Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйелерін шешу


Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйелерін шешу

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйелерін шешу

2.Сабақтың мақсаты
1.Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ұқыптылыққа,жауапкершілікке,инабаттылыққа,білімге құштарлыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке тәрбиелеу
2. Білімділік: Күрделі тригонометриялық теңдеулерді,теңдеулер жүйелерін триго-
                                    нометриялық  формулалардың көмегімен қарапайым түрге келтіріп,
                                    шешу тәсілдерін үйрету.
 Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ізденуге,ойлануға,ой қорытындысын
                                            тұжырымдауға және оны жеткізе білуге, шығармашылық
                                            еңбекке баулу,тригонометриялық теңдеулерді шешу туралы 
                                            ұғымын,дағдысын,іскерлігін,білімін,ой-өрісін жан-жақты 
                                            дамыту.            
 
3.Көрнекті құралдар: Тригонометриялық функциялардың графиктері,қарапайым 
                                     тригонометриялық теңдеулер туралы буклеттер,тригонометриялық
                                     формулалар кестесі,тесттер,компьютерлер,электронды оқулық.
 
4.Сабақтың түрі: Электронды оқулықты пайдалана отырып,консультант оқушылар  
                               көмегімен жүргізілетін жаңа сабақ.
 
 
5.Сабақтың типі: Бейімділік,білімділік дағдысын қалыптастыру және қолдану   
                                           сабағы.
 
                                        
6.Сабақта қолданылатын әдістер:Іздену,зерттеу, талдау,практикалық жұмыс,
7.Сабақтың барысы:
 
            1.Ұйымдастыру кезеңі.
 
            2.Жаңа тақырыпты өткізуге дайын болуы үшін оқушының білімін 
                       тексеру кезеңі:
 
                а).Қарапайым тригонометриялық теңдеулер дегеніміз не?
                ә).Олардың түрлері,теңдеулерін жазып көрсет.
                б).Қарапайым тригонометриялық теңдеулердің шешімдері қандай?
                в).Дербес шешімдері қандай,оларды жазып көрсет?
                г).Қандай тригонометриялық формулаларды білесіңдер?
3.Жаңа оқу материалын белсене де,саналы игеруге дайындық кезеңі                               
            (оқушыға сабақтың    негізгі мақсатын айқындата көрсету):
 
Тақтаға жаңа тақырып «Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйелерін шешу» жазылады.Оқушыларға бүгінгі сабақта күрделі тригонометриялық теңдеулер деген не және оны тригонометриялық формулаларды пайдаланып ,көмекші айнымалы енгізе отырып,қарапайым түрге келтіру арқылы шешу тәсілдерін электронды оқулықтың көмегімен,консультант оқушылардың басқаруымен үйретілетінін айтып ,ескерту.
Оқушыларға электронды оқулықтан өтілген тақырыптарға сәйкес №1,2,3 –сабақтарды
іске қосып,қайталап алу (шолу) ұсынылады.
 
4.Жаңа білімді қабылдауды ұйымдастыру және жаңа ақпаратты пайымдау,яғни,бастапқы білімді игеру (меңгерту).
    
 Оқушыларға тригонометриялық теңдеулерді шешуді жақсы білу,физикада гармониялық тербелістерге берілген есептерді шешуде және геометрияда векторлар арасындағы бұрыштарды табуда,үшбұрыштарды шешуде,жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылатын ұлттық бірыңғай тесттерде қажеттігі айтылады.
 
Тақырыпты түсіндіру алдын ала тапсырма бойынша дайындалған консультант-оқушыларға беріледі.Тақырып мысалдар арқылы түсіндіріледі.
5.Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгендігінің алғашқы тексерілуі:
          1.Оқушылардан бүгінгі сабақта қандай теңдеулерді шешуді үйренгендігін сұрау.
          2.Күрделі тригонометриялық теңдеулерді қандай түрлендіру жасап,қарапайым 
             түрге келтіруге болатынын сұрау.
6.Жаңа білімді пысықтау:
          Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешуді, олардың дербес
          жағдайдағы   шешімдерін,тригонометриялық формулаларды қолдана отырып,
         электрондық оқулықтағы және кітаптағы №1-4 тапсырмаларын орындау.
7.Бұрынғы алған білім мен бейімділіктің көмегімен проблемалық 
   міндеттерді  шығармашылықпен дамыта отырып, шеше білуді ұйымдастыру.
        Компьютердегі бүгінгі тақырыпқа байланысты екі вариантта жазылған
        тест   тапсырмаларын орындау тапсырылады және жұмыстары бағаланады.
8.Мұғалім мен оқушының оқу қызметінің нәтижесін бақылау,яғни,білімді бағалау.
        Сабақ барысындағы оқушы еңбегін бағалау,бағасын жариялау.
9.Келесі сабаққа арналған үй тапсырмасы.
10.Сабақты қорытындылау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешу
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Тригонометриялық тепе-теңдіктерге есептер шығару
Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері
Біртекті тригонометриялық теңдеулер
Тригонометриялық өрнектер және оларды түрлендіруге есептер шығару
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
тригонометриялық функциялар
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 5357 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык