Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу


Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті  шешу


Сабақтың мақсаты: 
                  Білімділігі: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешудің әдіс-тәсілдерін 
                                       түсіндіре отырып, есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын,  
                                                    белсенділіктерін арттырып, математикалық сөйлеу мәдениетін
                                                    дамыту.
Тәрбиелілігі:Тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, 
                                     жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, жекелеме тапсырмалар орындау, СТО технологияла- 
                             рының стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты формулалар, кестелер, таратпа материалдар, 
                                        білім айнасы.
Сабақтың айдары: Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,
                                   Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.
                                  Есепсіз өмір деген мазмұнсыз-ау,
                                  Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі
        Қымбатты оқушылар! «Болашақ бүгіннен басталады» дейміз. Сол жарқын болашақ иелері сіздерсіздер. Жарқын болашаққа қадам басу үшін, бізге білімді де алғыр, қабілетті шәкірт керек. Олай болса, біз бүгін математика пәнінен білімімізді көрсетейік. Сендер үшеуің де озат оқушысыңдар. Сондықтан бүгінгі сабақты жарыс түрінде өткізіп, үшеуіңнің білімдеріңді сынаймыз.Еркін отырып, сабақта білімдеріңді көрсетіңдер.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру№1003 №1004 есептерді орындарынан тексеремін.
ІІІ.Ассоциация стратегиясы:өткен сабақты қорытып, жаңа сабаққа дайындық жасау.
Әр топ мүшелері берілген сан аралығының атын, сан аралығының координаталық түзудегі кескінін, теңсіздікпен жазылуын жазады. Содан соң әрбір оқушы шығып, тапсырманы қалай орындағандарын айтады.
№1 
Сан аралығыныңбелгіленуі [ -3; 2] (-∞; 4) (1; 6) (-2; + ∞) (-1;3]
Сан аралығының аты
Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
Теңсіздікпен жазылуы

№2

Сан аралығыныңбелгіленуі (-4; 5) (-∞; 2] [-1; 3] (-6; 8] (-2;+∞)
Сан аралығының аты
Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
Теңсіздікпен жазылуы

№3
Сан аралығыныңбелгіленуі (-∞; 4) (-2;7] [ -1; 6] (-4; 3) (-5; + ∞)
Сан аралығының аты
Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
Теңсіздікпен жазылуы

ІҮ. Білгенің бір тоғыз,
     Білмегенің тоқсан тоғыз.
Жаңа сабақ:
5x-2<8;   X-5>0;   3X+5>21-X – бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.
ax>b;  ax<b;  ax≥b;  ax≤b
а, в- қандайда бір сандар
X-айнымалы
Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады.
Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.
Теңсіздік мәндес теңсіздіктерге түрленеді, егер:
1.Теңсіздік құрамындағы қосылғыш теңсіздіктің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне қарама –қарсы таңбамен көшірілсе;
2.Теңсіздіктің екі жақ бөлігі де бір ғана оң санға көбейтілсе немесе бөлінсе; 
3.Теңсіздіктің екі жақ бөлігінде бір ғана теріс санға көбейтіп немесе бөліп, сонымен бірге теңсіздік белгісі қарама-қарсы теңсіздік белгісіне өзгертілсе.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін:
1.Теңсіздіктің бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе тең түрлендіріп, ықшамдау керек;
2.Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау керек;
3.Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек;
4.Теңсіздіктің екі жағында белгісіздің коэффисиентіне бөлу керек;
5.Теңсіздіктің шешімдерін тауып, қажет болса, оны сан арлығында белгілеу керек.
Мысалы: 
1.4(х-3)+5х≥3х                                                            2 .7(х+1)-4х>3х+16
  4х-12+5х≥3х                                                                7х+7-4х>3х+16
  4х+5х-3х≥12                                                                3х-3х>16-7
  6х≥12                                                                           0х>9
  х≥2                                                                            Жауабы: шешімдері жоқ
Жауабы: [2; +∞ ) немесе х≥2

2

3. 6х+17>2(3х+4)
    6х+17>6х+8
    6х-6х>8-17
    0х>-9
Жауабы: Кез келген сан.
Ү. Ойнай отырып, ойлана білейік. Сергіту.
    «Жаңылмаймын» ойыны
3-ке еселік сандарды атамай ретімен санаймыз.
ҮІ. «Кім жылдам?» Ауызша есептер
№1008
ҮІІ. Білімдіге биіктен орын.
Кітаппен жұмыс. № 1010
3х≥ -18        5у ≥16       - 8х≥24
х≥ -6            у ≥3,2         х ≥ -3

-8х≤32      6,5у>13         7,5х≤30
х ≤ -4       у>2               х≤4
№ 1011
№ 1013 есептер
3х-7<х+1            2+х>8-х            1-х≤2х-5
3х-х<1+7            х+х>8-2            -х-2х≤ -5-1
2х<8                   2х>6                   -3х ≤ -6
х<4                     х>3                     х ≤2

ҮІІІ.Тапқыр болсаң, тауып көр.
№ 1012
Теңсіздіктерді шешіп, шешімдерін координаталық түзуде кескіндеңдер.
1 оқушы 2 оқушы 3 оқушы
Х-3 ≥ -13
9х-7> -25 Х+1≤9
4х+5≤21 Х+3>5
2х+7<11

№1015
Берілген жұп санмен 3 еселенген келесі жұп санның қосындысы 32-ден кем. Осы шартты қанағаттандыратын ең үлкен жұп санды табыңдар. 
Б – х           х+3х < 32
К – 3х        4х < 32
                   Х < 8 

                                                  8
ІХ. Іздеген жетер мұратқа.
Тест
1.(- ∞; 5] сан аралығының аты
А) ашық сәуле          Б) интервал     В) кесінді      Г) сәуле
2.Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді.
А) (1; 4)                       Б) [ 1; 4]           В) ( 1; 4 ]      Г) [ 1; 4)
3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап; (4; 7]
 А) 4;5;6                       Б) 4;5;6;7          В)5;6            Г) 5;6;7
4. Белгіленуімен жаз; 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал
 А) (1;3]                        Б) [ 1; 3]            В) ( 1; 3)      Г) [ 1; 3)
5.Теңсіздіктер шешімін сан арлығымен жаз; 2≤х <6
 А) [ 2;6 ]                      Б) (2;6)               В) [ 2; 6)      Г) ( 2; 6 ]
6. [ 4; 9 ] сан аралығының аты
  А) кесінді                   Б) сәуле             В) ашық сәуле      Г) интервал
7. Белгіленуімен жаз: 2-ден 7-ге дейін интервал
  А) [2;7]                      Б) (2;7]               В) [2;7)                   Г) (2;7)
8. [ -4;5) аралығындағы ең кіші және ең үлкен бүтін санды тап.
  А) -4 және 3                Б) -4 және 4        В) -4 және 5          Г) -3 және 5
9. Белгіленуімен жаз -∞-тен 6-ға дейінгі ашық сәуле
   А) [ 6; + ∞ )                 Б) ( 6; + ∞ )        В) (-∞;6 )             Г) (-∞; 6]

Х. Үйге тапсырма: §5. 7 Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу № 1016, №1023
ХІ. Бағалау: Жеңімпаз оқушыларды мадақтау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Интервалдар тәсілімен теңсіздіктерді шешу
ҰБТ есептеріндегі теңсіздіктерді шешу
Сан аралықтары.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Квадрат теңсіздіктер
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктер. Ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 10619 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык