Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызықты математика әлеміне саяхат


Қызықты математика әлеміне саяхат

Қызықты математика әлеміне саяхат

Түсініктеме
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық жағына да байланысты болып отыр. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының  болмауынан, түсінбеуі салдарынан мұғалім жұмысында көптеген қиыншылықтар кездесуі мүмкін. Егер білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдарының сабақтастығы толық орындалып отырса, яғни білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім бір – бірімен сабақтас болған жағдайда бұл қиыншылықты жеңуге болады.
           Бастауыш сыныптың 2 сыныбына арналған «Қызықты математика әлеміне саяхат» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі. 
             Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытады. 
                Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған. 
 
Актуалдылығы
             Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты мемлекеттік тұжырымдамасында негізгі аргументтің бірі болып саналатын сабақтастық мәселелерін шешу жолдары айқындалған. Математикалық білім мен біліктің қолданылу аясы кеңиген сайын мектепте математикадан сапалы білім берудің маңызы арта түсуде. Мұның өзі әр оқушыға математикадан қажетті деңгейде білім беру қажеттігін айқындайды.
             Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуында математиканың ққолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр адамда міндетті түрде математикалық сауаттылық болуы керек.
               Оқушылардың жоғарғы сыныптарға дайындау, логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету мақсатында 2-сыныпқа «Қызықты математика әлеміне саяхат» пәні 1 сағат арнайы курс енгізіліп отыр. 
 
Курстың мақсаты:
- Оқушыларға математикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
- Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс – әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу;
- Оқушыларды жоғары сыныптарға дайындау, логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету.
 
Курстың міндеті:
- Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
- Ақыл – ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
- Логикалық ойлау қабңлеттерін арттыру;
- Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;
- Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстанымдылыққа, шыдамдылыққа, адамгершілшік қасиетке, достыққа тәрбиелеу.
 
Білім беру жүйесінде алатын орны
          Математикалық білімнің іскерлікпен машықтық жүйесінен оқушылардың терең және сапалы меңгеруін қамтамасыз ету. Математикалық заңдар мен логика ережелерін үйрету. 
              Оқу программасы бойынша сабақ үстінде негізгі тақырыптың маңызды мәселелерінің бәрін қамту, жан – жақты мүмкін болмайды. Сондықтан оқушылар орындайтын жаттығуларда әртүрлі іс – әрекетке математика тіліне ауызша және жазбаша қолданылуы, кейбір күнделікті өмірдегі құбылыстардың өте қажет мәселелері одан тыс қалып жатады.
               Берілген материалдар мен тапсырмалар оқушылар қызығатындай, логикалық жаттығулар, есептер күнделікті өмірден алынып, әртүрлі салалармен (техника, әдебиет, экономика т.б.) байланыстырылған. 
                   Сонымен бірге, есептердің түрленген әдісін анықтау, есепке сәйкес аналитикалық және синтетикалық талдау, талқылау жүргізе білуге дағдыларын қалыптастырады.
 
Тақырыптық оқу жоспары
№ Өтілетін тақырып Барлық
 сағаты Тео
рия Прак
Тика мерзімі Әдіс - тәсілдер ескертулер
1 0- ден 10- ға дейінгі сандар.   1 Сұрақ -  жауап, түсіндіру
2 Толық ондықтар.     1
3 Теңдіктер,теңсіздіктер,теңдеулер.     1 Салыстыру,талдау жасау, сұрақ – жауап
4  Логикалық  есептер.     1
5 11 – ден 20 – ға дейінгі сандардың құрылуы,жазылуы,оқылуы.     1 Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме
6  Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту.     1
7   Фигураларды белгілеу.     1 Әңгіме, түсіндіру, практика
8    Белгісіз азайғышты табуға берілген есептер.     1
9 Жақшалы өрнектер.   1 Түсіндіру, әңгіме, практика
10   Математикалық санамақ,жұмбақ,жаңылтпаш.     1
11 Сыйымдылық.Литр.     1 Түсіндіру, әңгіме
12 Бағасы.Құны. Теңге.     1
13 21 – ден 100 – ге дейінгі сандар.     1 Сұрақ -  жауап, түсіндіру
14 Ұзындық өлшем бірліктері.     1
15 Бұрыштардың түрлері.     1
16 Шаршы,тіктөртбұрыштың қасиеті.     1 Салыстыру,талдау жасау, сұрақ – жауап
17  Олимпиада есептерін шығару.     1
18 Құрама есептер.     1 Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме
19 Қосудың терімділік қасиеті.   1
20 Қосындыдан санды азайту тәсілі.   1 Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме
21 Тәулік.Апта.Ай.     1
22 Күрделі құрылымды теңдеуді шешу.     1 Түсіндіру, әңгіме
23 Кері есептер шығару.     1
24 Үшінші белгісіз қосылғышты табу.     1 Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме
25 Үш таңбалы сандар нумерациясы.     1
26 Масса бірліктері – тонна,центнер.     1 Салыстыру,талдау жасау, сұрақ – жауап
27 Танымдық тапсырмалар.     1
28 Математикалық олимпиадаға даярлауға арналған есептер.     1 Сұрақ -  жауап, түсіндіру
29 Геометриялық фигуралар.     1
30 Тест тапсырмалары. Ойлан, тап!     1 Сұрақ -  жауап, түсіндіру, тест
31 Үш таңбалы санды есептеудің жазбаша тәсілдері.     1
32 Математикалық сөзжұмбақ, ребустар шешу.     1 Салыстыру,талдау жасау, сұрақ – жауап
33 «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»математикалык байқау . 1 Әңгіме, түсіндіру, практика
34 Тест жұмысы. Қорытындылау.     1 Түсіндіру, әңгіме, тест
Пайдаланған әдебиеттер
Мұғалімге арналған:
1.Бастауыш кластарда математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар.
Алматы «Мектеп»1985ж.
2.Математика.1-4 сыныптар.Алматы «Атамұра»,1997-2004ж/ж.
Т.Қ.Оспанов,Ш.Х.Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,Б.М.Қосанов,К.Ә.Ерешева.
3.Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1-4 сыныптар. Б.М.Қосанов.Р.Қ.Өміртаева    Алматы «Атамұра»,1998ж.
4.ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты,Алматы 1998ж.
5.ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.Жалпы бастауыш білім.АлматыРОНД,2002.
6.Бастауыш мектеп №12,2009ж. №4,2010ж. т.б.
7.Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау.   Ж.Бейсеков,АЖақсыбаева,Ж.Қамбаров.  Шымкент 2008ж.
8. «Математиканы оқыту әдістемесі»Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған.
Т.Қ.Оспанов,Ш.Х.Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,Б.М.Қосанов,К.Ә.Ерешева. 1999 ж.
Оқушыға арналған

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
география пәнінен есептер шығарудың жолдары
«Математика әлемі»
Математика әлемі
5-сынып «Математикалық логика» қолданбалы курс бағдарламасы
Жас қаламгер үйірмесінің бағдарламасы
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы
Математика бізбен бірге Таңдаулы курс бағдарламасы
Жанды математика
Қызықты математика
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 6785 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык