Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қарым-қатынас мәдениеті


Қарым-қатынас мәдениеті
Панфилов атындағы орта мектебі
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қоғалы ауылы
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Мектеп психологі: Сюттыбаева А.Қ.

7а сыныпта өткен ашық сабақ
09.01.2015.
Тақырып:Қарым-қатынас мәдениеті.
Мақсаты:Адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормалардың ролін түсіндіру.
Міндеттері: - оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;
- ізгілікке тәрбиелеу;
Сабақта пайдаланатын көрнектілер: карточкалар, сахналауға пайдаланатын заттар.
Сабақ барысы:
І.Шаттық шеңбер:Оқушылар ортаға шығып сәлемдесіп, «Әдемі» атты әнді орындайды. Сөзі А. Шаяхметовтікі, әні Ғ. Наурызбаевтікі
ІІ. Әңгімелесу: оқушыларға «Сиқырлы сандықты» ашып ішінен сұрақтарды алып жауап беруін ұсынамын:
Жаныңдағы адамдардың жақсы қасиеттері жайында ойлайсың ба?
Адамдардың жағымды қасиеттерін қалай бағалайсың?
Өзіңді басқа адамдардың орнына қояласың ба?
Басқа адамдардың жан дүниесіне үңілесің бе?
Бос уақытыңда не жайында көп ойлайсың?
Оқушылардың жауаптарын қорытындылау:
а. *** қорытындылаймын: Адамдармен қарым-қатынас жасағанда шын қөңілмен ниет таныту керек. Қарым қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан ғөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.
б.*** Мәтінмен жұмыс : З. Ахметованың «Шуақты күндер » атты тақырыбымен танысу, оқушылар жарты дауыспен оқыды.
Бір-біріне сұрақ қойып жауабын айтып, әңгімелеседі:
Автордың айтар ойы неде деп ойлайсыңдар?
Шегенің ақылды адамның қолына түспегенде тағдыры қалай болар еді деп ойлайсың?
Адамдар арасында да осындай жағдайлар кездесе ме? Мысал келтіріңдер.
Өздерің қандай тұжырым жасадыңдар?
в. *** Қарым-қатынас кедергілері және және кекілжіңнің алдын алу, жағдаяттарды талдау.
1****- Ауырып келген оқушы сыныпқа келсе,оның партасына жаңадан келген оқушы отырып қойыпты. Ауырып келген оқушы қарым қатынасты бұйрық беруден бастайды: « Тез арада менің партамды босат!»
Екі адамның карым катынасы тұралы сахналау, пікірлесу.
2***-Айгүл мен Айнаш сыныптас. Олардың әдебиет кітабі біреу. Оқытушы оқулықтан ертең оқып келуге тапсырма берді. Олардың арасында кім оқулықпен бірінші сабаққа дайындалуы қажет екендігі жөнінде келіспеушілік пайда болды.
Сахналау, пікірлесу.
3***- Сыныпта топпен жұмыс кезінде топтың жауабын Арман топтың атынан емес өз атынан айтты. Арманға оқушылар бұл жұмыс шарттың бұзғандық екенін ескерткені сол еді, ол ескертудікінә тағу деп қабылдап , ренжіп қалды.
Сахналау, пікірлесу.
Қорытынды: Әр адам өзін-өзі Өмір бойы тәрбиелеп, жақсы қасиеттерін көбейтіп, кедергі жасайтын қасиеттерін жоюға тырысады.
4***Тыныштық сәт: -Балалар денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезіңдер.
Г*** Дәйек сөзбен жұмыс атқару:
« Ұш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық кайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Дәйексөзді көзкарас, себеп, мысал жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылау қажет.
ІІІ.Аңыз әңгіме « Екі қасқыр» Бір оқушы айтып береді. Оқушылар өз пікірлерін айтады. пікірлесу.
ҮІІІ. Дәптер мен жұмыс 17 бетте 1 тапсырма орындау.
Ү. Психологиялық ойын: « Бәтінкедегі тас »
Қорытындысы: Бәтінкеге түскен тас қалай аяқты ауыртады, аяқтағы теріні тырнап, ауртып, қажайды,сондайақ керегі жоқ сезімдер,адамның ішкі жан дүниесіне кедергі көрсетеді. Тасты алып тастап, аяқты жазасын, жаман қасиеттерді жойып, жан дүниеңді тазалайсың.
ҮІ.Ұйге тапсырма: Келесі сабақты оқу дәптердегі №2 тапсырманы орындау.

Жаныңдағы адамдардың жақсы қасиеттері жайында ойлайсың ба?

Адамдардың жағымды қасиеттерін қалай бағалайсың?

Өзіңді басқа адамдардың орнына қояласың ба?

Басқа адамдардың жан дүниесіне үңілесің бе?

Бос уақытыңда не жайында көп ойлайсың?
а. *** Адамдармен қарым-қатынас жасағанда шын қөңілмен ниет таныту керек. Қарым қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан ғөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.
1****- Ауырып келген оқушы сыныпқа келсе,оның партасына жаңадан келген оқушы отырып қойыпты. Ауырып келген оқушы қарым қатынасты бұйрық беруден бастайды: « Тез арада менің партамды босат!»
Екі адамның карым катынасы тұралы сахналау, пікірлесу.

2***-Айгүл мен Айнаш сыныптас. Олардың әдебиет кітабі біреу. Оқытушы оқулықтан ертең оқып келуге тапсырма берді. Олардың арасында кім оқулықпен бірінші сабаққа дайындалуы қажет екендігі жөнінде келіспеушілік пайда болды.
Сахналау, пікірлесу.

3***- Сыныпта топпен жұмыс кезінде топтың жауабын Арман топтың атынан емес өз атынан айтты. Арманға оқушылар бұл жұмыс шарттың бұзғандық екенін ескерткені сол еді, ол ескертудікінә тағу деп қабылдап , ренжіп қалды.
Сахналау, пікірлесу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өзіңді тану-өмірді тану
Өнер - өмір өрнегі
Білім берудегі Кембридж тәсілі арқылы сабақ кезінде оқушылардың өзін –өзі бағалау
Жалын атқан жүрекпен
Құрметтей білейік
Көмектесе білейік
Салауаттылық - өмір негізі
Сабақтың тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам»
Адалдық пен әділдік
Салауаттылық - өмір негізі
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 11222 | Қосты: Сюттыбаева Айша Конапияновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык