Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Металдар» тақырыбы


«Металдар» тақырыбы

«Металдар» тақырыбы

Пән: химия

Химия пәні мұғалімдері: Г.С. Жумагулова

Сынып: 10 (41 - топ)

Өткізілетін уақыты: 23.10.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Металдар» тақырыбы

Сабақтың типі: Өтілген материалдарды тереңдету.

Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық, жаппай оқыту.

Оқытудың әдістері:

• Топтағы оқушылардың 9-сыныптағы өтілген бойынша ақпарат бере отырып, сандық, шығармашылық есептер шығару (Данилов М.А.).

• Теориялық мәліметтерді еске түсіре отырып, дамытудың тәжірибелік әдісі (Махмутов М.И.).

• Стандарт талаптарынан тыс, өмірмен байланысты логикалық құрылымды есептер шығару арқылы ынталандыру (Бабанский Ю.К.).

Қолданылған технологиялар: дамыта оқыту, ақпараттық-коммуникативтік, сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсаты: Оқушыларға «Металдар» тақырыбы бойынша алған білімдерін еске түсіре отырып, өмірде қолдану қажеттілігін түсінуге жағдай жасау.

Міндеттер:

• Білімділік: «Металдар» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі дамытуға жағдай жасау, металдар мен олардың қолдану аясындағы білімдерін байыту және кеңейту, қарастырылмаған металдар қасиеттерінің ерекшеліктерін қарастыру.

• Дамытушы: Металдар қасиетін зерттеу және оларды қолдану мақсатында әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауына оқушылардың икемділігі мен дағдысын дамытуға жағдай жасау; құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау; оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, өзіндік білім алуын дамыту; топта жұмыс жасай алуды ұйымдастыру, білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

• Тәрбиелік: оқушылардың коммуникативтік сапасын қалыптастыруға, қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру, топтың жетістіктері үшін жауапкершілікті сезіну және бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер. Сабақта орындалатын құзыреттіліктер:

Пәндік құзыреттілік: теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар орындауда қолдана білу және алынған нәтижелерді негіздей отырып, ұсынылған ақпараттардан металдар тақырыбын түрлі бағытта (теориялық, практикалық, шығармашылық) қолданылуы жөнінде мәліметтер табу.

Құнды-мағыналық құзыреттілік: өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін баламалы түрде бағалай алу, алған білімдерін одан әрі білім алу жолына қолдану мақсатында ішкі мотивациясын қалыптастыра алу, болашақта өз орнын табуға және одан әрі білімдерінің шыңдалу қажеттілігін түсіну.

Ақпараттық құзыреттілік: қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу, өз бетімен ізденуге, қажетті ақпараттарды сараптау және таңдай алу.

Коммуникативтік құзыреттілік: топта жұмыс жасай білу, басқа оқушылармен қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықта бірлесе отырып, көздеген мақсатқа жету, қойылған міндеттерге ортақ шешім табу, орынды әрі дұрыс сұрақ қоя білу.

Өзіндік менеджмент құзыреттілігі: проблемалық сұрақтарды шеше білу, тапсырмалардың күрделілігіне қарай саналы таңдау жасай білу.

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз ету құралдары:

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, таныстырылым, экспериментке қажетті құрал-жабдықтар, қосымша әдебиеттер, халат, бағалау парақтары

Химиялық реактивтер: Ме мен олардың ерітінділері, қышқылдар, негіздер ерітінділері

Сабақтың тақырыбына сәйкес таратпа материалдар: бағалау парағы, тапсырмалар


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдар туралы түсінік
Металдар және бейметалдардың салыстырмалы сипаттамасы. Негізгі және қосымша топша металдары
Көміртек және оның қосылыстары 9-сынып
Өмірдің негізгі көзі - су 8-сынып
«Металдар» тақырыбын қорытындылау
Қатынас және пропорция
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
металдар тақырбын қорытындылау
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 3374 | Қосты: Жумагулова Кулжан Сахановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык