Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мазденов Жасқыран Қызылсая орта мектебінің 11- сынып оқушысының туындылары


Мазденов Жасқыран Қызылсая орта мектебінің 11- сынып оқушысының туындылары

 

Мазденов  Жасқыран Қызылсая орта мектебінің 11- сынып оқушысының туындылары

 

Жалған арман

Самғаған, шарқыраған асау арман,

Неткен тылсым едің  дүние жалған.

Адамды жамандыққа еліктетіп,

Қансырап арт жағыңда қалған арман.

 

Жарқыраған өмірді,

           Шаттыққа толы көңілді,

Аңсап нең бар,

          Болмаса егер бойыңда,

Бір тамшы ар.

 

Сен

Көзім менің алаулы,

Көңілім менің қыраулы.

Жүрегім мұңға толы,

Ой-санам жырға толы.

 

Сен болып едің,

Көңілімнің тірегі.

Бір өзіңе ғана,

Жүрегім бақыт тіледі.

 

Арман

Арман, арман, арман-ай,

Жүрекке ұя салған-ай.

Ешқашанда сөнбестей,

Оттай лаулап жанған-ай.

 

 

Қос заман

 

Тағдырдың тақ сындырар белестері,

Өтіп кеткен өмірдің елестері.

Бұрынғы мен қазіргіге қарап тұрып,

Болашағы өмірдің елес берді.

 

Бұрынғының жастары тәрбиелі ер еді,

Бұл немесе жай ғана елес пе еді?

Қазірде жас ұрпақтың бойы өскенмен,

Бірақ та, әттеген-ай, ойы өспеді.

 

 

Халқымызда кең тараған сөз өнері,

Болатын баяғыда өмір нәрі.

Ал қазірде шам жағып іздесең де,

Таба алмассың сен оны, ел кезссең де.

 

Қазақстан

 

Бабамның туған жері – Қазақстан,

Атамекен қасиетті ұлы Отан,

Мәңгілікке ұлың болып сүйіп өтем,

Қазақстандай өз елімді мақтан тұтам

Махаббат

 

Махаббат деген не екен,

Жүрекке түскен шоқ екен.

Махаббат деген гүл екен,

Өмірдің ән мен жыры екен.

Жүректегі махаббат,

Ауаға қалқып барады.

Өзен, таудан өтеді,

Жаным саған жетеді.

 

Жүрегің махаббат аңсайды

 

Алаулап  таң атты,

Жаңа өмір басталды.

Қызарып  күн батты,

Қара түнек орнады.

Ешкім сені көзге ілмейді,

Айқайла, ештеңе өзгермейді.

Сені ешкім тыңдамайды,

Жүрегіңді ұрламайды.

Көңілің қинап бітірді,

Қайғы-мұң күліп құтырды.

Сезімің талып шаршады,

Жүрегің махаббат аңсады.

 

Жан достарыма

 

Жан достарым, тіледім бір алладан,

Жүрсе екен деп барлығың, әрқашан да дін аман.

Еңселерің түспесін еш уақытта,

Армандарың орындалсын әр уақытта.

 

Сағындым тай-құлындай тебіскен күндерімді,

От шашып, шоқтай жанған мөлдір қара көздеріңді.

Сағындым әзіл, қалжыңы жарасқан  сөздеріңді,

Достарым, мәңгілікке сыйлап өтем  өздеріңді.

 

                      

 Асыл арман

Арманның жағалауын мен бойлаймын,

Армандауды мен ешқашан қоймаймын.

Өмірде не бар, не жоқ деп те ойлаймын,

Тылсым дүние тереңіне бойлаймын.

3

Жүрегімді ауыртпашы

 

Ақырын жаным, ауырттың  менің  жүрегімді,

Екі езуім жиырылып, қалайша күлем енді.

Сезімім түтінге қара буланып,

Махаббатым  күйреген  қалды уланып.

 

Көңілім күңіренді күңгірт бұлттай,

Сезімім мен жүрегім ауа жұтпай.

Көздерімнен жарқыраған сәуле кетті,

Мұңаюмен қайғыра күндер өтті.

 

Тыңда, тағдыр, тыңдашы  өтінемін,

Бір кездері өзіңе  мойынсұнбай кетіп едім.

Кешіре алсаң сен мені  құптағаның,

Кеше алмасаң егер де  ұқпағаның.

 

Өткен күндер қиындығын еске алып  күрсінемін,

Тағдырдың жазуымен болатынын  түсінемін.

Тыңда, тағдыр, бір мезет  елесеңші  өтінемін,

Маған да шын бақытты  сездірсеңші,  күтіп едім.

 

Ешбір жанға жамандық тілемедім,

Бұл ниетім жақсылық әкеледі, біліп едім.

        

Бір өзіңді ұнаттым

 

Сүйіп едім бір өзіңді, қинадың ғой сен мені,

Тосып едім сарылып, сол күні неге келмедің?

Сені ешкімге қимаған сезімім менің аспандай,

Жүрегіме сыймаған махаббатым  көп сондай.

 

Көздерің сенің қорған болып көңіліме бекіген,

Басқа жанның сезімі жүрегіме жетпеген.

Алдадың неге сен мені, оныңды мен білмедім,

Артыңнан жүріп көп күндер, бақытты қуып іздедім.

 

Тағдырымнан сұраймын

 

Кірме менің көңіліме мұң-қайғы,

Жалындаған жүрегім  қалай ғана  шыдайды.

Айналып өт,  мені әрқашан өкініш,

Деп сұраймын сенен де бір өтініш.

 

Қинамашы, ар-ұятым, кешірші,

Күнә істеген адаммын мен нешінші.

Сан алуан жандар бар ғой адасқан,

Кешір, тағдыр, мен де пендең кер басқан.

 

 

Жүрмін іздеп бақытты

   Өмір мені көп нәрсеге үйреткен,

  Біраз қайғы көңілімді күйреткен.

  Жүректен қан, аққан азап кеудеден,

  Талай рет қалған үміт түнекте.

 

  Күндер де бар, бағым маған серік болған,

  Шаттандырып, қуанып көңіл толған.

  Есім кетіп талай рет  сезімдерім  тулаған,

  Айтыңдаршы адам бар ма, бақыт іздеп қумаған?

 

Шыдамды бол

 

Дүние бұл не?

Өмір ме жалған,

Көңіл ме қалған,

Жүрек пе күйген,

 Сезім бе сүйген?

Жоғалған шаттық,

Қайдасың бақыт,

Іздейді сені көп адам.

 

Қашады бағың,

Сынады сағың,

Қуасың жүріп сен соны.

Талады талап,

Құлайды қайрат,

Қурайды күлкі,

Шаршайды үміт.

Өтеді күндер,

Кетеді сенің жас шағың.

Кіршіксіз көңіл,

Қайғысыз өмір,

Сол болды сенің арманың.

 

Шыдашы достым,

Мойыма тағдыр сынына.

Қиындық кетер,

Қуаныш жетер,

Жадырап сенің қасыңа.

Ақылың болса,

Көңілің толса,

Тәубе қыл, достым,

Қолыңда бар нәрсеңе.

 

Бұл өмір сондай,

Тағдырың жазбай,

Болмайды достым ештеңе.

Көңіл де келер,

Ісің де жүрер,

Жүрегің толар шаттыққа.

Үмітің туып,

Келер күн,

Толар  бақытқа.

 

 

          Сексен алтының жастары

 

Сексен алтының жалындаған  жастары,

Азат еткен қазағымның аспанын.

Әділетсіздікке қарсы тұрған  сол жастар,

Шықты алаңға ойлап қамын баршаның.

 

Сексен алты дүрбелеңі есінде әлі халықтың,

Кезі еді бұл күйреген КСРО-дай алыптың.

Тәуелсіздік келді бізге, ата-бабам  аңсаған,

Азат енді бодандықтан   ұл мен қызы қазақтың.

 

Бұлттардан биік арман

 

Алыстағы бұлттарға көз тастадым кенеттен,

Қарай бергім келеді, білмеймін не себептен.

 

Бұлт  жамылған арманым    елестейді,

Бұл арман  бұлттан биік белес дейді.

 

Арманым  бар қаншама қиялдайтын,

Жалын  құшып  өмірге сыя алмайтын.

 

Қолымдағы барымды берер едім,

Не болса да соған мен көнер едім.

 

Арманым, алыстама, өтінемін,

Саған қарай асыға мен келемін.

 

Махаббат құдіреті

 

Өмір неткен тамаша еді,

Көңіл құдды бір балаша еді.

Бойым жылып,  жүрегімде жыр ойнаған,

Мен байғұсты бақытты деп кім ойлаған.

Достым менің , махаббат барда  түңілме,

Махаббатсыз өткен өмір өмір ме

 

Саған ғашықпын

 

Адамсың сен жүрегіме ең жақын,

Әрқашанда есімде сенің атың.

Саған деген сезімім ыстық болған,

Талай адам өзіңе ынтық болған.

 

Сағынам бірге өткізген күндерді,

Қол ұстасып бірге жүрген  түндерді.

Өзіңді мен сүйе алмаспын лайықты,

Бірақ бұған мен емеспін айыпты.

 

Сүйесің сен өзгені, амал бар ма,

Бұл шындық салатұғын жара жанға.

Қыс түсіп көңіліме ерте келген,

Сөнер емес сол сезім өршеленген.

 

Кеткен көңіл мені тастап алысқа,

Үмітім де үзілер күн  алыс па?

Түңілдім де, күрсініп болдым басқа,

Амал не, тағдырдың бұл ісіне шара бар ма?

 

Сезімім аяқ асты болды менің,

Шын сүйген аяулым өзің едің.

Сырымды айтып, ұнатып ем өзіңді,

Махаббатым болатын күйреместей еңселі.

 

Атты талай таңдарым  сағынумен,

Батты талай түндерім жабығумен.

Сезімің жоқ, өзің жоқ, болдым жетім,

Бір өзіңе бақыт тілеп өтумен.

 

Өлеңдерім өмірім

Өлеңдерім - өмірім, білдіретін көңілім,

Сезінетін сезімім, айтатұғын төзімім.

Шығаратын өз үнім, шағатұғын өз мұңым,

Кемшілігім, кемдігім, теңесетін теңдігім.

Шығатұғын шыңдарым, тағдырымды тыңдадым,

Өмірдегі белестер, кешегі күн елестер.

Өлеңдерім - өмірім, ұйқысыз өткен түндерім.

Бейқам жүрген күндерім,

                                     шумақтарым шырағым,

Самғайтұғын пырағым.

 

 

 

Өмір жауын

 

Күндерің бұл  күн емес,  тамшы сулар,

Тамшылар көп өмірде жанды улар.

Жылдарымыз біздердің жауған жауын,

Ал қиындық асу бермес шың тауың.

 

Жауынның түр-түрі бар, мен білемін,

Айтарым сол, бәріңе ұзақ жауын тіледім.

Жауындар бар пайдасын тигізетін адамға,

Нөсерлер бар кей кезде айналатын наданға.

 

Неше өмір, неше жауын бұл өмірде тоғысқан,

Жандар да бар күйінген, тағдырымен таласқан.

Қанша адам бар зұлымдықпен адасқан,

Бар мұнда да шын сүйетін, жұптарымен жарасқан.

                           

Достарыма кеңес айттым

 Қосалқы сөздің керегі жоқ,

 Керегі жоқ басқаның.

Кей адамдар айтып салып,

Білмей қалар сасқанын.

 

Кір келтіріп көңіліне,

Өзге жанның жазықсыз.

Еріп сайтан сөзіне,

Неге бұндай болдық біз.

 

Балағаттап біреуді,

Қолдан келер іс болды.

Көре алмай кей жақсыны,

Қаның қашып,  мұз болды.

 

Күліп қарап өзіңе,

Сырттан пышақ қадайтын.

Жандар көп қой өмірде,

Жақсыға өзін балайтын.

 Кемшілігін білмей тұра,

Өзін мінсіз санайтын.

Басқалардың құлдырауын,

 Шын көңілмен қалайтын.

 

Жарқырайды ондай  жанның,

 Байлықты көрсе көздері.

Пайда табу үшін олар,

Өтірік қылар сөздерін.

 

Сендерге ақыл үйретер,

  Адам мүмкін мен емес.

  Достық ниетпен  ескертер,

 Сөзімді ешкім елемес.

 

«Абай бол» деп достарым,

Айту менің парызым.

Болмасын деп күні ертең,

Өмірге айтар арызың.

 

 

                                                          Көңілге қонар нәрсе тап,

                                                           Босқа жүрме, замандас.

                                                           Түкке ебі болмаса,

                                                          Басқаға ондай  болар қас.

 

Ең басты бақыт -  өмір сүру

 

Жақсыға бет бұралық,

Жаманға қарсы тұралық,

Бақыттан барып сұралық.

Сәттілік қайда екен деп,

Ізгілікке өтем деп,

Надандық бізге бөтен деп,

Шаттыққа  жол бар жететін.

 

Амал бар қайғы  мүлде кететін,

Күлкіңді жайлы ететін,

Жүрекке жылу төгетін,

Кеудеңе көңіл егетін,

Санаңа нұрын шашатын,

Жаңа өмір есігін,

 Достым, саған ашатын,

 

Кез емес бұл қашатын.

Қиындықтан, қайғыдан,

Барша жанды аңдыған.

Шындықты айтсаң сен егер,

Өмір сүру  жеңілдер.

Бақыт саған келмесе,

Күлкі артыңнан ермесе,

Тағдыр төзім бермесе,

Үмітіңді үзбе, ендеше.

 

Келер саған сонда достым,

Аңсаған асыл арманың.

Ниетке сендің, жақсы сен,

Сауапсыз әсте қалмассың.

Ең керемет сый бізге,

Емес пе көру таң нұрын.

   Жаңа өмір

Жаңа өмір бастадым,

Кешегіні тастадым.

Бүгінгіні қарсы алдым,

Ертеңгіні аңсадым.

 

Өткен күнді еске алдым,

Түскен шақты  басқа мұң.

Болашаққа қарадым,

Бақыт іздеп қаладым.

 

Тіледім мен тағдырдан,

Ар-ұят үшін жан құрбан.

Сезімінен сескенбей,

Жүрсем деймін өкінбей.

 

Күлсем деймін уайымсыз,

Жас балаша желпілдеп.

Келмейді қорыққым қайғыдан,

Жан түршігер селкілдеп.

 

Кірме деймін қиындық,

Жаңа менің өміріме.

Сыз түсіріп жүрекке,

Мұң түсіріп көңіліме.

 

Жаңа өмір бастадым,

Кешегіні тастадым.

Бүгінгіні қарсы алдым,

Ертеңгіні аңсадым.

 

          

 

 

 

12

 

 Ешқашан кеш емес өзгеруге

 

 

Көңілім қандай білмеймін,

 Кейде солған гүлдеймін.

Сезімім толқып бір кезде,

 Өмірден  бақыт іздеймін.

 

Қиындық бізге келеді де кетеді,

Бар өмірің арпалыспен өтеді.

Егер де сен шын ниетпен тілесең,

Бақыт саған көп ұзамай жетеді.

 

Аспан да берер егер жауын тілесең,

Сүрінгеннің қолтығынан демесең.

Ар-ұятың сонда таза болады.

Ұялудың қажеті жоқ өзгеден.

 

Ешқашанда кеш емес өзгеруге,

Шынайылықты сезініп, көз көруге.

Қиындықты өткеріп сан алуан,

Уәдеңде тұр, ешқашан сөзге ерме.

 

Өмірге нық сеніммен  қадам бас,

Қайталама әдеттерді қағынды.

Ойлан, достым, неліктен осы адамдар,

Өзгелерге ор қазып, өзі соған ұрынды.

 

Шын мұратқа жету

Тіледім жандарға жүзі жарқын,

Шын жүректен кетпес бақыт.

Мұратқа жетуге асығыңдар,

Зулайды, өтеді, күтпес уақыт.

 

Мұрат деген байлық емес,

Көп адамдар аңсаған.

Ақылменен мұрат жиған,

Жандарға мен тамсанам.

 

Мұрат деген өмір емес жайнаған,

Ізгіліктің жолы болар жиналған.

Батыл болып шындықты айту,

Қайратың ол қайнаған.

 

Түнектен салқын күн туғызып,

Пайданы ешбір қумайтын,

Әділдікті жырлайтын,

Тілің ол сенің сайраған.

 

Болмасқа амал, құламас қамал,

Сертің ол сенің таймаған.

Мұрат деген ашкөздік емес,

Қылмысқа сені итерген.

 

 Ешбір жанды  алдамайтын,

Кісіні халық құрметтер.

Әр айтқан сөзің, істеген ісің,

Сонда достым құр кетпер.

 

Жалған сөзге бара алмайтын,

Жақсылығын санамайтын,

Асыл мұрат, міне осындай,

Жақсылап ойлан, достым – ай.

 

Байлыққа барып шығарсың,

Барыңды жинап тығарсың.

Күндердің бір күнінде,

Дәулет қолдан кеткенде,

 

                                                   Айтқанымды сонда ұғарсың.

                                                   Сол кезде бірақ кеш болар,

                                                   Күнің сенің  түн болар,

                                                   Бар байлығың құм болар.

Абайды ұлықтау

Абай ата алып аспан,

Ашылмаған бар сыры.

Абай ата ақын туған,

Жырлау үшін жаралған.

 

Абай дана, Абай дара,

Айтарың бар ма сен бұған.

Абайды сен оқыдың ба?

Не айтқанын мен де ұғам.

 

Көңіліңе қонды ма ақыл,

Парасатпен айтқан ақын.

Өлең, жырын оқымасқа,

Тыңдамасқа бар ма хақың?

 

Абай ғасыр, Абай асыл,

Деп жырлаймын мен бүгін.

Таба алмай кетті өмірден,

Елің қазақ теңдігін.

 

 

Аңсап бақыт елі үшін,

Таласты ол мыңменен.

Қалың қара халқы үшін,

Тартты азап мұңменен.

 

Осыдан соң дана  Абайды,

Неге бізге сыйламасқа.

Қазақ деген ел дегенде,

Елжіреген, болған басқа.

 

Зарлап өткен сорлы жүрек,

Тапқан шығар тыныштық.

Ұран қылып Абай сөзін,

Аспанда бейбіт біз ұштық.

 

Абайды ұлықтау, Абайды ұмытпау,

Бүгінгі ұрпақ сенің міндетің.

Ақылын тыңда ұлы ақынның,

Кетсін десең қайғы-індетің.

 

   Жақсы сөз айтып жұбатқан,

                                            Талайды сынап құлатқан.

                                              Тәубеге келтірген талайды,

     Достарым, құрметтелік,

біз Абайды.

Абай ата қасиеті

 

Өзгермейтін қалыбы,

Поэзия алыбы.

Азат елдің тұлпары,

Ашық аспан  сұңқары.

Шындық сөздің тарланы,

Құдіретті арланы.

Биік таудың шынары,

Еңбек, білім ұраны.

Таусылмайтын өсиеті,

Барлығы бұның,

Абай ата қасиеті.

 

Ар-ұят құлы,

Қазақтың ұлы.

Дананың өзі,

Ақылдың көзі.

Қайратты тұлға,

Ізгілік қуған.

Көкірек толы,

Наданға долы.

Адам бар барша

Бас иетін,

Түсінсең егер,

Абай ата қасиетін.

 

Елі үшін күйген,

Ғашығын сүйген.

Байлықтан безген,

Сұмдықты езген.

Барларды сынап,

Жоқтарды сыйлап.

Ақылы, күші,

Жақсылық ісі.

Адам бар барша

Бас иетін,

Түсінсең егер,

Абай ата қасиетін.

 

Қайғы жұтқан жұрты  үшін

 

Қазаққа дана атанған Абай еді,

Аралап, көзбен көрген талай елді.

Абай еді шындықты жырлап айтқан,

Біраз жанның  өзінен беті қайтқан.

 

 Әділдікті жалғыз өзі жақтаған,

Надандардың ісі оған жақпаған.

Қайғы -  мұңды жырларымен жеткізген,

Бар ғұмырын ізгілікпен өткізген.

 

Жылдар бойы шеккен ақын азап, мұң,

Қамын ойлап қалың елі қазақтың.

Қанжығалы топ алдында сөз айтып,

Арпалыстың, мыңмен жалғыз алыстың.

             

Шынайылық қалса кетіп

 

Көрмесек,  егер өмірдің қасіретін,

Қалайша түсінеміз, біз оның қасиетін.

Білмесек қандай  екенін арсыз  күлкінің,

Жамандыққа тап болармыз кез келетін.

 

Сезіне алмасаң махаббатты шынайы,

Уақыт өте нәзіктігің құлайды.

Тасқа айналар жүрегіміз қарайып,

Қара көзден жас ағады мұңайып.

 

Жамандыққа ерме деп ескерткенмін,

Пәк жүрек туралы ой, сөз еткенім.

Қол сұқпадым ешкімнің өміріне,

Қарамадым достардың көңіліне.

 

           Таңғажайып табиғат

 

 

Күннің нұры көзіме түсті

                 сәулеленіп жарқыраған,

Таң атты, құстар аспанда

                 ән салып шарықтаған.

Таңғы самал неткен тамаша

                                        иісі жұпар

Рахаттана  бар кеудеңмен

                          болсаң жұтар.

Көңілді тербетеді

                               елжіретіп,

Бар уайымды ұмытасың,

                                есің кетіп.

Жарыққа көзің бөленді

                              жанған оттай,

Келші құрбым, қыдыралық

                               босқа жатпай.

Сезіміңді сергітейін

                             мен сенің,

Кеудеңді бір құмар бассын

                                  еңселі.

Қара көкке  күннің көзі күледі,

Ашық аспан  бізге бақыт тіледі.

Гүлдер жайнап  жұпар иіс  

                                          төгеді,

Таңғы самал әсем күйге бөледі.

Сыр айтады   қалың ағаш  

                                жапырағы,

Күй ойнаған тәрізді

                    өзеннен су ағады.

Қиялды көкке ұшырып

                  ойың қанат қағады,

 

Самал жел ән сияқты

              жаныма әбден жағады.

Көптен бері болмап едім

              мұндай күйде ғажайып,

Ішімдегі бар сырымды

         айтқым келді мен жайып.

Неткен ғажап қыдыру

            құшағында орманның,

Тылсым күйге бөленіп

               қиялында арманның.

Қандай рахат қыдыру

                              көл басында,

Тұрса толқып, нұр шашып

                              ай аспанда.

Жұлдыздар әкетеді

                               бізді арманға,

Тамсанбайтын жұлдызға

                                адам бар ма.

Бар нәрсені ұмытып

                                  өмірдегі,

Құмартасың тәтті сәтке

                                     көңілдегі.

Ән салғым келіп-ақ тұр

                               мен айқайлап,

Ұрлана қарағандай

                              бәрі байқап.

Айтарым сол, жан құрбым,

                               сенесің бе?

Сырын ұқтым табиғаттың

                                 білесің бе?            

 

Жол басы

Жол басы мына өлең ақындықтың,

Жазсам деймін жырларды толқындардай.

Жүк артып аса ауыр жолға шықтым,

Санасыз түнекке жарық шашсам, толған айдай.

 

Көр кеуде, жат мінез, өтірік сөз,

Болды ма, бүгінгі күн бізге жақын.

Шындығына өмірдің жеткізіп көз,

Жасқанбастан, бұлтартпай айтар ақын.

 Мен өмірге ғашықпын

 

Мен өмірге ғашықпын,

Айтуға соны асықтым.

Жырлаудан ешбір шаршаман,

Тағдырға қарап тамсанам.

 

Мен өмірге ғашықпын,

Күлімдеген күн үшін.

Мен өмірге ғашықпын,

Жайнап өскен гүл үшін.

 

Мен өмірге ғашықпын,

Қасиетті мұң үшін.

Мен өмірге ғашықпын,

Балдай тәтті тіл үшін.

 

Мен өмірге ғашықпын,

Бақыт үшін, бақ үшін.

Мен өмірге ғашықпын,

Адамдық атты тақ үшін.

Жас көңіл

 

Жазылды сөздер тізіліп,

Ой құрап, сөйлем түзіліп.

Тереңде жатқан сырларға,

Қарайды көңіл қызығып.

 

Санамды билер көп үміт,

Жастық шақ мәңгі көрінер.

Бостандық қарар үңіліп,

Кеудемнен ән-күй төгілер.

 

Шаттыққа толар жүрегім,

Естімес жырдан басқаны.

Шабытпен шығар тілегім,

Білмей-ақ, қорқу, жасқанып.

 

Тыңдамас, басар мұң-зарды,

Тамырдан өткен жас көңіл.

Қалады арман, бір жарлы,

Тағдырдан күткен басқа өмір.

 

Жоғалту

 

Қандай мақсат,  мына өмір сүруім,

Қиналу ма мұңайып, әлде жай бір жүруім.

Қандай сынақ қарсы шығар алдымнан,

Сынақтардан тағдыр мені шалдырған.

 

Қандай бақыт, күтіп жүрген қасымда,

Отыр ма әлде, дәл жанымда расында.

Олай болса, неге оны көрмедім,

Қолынан ұстап, неге артынан ермедім.

 

Достарыма арнадым

 

Достарым, достарым, достарым,

Доспын деп әнімді бастадым.

Өздерің болғанда жанымда,

Ақ болып көрінер аспаным.

 

Достарым, достарым, достарым,

Сағынам сендерді көрмесем.

Алаңдай қаламын мұң басып,

Жағдайың, халіңді білмесем.

 

Достарым, достарым, достарым,

Аман бол, әрқашан түңілме.

Қайғы мен қасірет күйіне,

Салынып еш уақыт үңілме.

                                   Тілім менің

Тілім менің – тірегім,

Кеудеде соққан жүрегім.

Тілім менің – намысым,

Алты алаштай арысым.

 

Тілім менің – тарихым,

Көңілді сөзсіз қаритын.

Тілім менің – дәстүрім,

Шаттыққа  толы бәс күнім.

 

Тілім менің – асылым,

Өткерген қайғы-мұң ғасырын.

Тілім менің – паңдығым,

Жақсының сөзін аңдыдым.

 

Тілім менің – ұраным,

Жетелеген алға ұланын.

Тілім менің – шындығым,

Жырлаған дүние құндығын.

Құтыла алмадың

Құтыла алмадың,

Біреуді арбадың.

Сүйдің де, бір жанды,

Әніңді арнадың.

 

Болдың ба бақытты,

Өзгені жылатып.

Шықтың сен қай шыңға,

Басқаны құлатып.

 

Естідің шындықты,

Айтқаның өтірік.

Көрдің бе, расында,

Бір сәтке өкініп.

 

Таптадың арыңды,

Жоғыңды іздедің.

Жоғалттың барыңды,

Өткен күн, іздерің.

 

Шыдамды болмадың,

Қиындық түскенде.

Жаманды қолдадың,

Ақ, қара түйіскенде.

 

Елемей ақылды,

Білімнен безгенің.

Жоғалтып хақыңды,

Не болды, сезгенің.

 

                                                                  

                                                          Құтыла алмадың,

                                                          Сендағы қайғыдан.

                                                           Құтыла алмассың,

                                                           Ажалдан аңдыған.

 

                      Қызылсая кештері

Айлы кештер, сәнді кештер,

Қызылсая кештері.

Жас күлкілер, сауық істер,

Әлі естен кетпеді.

 

Жұлдызды аспан, құшақ ашқан,

Қызылсая кештері.

Достарменен көңіл қосқан,

Жүректен күндер өшпеді.

 

Қызық қуған, той мен думан,

Қызылсая кештері.

Сан алуан арман туған,

Ойлар ою кестелі.

 

Сатпас арын, жастық жалын,

Қызылсая кештері.

Сезім үшін берген барын,

Болар мәңгі естелік.

 

 Жаңа бағыт

 

Түнімен көңіл кезді әр нәрсені,

Оқиғалар баяғы, өткен еске түседі.

Барлығы көз алдымда елес берді,

Көрдім шыңырау мен белестерді.

 

Шақтарым сәби күнгі көз алдымда,

Балдай тәтті, әп-әдемі із қалдырған.

Мектепке келген алғаш күнді ойладым,

Оқимынды білмейтін, келетін тек ойнағым.

 

Ер жеткенім, есейгенім есімде,

Жүруші едім көңілдің құшақ төсінде.

Еш алаңсыз, жай бір рақат кез еді,

Өмір мені дұрыс ойға, көп ұзамай түзеді.

 

Енді міне, ересектер арасында жүргенім,

Бұған дейін қалай өмір сүргенім.

Түк бітірмей өткізіппін уақытты,

Болыппен тек, аңсауменен бақытты.

 

Он алтыға келді биыл жасымыз,

Үлкен ойға, терең ойға толды әбден басымыз.

Өмірді ойлап, көңілді ойлап, сезімді,

Ойлар улап, жегідей жеді төзімді.

 

Шырмауында қалдым қалың ойлардың,

Білмеймін, қайсысын ғана бойларын.

Қалам алып, кез келгенді жазатын,

Түсіндім, ойлар көп, әлі де мен қазатын.

 

Осылайша жаңа бағыт алғаным,

Кімге керек, менің жай ән салғаным.

Болса егер де ақын болу,

Мұратым да, асыл ойым, арманым

 

Махаббат

Кеудемді жаулап алды, бір тәтті мұң,

Серігім күннің көзі, сырласым болды қапас түн.

 

Жүрегім таппады тыныштықты  ешбір жерден,    

Сағым менен тілегім,   сезімге ерген.

 

Гүл болып көрінеді  қап-қара тас,

Шабыт келіп қысады, парлатып көзімнен жас.

Махаббат өлшемі жоқ, шексіз сезім,

Шыдамым, бар таусылып,  санамнан кетті төзім.

 

Көндім мен еріксізден, кеудемдегі бал құмарға,

Жан-тәніммен сүйгенімді, теңедім ақ тұмарға.

Тұмарға еш уақытта, мойнымнан түспейтұғын,

Ес пенен ақылға көнбейтін, сезімнің айтқанын істейтұғын.

                      

Тәрбие үшін төрт шумақ

 

Кішіпейіл болсаң достым, сен егер,

Мол бақытқа боларсың кенелер.

Кішіпейілділік зиян саған тигізбес,

Еш уақытта жаман атын кигізбес.

     Мейірімділік әрбір жанға жарасқан,

     Мейірімді жан, надандармен таласқан.

     Мейірімділік түзеген талай адамды,

     Күнә істеп, опасыз болып адасқан.

Ізгілік бізді қорғаған,

Ізгіліксіз адам оңбаған.

Жақсылық оған жақпаған,

Қуаныш, күлкі қонбаған.

          Әдепсіз жан, арсыз жан,

          Әдепсіз жан, әлсіз жан.

          Бетімен сайрап, ол күлер,

          Есуас шығар, кім біл

Өмірден сабақ алу

 

Қайғыра біл,

Күйіне біл.

Өмірден сабақ алып,

Түйіне біл.

         Қуана біл,

         Күле де біл.

        Өмірден сабақ алып,

        Сүйе де біл.

Самғау да біл биікке,

Құлау да біл.

Өмірден сабақ алып,

Жылау да біл.

        Шешіміңді қабылдап,

        Бекіне біл.

       Өмірден сабақ алып,

       Өкіне біл.

Шашуды да жаманды,

Жақсыны жинай да біл.

Өмірден сабақ алып,

Өзгені сыйлай да біл.

          Басыңа іс түскенде,

         Ашусыз күрсіне біл.

        Өмірден сабақ алып,

         Басқаны түсіне біл.

Барлығын санап айту,

Мүмкін емес.

Кетеді онда бұған,

Бір күн емес.

       Ұзын сөзді,

       Қысқартар болсақ егер.

       Ақылды бол, есті бол,

       Өмірді сүрме бекер.

Абай атам айтқандай:

“Күнде өзіңнен сынақ ала біл”.

Не болса да,

Өмірден сабақ ала біл

 

Қазақтың мұңды тарихы

 

Қайран жұртым, қайран қазағым,

Аз болды ма, тартқан азабың?

Еске түсір, шеккен қайғы күндерді,

Шошынып, ұйықтай алмай өткен түндерді.

 

Кім еді біздерді арандатқан,

Адал жүрек жандарды арамдатқан.

Әділдікті жақтайтынды азғырған,

Осылайша жазықсызды жазғырған.

 

Көз жасымен талай таңды атырған,

Кімдер еді, бізді мұңға батырған.

Сөйлегенді сүйектей қып сабаған,

Талап бізді, аш иттерше қабаған.

 

Жұмыс істеп қорыққаннан бастықтан,

Өлмеп пе еді, талай қазақ аштықтан.

Талай сәби, жылаған еді шырылдап,

Ақырғанда кей надандар ырылдап.

Заман талабы

Заман талабы, не болды бүгіндері,

Қылмыскер, нашақор болып жүру ме еді.

Қатыгездікті талап ете ме заманымыз,

Кірлегенде күннен – күнге-ақ ақ арымыз.

 

Мүмкін, сірә, айналармыз жауызға,

Боқтық сөзі түспейтұғын  аузынан.

Талабың сол, сыйластықты ұмыту ма,

Болайық па есалаңдар жын қуған.

 

Әлде біздер намысымызды сатармыз,

Мас күйге еніп, әрбір жерде жатармыз.

Мүмкін тағы, ұятты да жоғалтып,

Пара алармыз, тұрмыс – жайды оңалтып.

 

Қастандықты көбейтерміз тағы да,

Шықпас ешкім, бүгін әлсіз жағына.

Қолы қысқа кедейлерді қорлармыз,

Тас жүректер атанармыз, онда біз

 

 

Сабыр жоқ, асығады жамандыққа,

Сол ауру болғаны ма, маған жұққан.

Көбінің жүздерінде өтірік күлкі,

Махаббат, сезім деген естен шыққан.

 

Талабы бұл заманның адамдықта,

Ақысын жеу өзгенің адалдық па?

Барлық білер ісі  күндеп, қорлау,

Осы біз, соғысу үшін жаралдық па?

 

Сыйлауды қысқа өмірде үйренбесек,

Берерміз, о дүниеде нендей есеп?

Достарды, бауырларды сатып кетіп,

Табармыз біз қолдауды неге жетіп?

 

Ақылды ойламасақ ерте кезден,

Безбүйрекке айналармыз дүние кезген.

Шындықты сүйремесек шың басына,

Жолайды ертең сенің кім қасыңа?

 

 

Ойлаудан бостандық деп, көңіл сәні,

Адасып талай ұшты, адам жаны.

Қол жеткізіп тіршілік тірегіне,

Кім бар еді, у сепкен жүрегіне?

 

Пара алып қор болған қаншамасы,

Қаншамасы қырылды, бір санашы.

Кім байыды,  біреуден еңбек ұрлап,

Суға кіріп, адам жоқ шыққан құрғақ.

ІІІ

Жаңадан бәрін де бастау,

Қиынға түсер, мүмкін бекінсек.

Ең бастысы, арыңнан аспау,

Кешірім алармыз, ертерек өкінсек.

Кеш емес әлі де,

Пердесін ашуға шындықтың,

Сабырмен қарасақ бәріне,

Көрерміз, сонда біз, кім мықты.

28

 

Шындық

 

 

Жарқырап туған жұлдыздар,

От шашар, тұрып аспанда.

Шындықты қамал бұзғызар,

Айта бер, достым, жасқанба.

 

Өткен күн сенің тарихың,

Не болсадағы ұмытпа.

Шындықты көңіл қаритын,

Сақта да, есте ұлықта.

 

Алынбас қамал,  жоқ сірә,

Шың да жоқ адам шықпайтын.

Өтірік жұқпас жақсыға,

Надан бар соны ұқпайтын.

 

Тағдырға әмір жүрмейді,

Шыдарсың, достым, көнерсің.

Өтірік айтып, жүр мейлі,

Көрерміз, қайтіп өнерсің.                       

Жақсымын деймін

Жақсымын деймін қалайша,

Ғайбат істер істесем.

Шындық сөзді жасырып,

Қорғауға, әлсіз түспесем.

 

Жақсымын деймін қалайша,

Жоғалтсам ар мен ұятты.

Көшелер кезсем қаңғырып,

Есалаң, жауыз сияқты.

 

Жақсымын деймін қалайша,

Ұмытсам дін мен тілімді.

Біреудің ұрлап тапқанын,

Дұшпанға айтсам сырымды.

 

Жақсымын деймін қалайша,

Жаманның сөзін қостасам.

Мына үлкен қоғамға,

Пайдалы үлес қоспасам.

 

Жақсымын деймін қалайша,

Жоқтарға жәрдем бермесем.

Мейірбан, ұлық жандарға,

Көрсетіп қолдау, ермесем.

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өмір қымбат адамға
Алматы – менің сүйікті қалам.
Інкәр көңіл, нәзік сезім
Менің елім-Қазақстан
Ұлы ақынға
Ұлы ақын Абай
Ресми қарым-қатынас және жазба тіл мәдениеті
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
Ақын өлеңдерінің ерекшеліктері
Шақырады көктем
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 2162 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык