Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Негізгі кестелерді құру


Негізгі кестелерді құру

Негізгі кестелерді құру

Зертханалық жұмыс №8.2.

Тақырыбы: Негізгі кестелерді құру

Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.

  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→ Microsoft Access).
  2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. ОК батырмасын басыңыз.
  3. Жаңа мәліметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесінде \Менің құжаттарым(Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кітапханасы деп ат беріңіз. Файл типі ретінде Microsoft Access  мәліметтер базасы алынғанын көресіз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кітапханасы мәліметтер базасының терезесі ашылады.
  4. Кестелер панелін ашыңыз.
  5. Конструктор режімінде кесте құру белгісіне екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.
  6. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:

өріс атауы                                                 өріс типі

  • оқырмандардың аты-жөні                     мәтіндік
  • кітаптың аты                                           мәтіндік
  • кітаптың авторы                                     мәтіндік
  • кітаптың нөмірі                                      мерзім\уақыты
  • бағасы                                                      қаржылық
  1. Кітаптың нөмірі өрісі мәтіндік өріс екеніне көңіл аударыңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап нөмірлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
  2. Болашақ Оқулықтар кестесімен байланыс орнату үшін түйінді өріс беруіміз қажет. Кітаптың аты өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. Бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз (Shift). Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдап алыңыз.
  3. Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.
  1.  5-9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:

өріс атауы                                                 өріс типі

  • кітаптың аты                                          мәтіндік
  • кітаптың авторы                                    мәтіндік
  • баспасы                                                   мәтіндік
  • шыққан жылы                                        мерзім\уақыты
  • кітаптың нөмірі                                      мәтіндік
  • көлемі                                                      сандық                          
  • бағасы                                                      қаржылық
  1.  Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0-ге тең қасиетін беріңіз.
  2. Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады – берілген тапсырмада ол талап етілмейді.
  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгізіңіз. Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access  программасын жабыңыз.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құрама кестенің тұрғызылуы
Мәліметтер енгізу әдісі арқылы кесте құру
Кестеаралық байланыстарды құру
Таңдамаға сұранысты құру
Параметрлі сұраныс құру
Қорытынды сұраныс даярлау
Көшіру амалын қолданып мәліметтерді енгізу
Алғашқы қалыпты даярлау
MS Access 2000-мен жұмысты бастау
“MS Access. Мәліметтер базасында кесте құру”
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 1969 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык