Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ертегілерде кездесетін қазақы өлшемдер


Ертегілерде кездесетін қазақы өлшемдер

 Ертегілерде кездесетін қазақы өлшемдер        

        Жетекші: Сәтбаев қаласының №16 жалпы білім беретін

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 Жолдыбаева Думан Спатаевна

Авторы: Абитаева Жадыра, 8-сынып оқушысы

           Зерттеу жұмысының тақырыбы: Ертегілерде кездесетін қазақы өлшемдер

            Зерттеудің мақсаты: Қазақы өлшемдер жайлы іздену және ертегілерде кездескен қазақы өлшемдерді табу

 

Міндеттері:

*      Зерттеушілік қабілетін теориялық-практикалық тұрғыдан арттыру;

*      ертегілерді түсініп оқу, талдай білу;

*      ақпараттарды орынды қолдана алу.

Проблемасы Мектеп бағдарламасында қазақы өлшемдердің нақты қолданылмауы

Болжам: Егер қазақ ертегілерінде кездесетін өлшемдерді мысал ретінде  сабақта жиі қолданса, онда оқушылар ол жайлы кеңірек білер еді.

Зерттеудің жаңалығы: Зерттеу жұмысында бұрын-соңды болмаған ғылыми деректерде зерттелмеген қазақы өлшемдер жайлы талданып, сұрыпталып алынды.

 

Кіріспе

            Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және  сол арқылы өлшем негіздері  жасаған. Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталайық:

                                                                      Слайд-1

 

Радиальная диаграмма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу бөлімі

            Салмақ өлшемдерін халық былайша жүктеген:

                                        Мысқал-1гр

                                         қадақ-750гр

                                         келі-1кг

                                         пұт-16кг

                                         батпан-100кг

Бұл өлшемермен бірге халық «салмағынан жер ойылғандай», «түйеге жүк болғандай»  деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып, ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады. Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі мен мөлшерін, аумағын шамамен белгілейді. мысалы:

 

Мал саны мен көлемін де осылай шамамен ажыратады: яғни, бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, он шақты, жиырма шақты.... заттың көлеміне, аумағына қарай мысалы:

Слайд-3

 

Сұйық заттарға «мөлшер» сөзі қолданылып, оны мөлшерлеп есептейді. Халық қалындық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының жұқа, қалыңына қарай айтқан. Айталық бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты, (бұлар  3-5 мм шамасы), шынашақ елі, бармақ (бұлар 1-2,5см), екі елі, үш елі... зере (7-10 см) т.с.с. басқа заттардың қалыңдығы да көбінесе елімен, яғни саусақ қырымен өлшенеді. Оны елі дейді.

            Ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді.

Слайд-4

 

Аршын- ұзындық өлшемі. Аршын-түсіндірме сөздікте метрге тең өлшем.

Бармақ- ең үлкен, бірінші саусақтың «бармақ» аталатынын түсіндіріп жату артық: «хат білмесең, бармағыңды бас...» (Ақынжанов)

Қадақ. Тіліміздің 10 томдық түсіндірме сөздігінде бұл сөздің мағынасына- екі жүз грамға тең салмақ өлшемі деген анықтама берілген. «Қоржынның бір басындағы 5-6 қадақ кепкен өрікті үлестіріп бердім» (Б.Момышұлы, Шығ.)

Слайд-5

 

Бұл межелер ауыл ішінде бұл күндері де жиі айтылады.

            Ел ішінде тереңдік, биіктік өлшемдері де бар бұған терең, тайыз, биік, аласа деген сөздер қолданылады. Бір айта кетерлік жай жоғарыдағы аталған өлшемдер бір-бірінің орнына жүрмейді.

 

Ауа райына байланысты өлшемдер:

Слайд-6

 

«Қарамерген» ертегісінде

            Баяғы жамбасының астында қалған көрпенің қиқымын сатып еді, алпыс байталдың пұлы болды.

«Аңшы мен сиқыршы әйел» ертегісінен

            Ол ыстық күндері ұзақ ұшып жүрумен әбден мөлге ұрынып шаршайды. «Ақылсыз берілген жаза». Міне, осы бай байлықпен  бір дәуір бойы өмір сүріп тұрады.

«Түлкінің алдағаны» ертегісі

            Түлкі қасқыр менен жолбарыс екеуін алдап тастап, жүгіріп шелектегі майға келеді, бір елі төмен түсіріп жиді де, қайтадан қасқырмен жолбарысқа келеді.  «Атын Бірелі қойдым»  деді. Шелектегі майдың жарымын жеді.

«Алтын жүзік» ертегісі

  • Менің күйеуімнің бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс. Ол қазір адам іздеп, әрі малың бағып далада жүр, кешке қарай келеді. Ал маған көрсеткен қорлығы  ұшан- теңіз .... Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс үйге келіп заттарын түгендеп болып, енді әйелін іздеуге кірісті.

 

«Жылан қабықты жігіт» ертегісі

      ... жігіт қыздың қолтығының астындағы өзінің қабығын қағып алып, қарлығаш болып ұшып, шаңыраққа қонып отырып, қызға айтады: «Енді саған мен жоқпын. Мені  іздей қойсаң басындағы қалпағың  оймақтай, қолға ұстаған темір таяғың тебендей болғанда табасың», -деп, қызға «көргенше, қош бол» деп, қарлығаш ұшып кетеді. Дәудің айтқан шамасымен осы жерде үш күндік жол деген Мертік  қаласын  іздейді.

 "Сиқырлы тас"ертегісінде.

 -Бай баласына  бір мың сом беріп,оны жәрмеңкеге жіберіпті.

 

 "Алтын балық"ертегісінде

Бір кесек тұзды  қазанға тастап  жіберді

 

 "Кедейдің үш баласы"  ертегісінде

 

 Алған қайыстың ұзындығын өлшегенде,төрт жүз қарыс болыпты.

 Қаланың мына жағында  үш шақырым жерде жалғыз киіз үй бар,бесін кезінде айдаһар соған келеді,-деді.

 -Ұйықтап қалсам ояту үшін,бір уыс топырақ тастай бер,-дейді де ұйықтап жата береді.

 -Ә, дегенше бір шаһарға жетіп келеді.

 "Ұшар ханның баласы"ертегісінде.

 -Алдарынан көз көрім жерде бір тау көрінді. Осы жерде бір тажал жылан бар, ұзындығы қырық құлаш. Бала жыланның уытына улаңқырап, ет пісірім уақыт талып жатты. Дәу жанынан бір тілім таспасын алып,жолдасына келіп жатып қалды.

 "Малхуан сұлу"ертегісінде.

 -"Сиқырлы кемпір"деген сөз естерінде,екі жігіт сасып, қалталарынан мың ділдәні алып, шашып жіберіп, ағашқа тасаланған болды.

 "Жүсіп мерген"ертегісінде.

 -Қыз барады да,бес бауға толтырып,ә дегенше орып тастайды.

 -Кетерде Гүлбаршын шынашығын кеседі де,жататын,жуынатын,есігіне бір тамшы қаннан талмызып кетеді.

 "Тазша бала"ертегісінде.

 -Өзіне тиген ешкісін сойып кмпір мен шалға еттен бір түйір берместен арқалап кетіпті.

 -Тазша әкесіне айтыпты:"Тайлағымның бағасы жүз ділдә де",-дейді де өзі тайлақ болып кетеді.

 "Жеті өнерпаз"ертегісінде.

 -Бір-біріне соғыстырып қалғанда бес шақырым жерден қорған соғылады екен.

 "Ханның  тілсіз баласы"ертегісінде.

 -Бірінші ханның айшылық жерді алты аттайтын бір тұлпары болыпты.

 "Бай мен баласы"ертегісінде.

 -Жылқыға қараса бір қотар тай қарайды.

 "Асыл құс"ертегісінде.

 -Хасанның бетіне бір уыс топырақ шащып жіберіп еді,хасан сұлу болып кетті.

 -Балапандары айтты:"Егер сіз бір қасық қанын кешірсеңіз,бір адамзатты көрсетелік",-деді.

-Ал, сенің  бір мысқал етің бұл жерде 1000 тіллә тұрады,мені ескертпеді деп өкпелеме,ендігісін өзің біл,-деді.

 "Әлібек батыр"ертегісінде.

 -Темір таяқ  тебен инедей,

  Темір етік теңгедей болып,

  Мойны ырғайдай,

  Биті торғайдай болады.

 -Айға шапсаң-мың күндік,маған шапсаң-бір күндік,-деген екен шал.

 -Ең алдымен Әлібек туады,алты қарыс селбесін қасына ала туады.

 -Батыр,іштен ала туған алты қарыс селбеңді қалай келдім,-дейді.

 -Сен жақта үйге Шүлеңгір деген батыр келіп,бір аяқ саумал ішіп кетті.

 "Құланайжарқын"ертегілері.

 -Ол үшін ізінен бір уыс топырақ  сонда саған тауып берейін.

 "Қараүйрек"ертегісінде.

«Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісі

Бір күндері ешкілерін жайып жүріп, бір топ киікті көреді. Келе жатса екі аяғына екі батпан тас байлап алған, ойдан қырдан жүгіріп жүрген желаяққа кез болады.

... Күнікей қызға келе жатқан адам болса, соның дыбысын сезіп, жүз шақырым жерден алдынан шығады екен... Қолына бір уыс топырақ алады да, кемпірдің алдынан өте беріп, топырақты көзіне шашып жібереді.

 

 

 

 

 

 

  1. бас бармақ
  2. сұқ саусақ
  3. ортан саусақ
  4. аты жоқ саусақ
  5. шынашақ

 

 

 

 

 

 

Елі- саусақтың көлденеңқалыңдығы (ені)

 

 

 

                                                                                                                                       

Сүйем- бармақ пен сұқ саусақтың арасындағы өлшем

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарыс сүйем- бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынық сүйем- сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленген өлшем, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі

 

 

 

 

 

 

 

Қарыс- бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұтам- бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 4 еліге тең ұзындық өлшемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білем- ортан саусақтың ұшы мен қолдың буынының арасындағы қашықтық

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір уыс- қол саусақтарын                         Қос уыс- қос қолдың саусақтарын

жымдастыра бүккендегі өлшем              бірге жымдастыра бүккендегі өлшем

 

 

 

 

 

 

 

               

 

Шымшым- ұсақ затты бас бармақ және      Шөкім- ұсақ затты үш саусақтың

сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем             ұщымен қысып                                                                                                алғандағы өлшем

        

Ертегілерде кездескен мақал-мәтелдердегі өлшемдер

Бетегеден биік, жусаннан аласа («Алтын сақа»)

***     ***

Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін.

***    ***

Жеті рет өлшеп, бір рет кес

***          ***

Ердің құны жүз жылқы, ары мың жылқы

***         ***

Екі елі ауызға- төрт елі қақпақ

***         ***

Қарыстан сүйем жақын

***         ***

Қарға арғымақ арылса қарға адым жер мұң болар

***             ***

Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады

***                    ***

Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе

***             ***

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды

***            ***

Көп қорқытады, терең батырады.

 

Ғылыми  жұмысымды Мұзафар Әлімбаев атамыздың   «Көне өлшемдер» атты өлең  жолымен қорытындылауды жөн көрдім.

Көне өлшемдер

Сүйем деген немене?

Жүрген елдің ойында

Ескі өлшемдер мол екен:

Бір сызықтың бойында

Созсақ сұқ қол, бармақты-

Сүйем деген сол екен.

Қарыс  деген немене?

Жүрген елдің ойында ескі өлшемдер мол екен

Бір сызықтың бойында

Бармақ пен ортан  қолыңды

Созсаң өлшей қоюға-

Қарыс деген сол екен.

Адым деген немене?

Білу үшін, шырағым

Білмегеніңді сұрағын:

Бір аттасаң алдыға,

Сол болды бір адым.

Шөкім деген немене?

Ескі өлшемді білші,

Ұмытпастай бекім бол.

Үш саусақпен шымшы,

Қанша іліксе-шөкім сол.

 

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ ертегілері 1-6 том, Алматы «Жазушы», 2000ж
  2. Құралұлы А. «Ұлттық дүниетаным» Алматы «Өнер» 2002ж
  3. Кенжеахметов С. «Жеті қазына» Алматы, «Ана тілі», 1997ж
  4. Нұрмағанбетов Ә. «Бес жүз, бес сөз», Алматы «Рауан», 1994 ж.
  5. БАҚ беттерінен

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шығарма "Ақша саған айтарым бар"
Қос сөздер
Қайырымдылық
Шамалар
Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын. Бәйшешек
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 5294 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык