Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу


Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу

Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу

Тақырыбы: Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу

Мақсаты: Pascal программалау тіліндегі қарапайым программа туралы ұғымды орындаушы-компьютер үшін алгоритмдерді жазу құралы ретінде енгізу; өрнектердің Pascal-да жазылу ережелері жайлы мағлұматтар беру

а) білімділік;

Оқушылар алгоритмдік тіл мен Pascal программалау тілі арасындағы негізгі айырмашылықтарды, программаның жалпы түрін және Pascal-да арифметикалық өрнектердің жазылу ережелерін білуі тиіс.

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Pascal программалау тілінде жұмыс жасау жолдарын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Pascal программалау тілі

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

1. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?

2. Қызметші сөздер дегеніміз не?

3. Меншіктек командасы дегеніміз не? Меншіктеу белгісі қалай жазылады?

ІІІ Жаңа сабақ

  1. Pascal тілінің алфавиті.  Латын әріптермен берілген.
  2. Pascal программалау тілінде қолданылатын арифметикалық амалдардың символдары

Pascal программалау тілінде жазылған программа program, сөзінен басталады және осы тілдің ретпен жазылған операторларының тізбегінен тұрады. Операторлар нүктелі үтірмен «;» аяқталады және олар қызметші begin (басы), және end (соңы) сөзімен аяқталады.

ІV Жаңа сабақты бекіту

Жаттығулар орындау

а) 7*5+23+13/2;               Жауабы: 7*5+2*2*2+13/2

б) 3,27-0,712/4,03+2,33   Жауабы: (3,27-0,71*0,71)(4,03+2,3*2,3*2,3)

в) 2,15х+2/3а                   Жауабы: 2,15*х+2/3*а

г) а01х+а2х2                  Жауабы: а0+а1*х+а2*х*х

д) а/b2+1+ab/a2+1             Жауабы: а/(b*b+1)+(a*b)/(a*a+1)

e) 2ах2-3b/a2+5b              Жауабы: (2*а*х*х-3*b)/(a*a+5*b)

V Сабақты қорытындылау

Арифметикалық өрнектерді Pascal тіліне аудару ережелерін тұжырымдау және жазу:

-айнымалылардың аттарын латын алфавитінің әріптерімен жазу;

-арифметикалық операциялар белгілерінің бәрін көрсету;

-бөлшек өрнектер бір жолға жазылуы тиіс, ал алымы мен бөлімі дөңгелек жақшаларға алынуы керек

Үйге тапсырма: Оқулықтан 1.4 тақырып


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Таңдау операторы
Программалау – алгоритмнің формальді орындалу тәсілі.Алфавит.Программа синтаксисі. Арифметикалық амалдардың жазылу ережесі.
Программалау тілдері. Turbo Pascal программалау тілі
Алгоритмдерді алгоритмдік тілде кескіндеу
Программаларды компьютерде орындау
Шамалар, олардың типтері. Сызықтық құрылымды алгоритмдерді құру және орындау. Pascal-ғы программаның құрылымы
Тармақталатын алгоритмдер
Таңдау командасы
Циклді ұйымдастыру тәсілдері. Циклді ұйымдастыруға есептер шығару
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3044 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык