Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Циклдік алгоритм


Циклдік алгоритм

   Циклдік алгоритм

  • Атқарушы «Бота» арқылы циклдік алгоритм туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық:

  • Себеп салдар байланысын орнату негізінде оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлауын, олардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын, оқушылардың қабілеттерін кеңістіктегі ой - қиялы мен шығармашылығы арқылы дамыту

Тәрбиелік:

  • Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
  • Танымдық қызығушылыққа, коммуникативтік дағдыны қалыптастыруға тәрбиелеу;
  • Тұлғаның рухани – әдептілік, адамгершілік қасиеттерін: елгезектікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Программалық - динамикалық жабдықталуы:дербес компьютерлер, мультимедиалық проектор , Windows ОЖ, материалды көрсету үшін презентациялар, атқарушы «Бота» ортасы.

 

               Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту;

жаттығу жасату.

2.Сабақтың өзектілігі (білу).

Жаттығу

Тақтайшаны сүргімен сүргілеу – бұл да циклдің мысалы бола алады, оның үстіне:

  • Тақтайшаны жұқа болғанша;
  • Сен шаршағанға дейін сүргілеуге болады.

Дайындық кезеңі.

Алдыңғы тақырыптарды қайталау. Жалпы сұрақ қою.

 

Сұрақтар:

1.Тармақталған алгоритм деген не ?

2.Тармақталған алгоритмнің қандай түрі болады?

3.Тармақталған алгоритмде қандай блок – схема қолданылады?

4.Мысалдар келтіріңдер.

            Үй тапсырмасын тексеру.

             4.Жаңа түсініктермен іс – әрекетер тәсілдерін қалыптастыру (түсіну).

            Жаңа сабақты түсіндіру.

            Қоршаған ортада көптеген үдерістер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы апта күндерінің ауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

          Циклдік алгоритм – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.

         Циклдік алгоритмнің екі түрі болады.

  1. Қандай да әрекет нақты бір санымен орындалатын есептегіші бар цикл.
  2. Қандайда бір шартқа тәуелді орындалатын шарты бар цикл.

Есептегіші бар циклдар алдын ала белгілі дене циклді орындауға қажетті қайталауларды орындаған кезде пайдаланылады. Мысалы, төмендегі блок схемада көрсетілгендей, дене шынықтыру сабағында сендер алаңды бірнеше рет айналып жүгірулерің керек.

Циклдар алдын ала шарты бар (алдын ала қойылған шарт) және (соңғы қойылған шарт)бар болып келеді.

Оқулықтан мысал: алдын ала шарты бар циклдік алгоритмді орындауды төмендегідей етіп жазуға болады:

  1. Шарты тексеріледі.
  2. Егер шарты дұрыс болса, онда циклдің барлық командалары орындалады.
  3. Соңғы циклдегі жолға өткен кезде шарт қайта тексеруге өтеді 1- пункт орындалады.
  4. Шарт ақиқаттан алыстаған кезде, соңғы цикл келесі жолға түседі.

 

Компьютерде практикалық жұмыс жасау.

Оқушыларға тапсырманы бермес бұрын оларға программаның жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру керек. Алгоритмдегі цикл сабағын меңгеру үшін:

  • «Алгоритмді»  «Циклдік» пунктіне ауыстыру керек
  • ДЕЙІН, БАСТАП, ҚАДАМ, ІСКЕ ҚОСУ батырмалары автоматты түрде белсенді болады.

Бүл жағдайларда «Бота» қойылған қадам санын (сызықты сызады) немесе нақты санды орындайды (сызықты сызбайды). Аталған алгоритмде  Атқарушы «Бота» белгілі бір қадамын немесе өту рұқсатын ғана орындайды және осымен алгоритм аяқталады, яғни аталған программада шексіз циклдер қарастырылмаған.

Мысалы, «Н» әрпін сызу үшін бізге бірнеше циклдерді ұйымдастыру керек.

 

Оқулықтан өзіндік практикалық тапсырма

  1. Атқарушы «Бота» келесі әріптер мен сандарды салу керек: «О», «П», «1221»
  2. Бота тікенектен өтіп, соңында алманы жей алатын «баспалдақ» алгоритмін жаз.

Блок – схемасын құр.

5.Сабақты қорытындылау кезеңі (синтез).

Біз «Алгоритм түсінігі», «Алгоритм Атқарушысы», «Алгоритм қасиеті», «Алгоритмді жазу тәсілдері», «Сызықтық және тармақталған алгоритмдер» деген түсініктерді қарастырдық. «АЛГОРИТМДЕУ» тарауын талдадық. 

6.Өзін – өзі тексеру және бақылау кезеңі (бағалау).

      Жеке оқушыларға және сыныптың жұмысына баға беру. Тапсырманың сапалы орындалуы мен деңгейін сараптау  және қарау.

      7.Үй тапсырмасын беру кезеңі.

       Оқулықтағы §3.5. Шығармашылық тапсырма.

     8. Рефлексия кезеңі.

  • Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?
  • Саған қай тапсырманы орындау қиын болды?
  • Бұл тапсырмаларды орындаған кезде нақты қандай қиындықтар кездесті?
  • Нені біліп, үйренуіміз керек?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.
Сызықтық, тармақталған алгоритмдер.
Алгоритмді жазу түрлері. Блок-схема
Алгоритмдерді алгоритмдік тілде кескіндеу
Циклдік алгоритмдер
Алгоритмдi беру түрлерi. Блок-схема.
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Циклдік алгоритм
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 8733 | Қосты: Айткалиева Баян Сабыргалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык