Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сәлем саған, мектебім!


Сәлем саған, мектебім!

        Сәлем саған, мектебім!

Сәлем саған, мектебім,

Алтын ұям, армысың.

Көңілімде көп менің,

Саған айтар алғысым.

Көңілді өтті демалыс,

Кездім дала, тауды да.

Жайлаудағы ең алыс,

Бардым атам аулына.

Сәби болып күліп те,

Асыр салдым аулада.

Келдім қайтып мектебім,

Алыс қалды қарлы шың.

Көңілімде көп менің,

Саған айтар алғысым.

Нұр себілсін бөлмеңе,

Теріп келдім қыр гүлді.

Құйшы тағы кеудеме,

Қоңыраудың сырлы үнін.

 

Мұғалім.

Мұғалімім ардақты,

Білім берер жан-жақты.

Біліміңе тоймаймын,

Мұғалімді тыңдаймын.

Сабақтарға қатысып,

«5»-алам деп ойлаймын.

 

Ұстазыма.

Алғашқы менің ұстазым,

Адалдығымның бастауы.

Жолынан жырдың ұстадым,

Шабыт пен төзім шоқтанып.

Тұлпарлар шапқан жерлерде,

Бізден де бір іс қалсын деп.

Ұшырам жыр-құс кеудемнен,

Оқырман бағып алсын деп.

Болаттай берік төзімің,

Мінезің байтақ даладай.

Сүйемін сені өзімнің,

Аяулы ғазиз анамдай.

 

Қош бол, балабақша.

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Гүлге толып жан-жағым,

Асыр салып, жүгірдім.

Өсті талап, талғамым,

Көп нәрсені ұғындым.

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам, қош енді.  


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош бол, балдай тәтті балабақша!
Бастауышпен қоштасу.
Қош бол, бастауыш
Менің сүйікті қалам!
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз!
Менің ұстазым
Қош бол, балабақша!
5 сынап. Менің мектебім
Окрытый урок по казахскому языку "Менің мектебім". 5 класс
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 5612 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык