Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ондық бөлшектерді қосу, азайту


Ондық бөлшектерді қосу, азайту

Ондық бөлшектерді қосу, азайту

№31 орта мектеп

Ашық сабақ: " Ондық бөлшектерді қосу, азайту"

5 класс

Дайындаған : математика пәні мұғалімі Жалгасбаева Ж.Т

Ақтөбе қаласы -2014жыл

5Ә сынып. Математика

 Сабақтың тақырыбыОндық бөлшектерді қосу, азайту

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға ондық бөлшектерді қосу, азайту ережелері бойынша есептер шығару; Қасиеттерін беру; алған білімдерін тиянақтау, тексеру; өткен материалдарды толық пысықтату;
  2. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өэ-өзіне снеімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту;
  3. Тәрбиелік: оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйреті, ойда  сақтау қабілеттіліктерін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау, толықтыру сабағы ( ойын түрінде)

Сабақтың типі: дәстүрлі

Көрнекіліктер: сөздер , карточкалар, кубик, түрлі- түсті қағаздан жасалған белгілер.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Қосымша сұрақтар қою:

1)    " Бөлшек" ұғымын қалай түсінесіңдер?

2)    Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтіріңдер.

3)    Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтіріңдер.

4)    Ондық бөлшектің соңына нөлді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-         Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: " Білім " әлемінде " Алтын қақпа" бар, онда қазына бар, ол қазынаның не екенін тауып, білім алуымыз керек.

Оқушылар 3 топқа бөлінген:

1-    топ: " Бәйтерек"

2-    топ: " Жігер"

3-     топ: " Тұлпар"

" Алтын қақпаның " біріншісі " Тас қақпаны " ашуға арналған тапсырмалар:

1)    Тақтаға 3 есеп ілінеді. Қатесін түзеу керек:

2,06+ 1,3=                         61-7,64=                       21,7+0,613=

     2,06                                        61                                  21,7

     1, 3                                           7,64                               0,613       

     3,09                                       54,64                             21,1313

2)    Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қойыңдар:

1-    топ: 43+17=6               2-топ: 37+586=956                3-топ: 995-195=8

         5+999=1499                           83-38=792                              64-4=24

Күміс қақпаны" ашу үшін тапсырмалар:

1-    топ: Бірінші күні дүкен 2,76 т картоп, екінші күні одан 0,85 т кем сатты. Дүкен екі күнде неше тонна картоп сатты?

2-    Топ: Бірінші күні жөндеу бригадасы жолдың 4,85 км- ін, екінші күні одан 1,26 км артық жөндеді. Екі күнде қанша км жол жөндеді?

3-     Топ: Бірінші күні туристер 72 км жол жүрді. Екінші күні одан 27,45 км кем жүрді. Туристер екі күнде қанша км жол жүрді?

Алтын қақпаны" ашуға арналған тапсырмалар:

Топпен жұмыс ( сабақты бекіту)

1-    топ:

1)    Амалдарды орындаңдар.

8,65+2,34=

1,6+(5+3,4)=

24,09-17,616=

2) Теңдеуді шешіңдер:

         Х+8,635=14,62

         Х- 0,834=2,64

3) Өрнектің мәнін табыңдар:

         Х+0,08  ,      х= 5,86

2-    топ:

1)    Амалдарды орындаңдар:

11,21+6,01=

0,3+( 1,7+2,5)=

81,67- 44,916) =

      2) Теңдеуді шешіңдер:

         Х+ 71,93 = 98,15

         Х-2,3 = 3,374

       3) Өрнектің мәнін табыңдар:

         0,809+ х,    х= 63,7

         3- топ:

         1) Амалдарды орындаңдар.

         9,01+5,66=

         1,02+( 1,7+4,8)=

         76,3-17,44=

         2) Теңдеуді шешіңдер:

         Х+8,45=17,923

         Х-38,3= 8,07

         3) Өрнектің мәнін табыңдар:

         4,28+а,       а=25,08

Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

5- ке 5- ті қосқанда

Болып щықты 10 саусақ.

" Алтын сандықты" ашу . ( Сандықтың ішінде " Оқы, оқы және оқы" деген сөз болады.

Қорытындылау: " Кубизм " стратегиясы. Кубтың алты жағына  алты түрлі сөздер жазылған.

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жіктеу, бағалау.

Осы жазылған сөздер арқылы оқушылар өздері қорытады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Ана деп ән салам" Еспенбетова Ақзираның авторлық әнінің мәтіні мен минусовкасы
Қос сөздер
Ондық бөлшектерді салыстыруға жаттығу жұмысы
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
9 санын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 9108 | Қосты: Жалгасбаева Жанар Турдимуратовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык