Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Х дыбысы мен әрпі


Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың  мақсаты:  Білімділік. Оқушыларға Х дыбысы мен әрпін таныту, сөздерді  оқу 
                                        мен жазуға үйрету. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасауға
                                        жаттықтыру. Сөз, сөйлем құрауға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың  сөздік  қорын, тіл байлығын, ой-өрісін
                                        дамыту. Әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу. 
                                        Тәрбиелік. Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа, білімділікке  тәрбиелеу.
Сабақтың   түрі:      Аралас  сабақ    
Қолданылатын  әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,  түсіндіру, ойын, талдау, жинақтау, бағалау ,
                                                            топтастыру,  ой шақыру т.б.      
Көрнекілігі:   интерактивті плакат, дауысты, дауыссыз дыбыстар үйшігі,  кеспе әріптер,    
                          Х әрпінің баспа, жазба түрі, үлестірмелі қағаздар, суреттер  т.б.
Пән  аралық байланыс:   музыка, ана тілі, дүниетану  т.б.   
Сабақтың    барысы.
І. Ұйымдастыру.   Психологиялық   тренинг.  
--- Көңіл  күйлерің  қалай? 
--- Керемет!  (Қолдарын  көтереді)
--- Сабаққа дайындықтарың  қалай?
--- Тамаша! (Алақандарын  соғады)
--- Ынталарың ше?
--- Ғажап! (Қолдарын  көтереді)
--- Ендеше  бастайық!
--- О-о-о ! (Бас бармақтарын  көрсетеді)
(Оқушыларды  екі  топқа  бөліп  отырғызу)
1-топ:      Қайырлы  таң достым,
                 Қайырлы  күн  болсын!
                 Бүгінгі   күн  бізге
                 Сәттілікке  толсын.
                 Біздің  алар  бағамыз.
                 Кілең  бестік  болсын!
2-топ:      Сабаққа  сегізде  келеміз,
                  Сабақтан  қалмаймыз  дегенбіз.
                  Әліппені  5-ке  оқып,
                  Білімді  оқушы  боламыз  дегенбіз.
ІІ. Үй  тапсырмасы.
«Жарыс» мәтінін  оқу, қысқаша мазмұнын  әңгімелеу.
Ауызша  тест  тапсырмалары арқылы өткен әріптерді, дыбыстарды қайталау.
Дауысты  дыбысты  тап.
       1) Ж
       2) О
       3) С
Дауыссыз  дыбысты  тап.
1) Т
2) О
3) Ы
Я әрпін  көрсет.
1) М
2) К
3) Я
Е әрпін  көрсет.
1) З
2) Ю
3) Е
Бір  буынды  сөзді тап.
1) Аға
2) Ат
3) Орман
Екі  буынды  сөзді  тап.
1) Ай
2) Таға
3) ертегі

  ІІІ. Жаңа  сабақ.
--Есік қағылып  почташы  хат әкеліп береді.
--Балалар  менің қолымдағы не екен?
--Хат.
-- Ендеше хатты оқиық.(Хат оқылады)
--Балалар   хат   дегенде  бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
-- Бүгін Х дыбысымен, әрпімен  танысамыз.
-- Х  дыбысы  дауыссыз, қатаң дыбыс.  ( Дыбыстатып  айтқызу)
  -- Ендеше  х дыбысын қай үйге орналастырамыз?
 -- Дауыссыздар үйіне.
Х  дыбысының әріп таңбасы  көрсетіліп жазба, баспа түрлері таныстырылады.
Хат, хабар сөздеріне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.
Хат-1 буын, 3әріп,3дыбыс, 1 дауысты, 2 дауыссыз.
Хабар-2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз.
Суретті  плакатпен  жұмыс.
  Оқулықпен  жұмыс.
Берілген сөздерді  буындап , хормен оқыту.
Хат, хор, хабар, халат, дәріхана, асхана, шахмат, саясат, емхана, дәріхана, шеберхана, асхана, дәмхана, ұстахана, Хамит, Хадиша, Нұрхат.
«Кітапхана» мәтінін оқып беру.
Сұрақ қою.
---Біздің мектепте кітапхана бар ма?
--Онда кім жұмыс жасайды?
-- Сендер кітапханадан кітап алып оқисыңдар ма?

 

Дәптермен  жұмыс.
     Қолға  қалам алайық,
     Салақтықтан  қашайық.
     Бүгінгі өткен әріпті
     Көркем етіп  жазайық.
Хәрпін жазуға үйрету. 
Х  әрпі неге ұқсайды?
1. Тақтаға әріптің басталуы, жазылу бағытын түсіндіру.(бірнеше әріпті тақтаға жазу)
2. Әріпті ауаға жазу арқылы қолдарын жаттықтыру.
3. Жазу дәптеріндегі үзік  сызықтармен берілген  Х әріпін жазу.
4. Х әрпін өз бетімен жазуға үйрету, әріптердің ара қашықтығын сақтауға дағдылан-у.
5. Көп нүктенің  орнына әріпті қойып жазу.(суреттер бойынша)
Сергіту  сәті.
Бір,екі,үш
Қарлығаш болып ұш,
Төрт,бес,алты,
Қарлығаш болып 0ал0ы6
Жеті, сегіз,тоғыз, он,
Қарлығаш болып қон.
Топпен жұмыс.
«Адасқан буындар» , «Адасқан  сөздер» ойыны.
1-топқа:             на, ха, ем                                                                емхана
                            кітапханашы,апай Райхан.                                Райхан  апай кітапханашы.
2-топқа:            ха, на, ас                                                                 асхана
                           алдым,  кітап, кітапханадан.                             Кітапханадан кітап алдым.
Терме  диктанты.
Хакім хат ашып отыр,
Хат  ашып, шатасып отыр.
Ол  хатты қате ашып  отыр.
(Х  әрпі  келетін  сөздерді  теріп  жазу, жазып болғасын оқушыларға оқыту, тақтаға жаздыру)
 «Шай ішейік» ойыны.
(Оқушыларға кесе таратылады. Кеселердің артында жазылған сөздерді оқып, буынға бөлу.)
  Венн диаграммасы.
Ю әрпі мен Хәрпін салыстыру.
ІV. Қорытынды 
--Бүгін  қандай дыбыспен таныстық?
--Х дыбысы қандай дыбыс?

Жұмбақ шешу.
«Қарада» жоқ, «ханда» бар,
«Қағазда» жоқ, «хатта» бар.
Кәне ойланып көрейік,
Бұл әріпті кім табар?


«Сөз ойла, тез ойла!» ойыны.
Х дыбысы келетін сөздерді тез айту.
             V.Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, жұлдызшалар арқылы бағалау.
VІ.Үйге тапсырма.
Кітапхана мәтінін  оқу. Хәрпіне берілген сөздерді оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
Хх дыбысы мен әріпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Х дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 3914 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык