Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.


Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Тақырыбы: Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Мақсаты:Оқушыларға ақпаратты сығу, ақпаратты қорғау, вирусқа қатысты программалар  туралы түсінік беру, антивирустық қорғауды үйрету.
Міндеттері:
1.Оқушыларда ақпаратты сығу, компьютерлік вирус ұғымы, ақпаратты қорғау, антивирустық программалар туралы толық ой қалыптастыра отырып, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
2.Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге  қолайлы жағдай тудыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, топта өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстай білуге тәрбиелеу;
     3.Оқушыларды практикалық жұмыс арқылы, компьютермен жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: 
1.Оқушылар жеке, жұппен, топ болып жұмыс істейді, топтық белсенділікке қол жеткізеді. 
2.Оқушылар өз ойларын еркін айта біледі.
3.  Оқушылар ақпаратты сығу, қорғау, компьютерлік вирус терминдерімен танысады, антивирустер туралы толық мағлұмат алады.
4. Қапшықтарды сығуды, компьютерді, флешканы  антивируспен емдеуді үйренеді.
 
Кезең Уақыты Мұғалімніңіс-әрекеті Оқушыныңіс-әрекеті Бағалау Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер
Кіріспе 3 мин Білу:                                                                           Психологиялықдайындық. 
 «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Топқа бөліну:
Архив мен вирус суреттерін таңдау арқылы топқа бөлу.
Топтарыңның ішінен лидер, баяндамашы, уақыт сақшысы, бақылаушы, хатшы тағайындап аласыңдар. Балалар кезектесіп айтып шығады.
 
Балалар жылдам әрекеттер жасап топқа бөлінеді.
Формативті бағалау  
  5 мин Түсіну.
Тапсырма: Ұялы телефон арқылы бір-біріне үй тапсырмасына қатысты сұрақ-жауап жіберіңдер. Оқушылар жеке,жұппен, топпен жұмыс жасайды. Оқушылар сұрақ -жауапты оқиды. Бір-бірімен АКТ арқылы ақпарат алмасады.
формативті бағалау Ұялы телефон, фишкалар
АКТ
  2 мин Ой тастау.
Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Не түсіндіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.
АКТ, интерактивті тақтадан суреттерді көріп, өз ойларын айтады, тақырыпты ашады. Формативті бағалау АКТ, интерактивті тақта, слайдтар
10 мин Түсіну.
Жаңа сабақ.
1-топ Ақпаратты сығу 
2-топ Ақпаратты қорғау. Антивирус.
Балалар, берілген тақырыпты түсініп оқыңдар. Джигсо әдісі бойынша топтан бір оқушы келесі топқа барып түсіндіріп, өз тобына қайта келеді. Балалар берілген мәтінді түсініп оқиды.
Жеке, топпен жұмыс жасайды.
  10 мин Талдау.
Топпен жұмыс.
Балалар, берілген тақырыпты түсініп оқыдыңдар, енді ойланып, топпен талдап, өмірде қалай қолдануға болатыны жайлы постерге жазыңдар. Спикер оқушы қорғайды. Балалар ойланады.  Топпен жұмыс жасайды. Постерге жазады. Спикер оқушы қорғайды. Формативті бағалау
Постер, маркерлер,                            өзін-өзі бағалау кестесі
Топпен жұмыс жасауда не жасадым, қандай үлес қостым? Карточкаға жауап жазады Өзін-өзі бағалау Карточкалар 
2 мин Сергіту сәті.
"Сұрақ қою" Оқушының маңдайына "компьютер" сөзі жазылған қағаз ілінеді. Сол оқушы әр топқа барып сұрақ қою арқылы қандай сөз екенін табу керек. Топ мүшелері "ия" немесе "жоқ" деп жауап бересіңдер. Оқушылар сұрақ қойып, жауап береді.
Таныстырылым 3 мин Қолдану.
Топтық тапсырма.
Балалар, интерактивті тақтадан тапсырмалар көрсетіледі, жауабы дайын топтан бір оқушы шығып жазады. /3-тапсырма «АНТИВИРУСТЫҚ ПРОГРАММА»/
Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды. Балалар жылдам әрекеттер жасайды. Формативті бағалау ИТ, электронды оқулық, АКТ, кластерлер 
  Негізгі бөлім 5 мин Интерактивті тақта арқылы файлдарды архивтеу және вирустан тазарту әрекеттерін көрсетемін. 
Әр топтан 1-2 оқушы келіп жасалған әрекеттерді қайталап көрсетесіңдер. Оқушылар әрекеттерді қайталап орындайды. Топтық бағалау ИТ, АКТ
 Қорытынды 3 мин
"Архивтеу және вирустан қорғаудың маңыздылығы қандай?" 2 стикерге қысқаша жазып, постерге ілу керек. Балалар стикерге өз ойларын жазып, постерге іледі. Өзін-өзі бағалау Стикерлер, постер
 
 
Жиынтық бағалау.  
2 мин Үйге тапсырма:
Архив және вирустан қорғау тақырыбында сөзжұмбақ, ребустар құрап әкелу.
Күнделікке жазып алады.
 
Рефлексия:
Ұнады
Ұнамады
Сұрақ
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.
"Мен соғысты жек көрем"
Вирус және вирусқа қарсы құралдар.
Қолданбалы программалар туралы түсінік. Жұмыс үстелін және оның элементтерін баптау
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Адырбек Сопыбеков . Сапар мен Парта
Карталар таным және ақпаратты өңдеуші құрал ретінде
Рационал сандарды бөлу
Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 5290 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык