Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
Құрметті сайт қолданушылары ұстаздар сайты домендік атауының өзгергенін хабарлайды. Сайттың жаңа домендік атауы www.u-s.kz .
Загрузка...
Загрузка...
» » Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі

26-10-2014, 03:19
Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі
загрузка...

Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі

Сабақтың тақырыбы: Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Электромагниттік тербелістермен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, есептер шығару

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Серіппелі маятник тербелістері мен контурдағы электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықты ескере отырып, контурдағы тербеліс периодын табуға болады. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды , ал маятниктің тербеліс жиілігі . Циклдік немесе дөңгелектік жиілік шамасы дененің 1 с ішіндегі емес, 2П с ішіндегі тербеліс саны. Ол  немесе  өрнектерімен анықталады. Еркін тербелістің жиілігін тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі деп атайды.

Онда серіппелі маятниктің меншікті жиілігі:

Осыған  өрнегін әкеліп қойсақ, онда  немесе  

  немесе 

Онда контурдағы еркін электромагниттік тербелістер периоды үшін мына өрнекті жазамыз:

Бұл формуланы оны алғаш қорытып шығарған ағылшын физигінің құрметіне Томсон формуласы деп атайды.

V. Жаңа материалды меңгерту:

  1. Томсон формуласы.
  2. Томсон формуласына енетін шамалар қандай бірліктермен өлшенеді?
  3. Мысал келтір

VІ.  Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. 126 беттегі есептерді шығару
  2. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

1. Кедергісі  аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 4 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің периоды қалай өзгереді?

2. Кедергісі  аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 2 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің жиілігі қалай өзгереді?

ІІ деңгей.

  1. Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан және индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периодын есептеңдер.
  2.  Тербелмелі контур сыйымдылығы 500 пФ конденсатордан және индуктивтігі 1 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер жиілігін есептеңдер.

ІІІ деңгей.

  1. Сыйымдылығы 2 мкФ конденсатормен жиілігі 1кГц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда индуктивтігі қандай катушка қосу керек?
  2. Индуктивтігі 0,76 Гн катушкасы бар тербелмелі контурға дыбыс жиілігі 400 Гц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек?

VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §31. Сұрақтарға жауап беру

Загрузка...

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындар.
Математикалық маятниктің тербелісі
Физика және музыка
Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
ФИЗИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ
Озық ойлы оқушы қорытынды қайталау сабағы
Термодинамиканың бірінші заны. Газ бен будың ұлғаюындағы жұмысы
Физика және астрономия пәнінен КТЖ. (Колледждегі ФС тобына арналған.)
№2 Зертханалық жұмыс. «Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.»
ТЕЛЕДИДАР
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 6239 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Загрузка...
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык
Жаңалықтар