Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Web – бетті көру және сақтау


Web – бетті көру және сақтау

Web – бетті көру және сақтау

Зертханалық жұмыс №4.2.

Тақырыбы: Web – бетті көру және сақтау

  1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз.
  2. Адрестік жолдың өрісіне келесі URL-адресін енгізіңіз: www.rambler.ru – Рэмблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктеу басталады.
  3. Титулдық бетте Спорт бөлімін іздеп тауып және оның гиперсілтемесіне шерту арқылы оған өтіңіз.
  4. Спорт бөлімінің сілтеме тізімінде Футбол сілтемесін іздеп табыңыз. Тышқан нұсқағышын соған бағыттап сол жақ батырмасын шерту арқылы футболға арналған бөлімге өтіңіз.
  5. Артқа (Назад) батырмасын екі рет шерту арқылы іздестіру жүйесінің титулдық бетіне оралыңыз.
  6. Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы Футбол бөліміне қайтып келіңіз.
  7. Броузер терезесін жаппас бқрын индикация панелінде орнатылған байланыс таңбашасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Ағытылу (Отключиться) бөлімін таңдаңыз – интернетке қосу ажыратылады.
  8. Артқа (Назад) батырмасын екі рет шерту арқылы алдында қарастырған беттерге оралыңыз, ал сосын Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы кері қайтыңыз. Интернетке қосылмаған жағдайда да ертеде алынған Web-беттер бойынша шолу жасауға болатынына көз жеткізіңіз. Бұл дербес режім деп аталады. Бұл жағдайда оның мүмкіншіліктері алынған Web-беттердің компьютердің жедел жадында сақталуымен тығыз байланысты.
  9. Аңымдаңы Web-бетті қатқыл дискіде сақтаңыз. Бұл үшін Файл →Қалай сақтау керек (Файл→Сохранить как) командасын орындаңыз – Web-бетті сақтау сұхбат терезі ашылады.Бұл жерде сақталатын бетке жаңа ат енгізуге болады. Файл типі ретінде Веб-бет толығымен (Веб-страница полностью) нұсқасын таңдаңыз. Бұл жағдайда бет барлық безендіру элементтерімен бірге сақталынады, мысалы суреттерімен. Егер сақталатын файл типі ретінде Веб-бет тек HTML ғана таңдалынса, онда енгізілген объектілері бар қаптама сақталынбайды. Мұндай файлды кез-келген броузерде қарастыруға болады. Егер сақталу типі ретінде Мәтіндік файл (Текстовый файл) таңдалынса, алдағы уақытта кез-келген мәтіндік процессорда қарастыруға болатын мәтін ғана сақталынады.
  10. Web-беттің сақталу орны ретінде С:\Windows\Temp қаптамасын алыңыз. Уақытша файлдарды \Temp қаптамасында сақтау қабылданған.
  11. Таңдамалы →Таңдамалыға қосу (Избранное → Добавить в избранное) командасын берсеңіз – Таңдамалыға қосу сұхбат терезесі ашылады. Оның құралдары бізге ағымдағы беттің URL-адресін есте сақтауға және болашақта оны броузердің адрес жолына енгізубеуге мүмкіншілік береді. ОК батырмасын басыңыз.
  12. Таңдамалы (Избранное) командасын орындаңыз, сол кезде менюде ағымдағы бетке сілтемесі бар жазба пайда болғанын көресіз.
  13. Артқа (Назад) батырмасының көмегімен алдыңғы бетке қайта оралыңыз.
  14. Таңдамалы (Избранное) командасын орындаңыз және жаңадан құрылған сілтемені шертіңіз. Адресі таңдамалы сілтемелердің тізімінде сақталынған бет бірден жүктелетіне көз жеткізіңіз. Оның бейнесі жедел жадтан алынады. Болашақта ол Интернеттен жүктелінеді.
  15. Таңдамалы (Избранное) командасын тағы да орындаңыз. Жаңа құрылған сілтемені тауып алыңыз. Оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған жанама менюден Жою (Удалить) бөлімін таңдап алыңыз. Таңдамалы сілтемелердің тізіміндегі жаңа құрылған сілтеменің жоғалғанын байқайсыз.
  16. Internet Explorer программасының жұмысын аяқтап, оның терезесін жабыңыз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін Outlook Express программасын баптау
Адрестік кітапта пошталық клиенттің жазбаларын құру
Microsoft Internet Explorer броузерінің бастапқы бетін баптау
Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру
Жұмыс үстелінің безендірілуін баптау. Сілтеуішпен жұмыс істеу. Windows 98 жүйесімен және Себетпен жұмыс істеу
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Енгізу автоматтандыру құралдарын пайдалану
Құрама кестенің тұрғызылуы
Кестеаралық байланыстарды құру
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2906 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык