Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Күз сарайы» кеші.


«Күз сарайы» кеші.

«Күз сарайы» кеші.

1:  Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?

              Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?

              Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?!

              Қалай біздер қаперімде аңғара алмай қалғанбыз?

2: Әттең-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз?

                Келіп қапты сағыныштай сап-сары ала арман күз... – деп жырлағандай ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев, міне, біздің өмірімізге тағы да бір «Алтын күз» келіп жетті. Жасымызға жас қосылып, бір сыныпқа жоғарылап, тағы да бір күзді қарсы алып отырмыз.

Фанфары

1:Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! «Күз сарайы» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!

2:  Уа, халайық, халайық,

                  Мұнда назар салайық!

                  Мерекесі халықтың

                  Алтын күзге арналған

                  «Күз сарайы» атты кешімізді бастайық!

1:  Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді  шақырайық  (сайыскерлер ортаға шығады)

 

2: Құрметті көрермендер бүгін біз «Күз сарайы» байқауын өткізгелі отырмыз. Ал сайысымызға түсетін ханзадалар мен ханшайымдарымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

 

 

 

2: Ханшайым мен ханзадаларға рахмет айтып,  орындарына жіберейік

1:  Күз келіп, ханзада мен ханшайым

              Өткізді күзгі  бал айын

              Ханшайым тапқыр қыз болды

              Ағызар сөйлеп сөз майын

2: Ал, ханзадамыз ақылды

                 Барша жұртты шақырды

                 Би де билеп, ән айтып

                 Қуаныштан шалқыды,  - ендеше кешімізді бастайық

 Бірге:  «Күз сарайы» кешін ашуға рұқсат етеніздер.

Вальс биленеді.

 

1  Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,

              Алтын күзім тойланатын күн осы

              Жасыл далам сары далаға айналып,

              Алтын күзге айналады жер осы

              Табиғатым сары көйлек киеді,

              Күзгі балды тойлауға жұрт жиналды.

              Рұқсат болса бастайын осы кешті,

              Әр топ таныстыршы енді өзінді

2: 1-ші сайыс Таныстыру деп аталады.

1:  Байқаудың шарты -Неліктен сіздер ханшайым, ханзада болып тағайындалдыныздар ? (осы сұраққа жауап беру арқылы сіздер өздеріңізді шағын көрініс,ертегі, КВН, ән, би арқылы таныстырасыздар)

 

1-ші сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

 

2: Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

1:     Өнерлі өрге жүзер талаптының,

 Талантты талмай ұшар қанаттының.

Мың бұралған бишілері бастауыштың

Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті 4 сынып қызарының биін тамашалайық.

(Би)

2: Сайыскерлеріміздің II бөлімі -«Экибано» сайысы.  Тақырыбы:  «күзгі шоқ».

1-ші сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

 

Күзгі шоқ аты «Күзгі вальс». Калина, рябинадан әсемдеп жасалынды.

Мақсат: Әділқазылар алқасы «Экибано» сайысының бағасын беріп жеберсендер.

 

1: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

   Көңілдің серіппелі күйін ашсын

   Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып

   Біздерге бірлікпенен ортақтассын

   О заманда ашқан қазақ өнер сырын

  « Өнер жастан » жанындар

  Шақырған сайыстарға бірін-бірі

  Өнерпаздар-дарындар 

  Көрейік тамашалап, көрермендер

            Көрсетсін сайыскерлер жарнаманы! – бұл бөлім - берілген дәнді-дақыл, жеміс-жидек,  көкөністен  жасанды көшірме жасау және оған жарнама жасау болатын.

 сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

 

2: 3-ші сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

1: Модельер болу оңай ма ?

                Қиналып жатсаң мұңайма.

                Әр мамандық өзгеше

                Өз мәнінде , шырайда, - деп келесі «Сымбат» байқауына кезек берейік.

2: Құрметті әділқазылар алқасы «Сымбат» байқауында тек ханзада мен ханшайымды бағалайсыздар. Бірге шығып жатқан сыныптас оқушыларына баллдар есептелінбейді, себебі бұл көмекші оқушылар сынып жетекшінің өтініші болатын

1-ші сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

 

 

2: соңғы сайысты қорытындылау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі

 

1: Осымен біздің сайыстарымыз аяқталды . Құрметті қонақтар мен оқушылар ,әділ қазылар алқасына өздерінің ұпайларың шығару үшін уақыт береміз.

1: Асель сен білесінбе қазір ортамызға нағыз ханшайымның өзі шығады.

1: Мақсат әділ-қазылар әлі сайысты қорытындылап жатыр. Біраз уақыттан соң бәріміз бірге білеміз.

2: Жоқ, Асель, ол ортамызға шығып өзінің мұғалімдеріне Ана деген әнің арнамақ болатын.Осы апайлар айтады ғой мектеп сендердің екінші үйлерін деп, онда ұстаз да біздің екінші аналарымыз емес па? Олар бізге тек білім ғана бермей,  тәрбиені де қатар алып жүреді.

1: Дұрыс айтасын Мақсат. Ұстазға деген біздің алғысымыз шексіз. Ортаға кеше ғана бастауыш табалдырығын аттаған  Айботаны «Ана» әнімен қарсы алыныздар.

Ән

 

2: Ханзада мен ханшайымдарымызды сахнаға шақырамыз

 

 

Мақсат: Ендігі сөзді жеңімпаздарды анықтап, сайыс қорытындысын білу үшін құрметті қазылар алқасына берейік.

Марапаттау рәсімі

 

1:  Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз

              Білім мен тәрбие егіз неге дейміз

              Әдебімен тәлімі үндесетін

              Жастарды болашаққа жетелейміз

              Жеңістер мен жеңілістен тұратын

             Өмір күрес, жеткіземе мұратын

             Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

             Қатысу да бір жеңіс, жан болсан сен ұғатын

2: Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар.

                 өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар

                ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

               Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып, бүгінгі «Күз сарайы» кешін аяқтаймыз. Бұл сайыс үлкен белестердің шынығар шындау мектебіндей болсын! Қош-сау болыныздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Арайлы,алтын күз»
Жас суретшілер сайысы
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
«Күзгі бал»сайысы
Берекелі күз
Алтын күз
Берекелі күз – мерекелі күз
Арайлы алтын күз
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 2249 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык