімдерін шыңдап,ғылыми-зерттеу,шығармашылық  жұмыстарға баулу қажет.Мұндай жұмыстармен айналысу-студенттің нағыз еңбегі. Ғылыми жұмыстармен айналысу дарындылықтіы талап етеді.Дарындылық-адамзат баласының ерекше ойлау,талдау,есте сақтау қабілеті бар,шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор студенттерде  кездесетін қасиет.Студенттердің ізденіс жұмыстарын жандандыру мақсатында түрлі тақырыптарда ғылыми-практикалық конференциялар көптеп өткізіліп тұрады.Қазіргі кезде сабақтарда интерактивті әдісті қолданылады,бұл студенттердің өзара бірлесіп,белсене әрекет жасауына үлкен септігін тигізеді.Әрбір  шәкірт өз елінің тарихын,тарихи тұлғалардың өмірбаяндарын,өнегелі істерін білуі тиіс.Жас ұрпақ санасында «Менің елімнің тарихы-менің тарихым» деген түсінік орнығатындай ақпараттарды еліміздің өткен тарихынан да,тәуелсіз ел ретінде қазіргі заман тарихынан да табуға болады.    Жас ұрпаққа біздің ұлттық дәстүрлеріміз бенәдет-ғұрыптарымыздың жалпы адамзаттық құныдылықтармен ұштасып жатқанын аңғартудың мәні зор.Өз мәдениетін түсінетін адамның ғана өзге мәдениеттерді терең қабылдай алатынын әрбір адам жас кезінен ұғынып өссе,нұр үстіне нұр болар еді. «Жастар-еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз.Ал,сол жастардың болашағы-Отанымыздың ертеңгі тағдыры.Қоғамның белсенді, саналы қабілетті,құзыретті мамандарын даярлау біздің еңбегімізге тікелей байланысты. Жастар мәселесі-біздің еліміздің ұлттық, өрлеуіміздің,нұрлы болашағымыздың мәселесі.ХХІ ғасыр ұрпағымыздың ақыл-ойы ,ғарышқа самғап,алғыр ойлар ғасыры,сондықтан әрбір адам батыл қадам жасап,заман талабына сай құзыретті маман болуға дайын болуы тиіс.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жеке тұлғаны оқыту, дамыту және тәрбиелеу тұтастығы
Сабақ сапасы- ұстаз біліктілігінде
Сапалы білім-Көшбасшылықта
Тарих сабағындығы ғылыми-зерттеу жұмысының орны
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 2445 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык