Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек


Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек

          Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек

 

                         «Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,

                          Жетерсің мұратыңа  біле, біле».       

                                                                            (Жүсіп Баласағұн)

Сабақтың тақырыбы: «Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек"

                                                   интелектуалдық сайысы

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын, көптің ортасында салып, ұстазымен бірге бақтарын сынату, сөздік қорын, тіл байлығын,дамыту, информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік:   Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, өздігінен ізденуге  тәрбиелеу,

Дамытушылық:  Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың оқығанын, естігенін, көргенін есте сақгау қабілетін қалыптастыру, нығайту, білімге құштарлығын арттыру.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: Практикалық, эксперименталдық.

Көрнекілігі:   Интерактив тақта,презентация, компьютер

Сабақ жоспары:

 Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
  2. Сабақтың мақсаты, жоспарымен таныстыру
  3. Қойылған сұрақтар ұпай санымен бағаланады.

 

Ойын жүрісі:

Ойнайық, ойлайықта ойнайық!

Қатардан артта қылып қоймайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен текке жоймайық!

Ойнайық, ойлайықта ойнайық!

Білімділік көрсетейік сынайық,

Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық,

Қаймықпай көңілді боп тарайық!

Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма?

Ойын -сауық жасамай

Жастар жолы болар ма?

Құпиялы сандықтың

Кілтін аша алар ма?

Білім мұхит кемесін

Мінер ұрпақ болар ма?

Осылай ой толғайтын, болашақты болжайтын.

Барша адамдар жиылған, сіздерге әнім ұнай ма?

Компьютер заманы, әлде қатты қинай ма?

Білгің келсе ол жайлы, дұрыс қара, ойлана

                               Ойын толқын, айналған қатты   ағысқа,

                               Табылғандай танымда, жат дауыс та.

                               Біреу озып келеді қатарынан,

                              Біреу қалып жатады асығыста

                              Ойын толқын жатқандай асып - тасып,

                              Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

                              Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

                              Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

 Жылдан-жылға оқу салған ой-арнаң,

 Талапкердің толқынымен тулайды,

Сусындалып ғылым шыңның басында

Сұңқар болып білімпаздар   шулайды.  

                                Қазылар орнықтырар әділдікті,

                                Кімдердің жауаптары кәдік шықты.

                                Білім мен тапқырлықтың жарысында,

                                Жеңіске жетер дейміз нағыз  мықты.

Көңілді тапқыштар,  білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

          Нақтылы жауап, сапалы  шешім бере біл,

          Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл.

 

1-тур Бәйге  «Сұрақ – жауап»

 Капитандар тақтаға шығып,  жасырын тұрған сұрақтар тобын таңдап алады.

 Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады.

Егер олар жауап бере алмаса қарсыластарының жауап берулеріне болады (Әр сұраққа 2ұпай)

 

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа

 

ІІ-тур    “Құпия алаң”

Құпия алаңда 20 түрлі-түсті шаршы берілген, әр шаршының астына сұрақтар жасырылған.

Әр топтан 2 оқушы шығып, қайталамай бір-бір шаршыдан таңдайды. Жасырылған сұрақтардың астында ұпай сандары берілген. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, ол өзінің тобына қосымша ұпайлар әкеледі. Жауап бермесе, командасынан кез-келген оқушы жауап беруге болады,  бірақ берілген ұпайы  5-ке кемиді.

 

                        «Іздеген жетер мұратқа»

 

 

ІІІ тур  "Жеті жұмбақ"

Демейін заман сөздері

Түбі бүгін өзгерді

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді.  

 

 

 

 

IV тур "Дода-Көкпар"

   Оқушылар дәптерлеріне шығара бастайды. Дұрыс және бірінші шығарылған есеп бағаланады.

Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске.

 

V тур   "Жорға"

«Ойлан, шеш» (кроссворд шешу).

Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға крссвордты шешу керек.

      «Ақылдассаң шешерсің,

      Ақылдаспасаң кем көсерсің!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Вирустың кері әсерін жоятын программа.
  2. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны.
  3. Ақпаратты өңдеу құрылысы.
  4. Қағаздағы мәліметтерді компьютерге енгізу құрылғы.
  5. Дүние жүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы.
  6. Жыпылықтап тұратын тік сызықша.
  7. Информацияның өлшем бірлігі.
  8. Мәліметтерді қағазға басып шығару құрылғысы.
  9. Бос орын қалдыру пернесі.

 

                               Қосымша:

  1. 1. XXXII = (X+X+X)+(I+I) = 30+2
  2. CDXLIV = (D-C)+(L-X)+(V-I) = 400+40+4.
  3. MCMLXXIV = M+(M-C)+L+(X+X)+(V-I) = 1000+900+50+20+4.
  4. Алты алты он алты тағы сегіз тағы алты оған қосамыз төрт пен бесті сонда шығу керек 95
  5. бес бес жиырма бес тағы бес тағы бес оған қосамыз он бесті сонда шығу керек 170

        

Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар!

 

Ойынның шешуші сәті: Әділқазылар, сөз кезегі өздеріңізде.

Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

 

Ойын-толқын, жатқандай  асып, тасып,

Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

 

 

    Әр топқа берілген тақырыптар бойынша қорытындылау.

Топқа бөлініп, жарыса жұмыс істеген оқуышлар сабақты жақсы меңгереді. Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпайларын есептпеу арқылы оқушыларды бағалап, қорытындыланады.

      Бүгінгі көріп тамашалаған  «Білім мен еңбек, бәрін де жеңбек» атты интелектуалдық ойын сағатымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Қош, сау болыңыздар! Назар аударғандарыңызға рахмет.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің.
«Жұлдызды сағат» интелектуалдық ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойыны
«Ғажайып информатика жұмбақтар әлемінде»
Ең үздік тарихшы сайысы
Қызықты Информатика
Көңілді тапқырлар
Көңілді тапқырлар
Физика - әлем кілті
Білім мен еңбек, бәрін жеңбек
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2482 | Қосты: Аширова лаззат Бейсенбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык