Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика әлеміне саяхат


Математика әлеміне саяхат

Математика әлеміне саяхат

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, қадірменді ұстаздар. Бүгінгі біздің «Математика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Математикалық ойлау дәрежесін арттыра түсу, білімін тереңдету, математикалық білімділігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Есептер шығарта отырып, жылдамдыққа,ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі біздің «Математика әлеміне саяхат» аттт сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер! Қатысушылар: 7 «А» класс, 8 «А» класс оқушылары.
Және де айта кететін жайт: 2 топ өздерінің топтарын, эмблемаларын таныстыру қажет. (2 мин.)
Жүргізуші:Сайыс кезеңдері:
1. Кім жүйрік? (4 мин.)
2. Ойлан тап. (2 мин.)
3. Есептер шеруі.(7 мин.)
4. Сиқырлы квадрат. (3 мин.)
5. Сөз шығара біл.(5 мин.)
6. Сұрақтар.(7 мин.)
7. Ой жалғасы. (5 мин.)
Ал осы сайыста әділ шешімін беретін, қатысушыларды бағалап отыратын: Есказина Дана Серікқызы.
1 – сайыс: «Кім жүйрік».
Сайыстың шарты: тақтада 12 сұрақ берілген. Сол сұраққа бірінші болып қай топ жауап береді, сол топ мейілінше көп ұпай алады.
Ал сұрақтар мынадай:
1. Үшбұрыштың элементтері қанша? (3)
2. Аксиома деген не? (Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем)
3. Дәптердің 24 бетін белгілеу үшін неше цифр керек? (39)
4. Теорема дегеніміз не? (Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем)
5. Қиылыспайтын түзулер?(Параллель түзулер)
6. Периметрдің формуласы? (2(а+в))
7. “Математика” сөзінде қанша әріптер қайталанады? (3 әріп: М,А,Т)
8. Үш сызықтан пайда болған фигура? (Үшбұрыш)
9. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская)
10. Екі қатынастың теңдігі? (Пропорция)
11. Теңқабырғалы үшбұрыштың анықтамасы? (Барлық қабырғалары тең)
12. Көбейту және бөлу таңбаларын енгізген кім? (Глейбниц)
2 – сайыс: «Ойлан тап».
Сайыстың шарты: 2 топқа логикалық есеп беріледі. Қай топ дұрыс жауап береде, сол топ ұпайға ие бола алады.
«Уақыт өлшемдері»: Барлық уақыт өлшемдері бола тұра ғасыр, жыл және сағаттан табылмай, минут пен секундтан табылатын не нәрсе? («Н» әріпі).
3– сайыс: «Есептер шеруі».
Сайыстың шарты:№1 есепте қанша үшбұрыш барын табу керек? (16).
№2 есеп. Теңдеу құрып, есепті шығару.  
Екінші сан бірінші саннан 2 есе артық, ал үшінші сан бірінші саннан 3 есе артық, қосындысы 300-ге тең болатын үш санды табыңыз. (50,100,150).
 4– сайыс: «Сиқырлы квадрат»
Сайыстың шарты: 12 сіріңке таяқшаларынан 2 таяқша алып, 2 шаршы шығару керек. 
Жауабы:
5– сайыс: «Сөз шығара біл».
Сайыстың шарты: 2 топ өздерінің топтарының атыннан сөз шығару керек.
7 «А» класс – «Алгебра».
8 «А» класс – «Геометрия»
6– сайыс: «Сұрақтар».
Сайыстың шарты: 2 топ тақырыпқа байланысты бірі-бірлеріне сұрақ қояды. 
5 сұрақ.
7– сайыс: «Ой жалғасы».
Сайыстың шарты: 2 топқа мақал-мәтелдердің басы айтылады, ал жалғасын 2 топ кезектесіп жауап береді.
Сөз кезегі: Есказина Дана Серікқызына беріледі. (5 мин.)
Сөз кезегі: Зульфия Өтесінқызына беріледі.
Жүргізуші: Алтындай қымбат уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
Математика- ақыл ой гимнастикасы
«Ғажайып математика»
Тапқыр достар
Математика ойын әлемінде
Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
Кім тапқыр? математикалық сайыс
Математика аруы -2014
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН «ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ»
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3127 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык