Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қайырымдылық жылы жүректен


Қайырымдылық жылы жүректен
«Қайырымдылық – жылы жүректен» атты мүгедектер күніне арналған салтанатты жиын.
Мақсаты: Мүгедектер, олардың түрлері, әлеуметтік жай – күйі туралы тану. Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі салтанатты жиынымыз « Мүгедектер күніне» арналады. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Жүргізуші: - Айтыңдаршы, балалар, барлық балалардың сендер сияқты мектепте оқу мүмкіндігі бар ма?
Оқушылар жауабы: ...........................
Жүргізуші: Иә, балалар, мүгедектік, өздерің айтқандай көбіне, туа біткен кемістік болса, мысалы: көз көрмеу, құлақ естімеу т.б. кейбір жағдайда оқыс оқиғалардың салдарынан мүгедек болып жатады. Ал қазір мүгедектердің көбі экология жағдайынан да кемтар болып туылады. Оған көптеген улы ядролы заттар да бар. Таза ауаның болмауы мен техникада қолданылатын түрлі зиянды бөлшектердің әсері де бар. Осындай зиянды, улы заттар адамға тек зиян келтіріп қана қоймай, жас сәбилердің мүгедек болып туылуына әкеліп соғады.
Шыр етіп жерге түскен минутынан өмірдің қасіретін көрген жандар: олар мүгедектер. Жас сәбидің көрмейтінін көріп жүрегің елжіреп қан жылайды. Өмірге келгенімен көзімен көрмесе, білмесе өмірдің мәнісі жоқ сияқты. Бірақ алла тағала бір мүшеңді сау қылмаса да өмірің ауыр болса да өмірден баз кеше алмайсың. Сол өмірге үйренесің. Төзгің келмесе де төзесің, сезгің келмесе де сезесің. Жарқыраған күннің сәулесін көрмеген адам өз түрін де, өзгенің бет-бейнесін де көре алмайды.. Көргісі келсе де көре алмас, барғысы келсе де бара алмаса, өміріңнің қатаң деген қасіреттерінің бірі. Осындай мүгедектердің жүрегі қанжылап үміті үзіліп кімге айтарын, кіммен сырласатынын, кіммен мұңдасатынын білмес. Өмірдің ауыртпалығын, ауыр жүгін көтеріп жүріп, қиындықтарды жеңгендер де көп.
Америкада көзі көрмейтін мүгедек тұрады екен. Бірақ ол гитараның құлағында ойнайтын шебер адам екен. Оның көзі көрмесе де аспаптың үніне қосылып ән айтады екен. Өмір оған қатыгездікпен қараса да бойына біткен дарынының арқасында танымал болыпты.
Дауысы таңқалдырар опера әншісі Андрео Бочелли де тағдырдың жазғаны ауыр болса да мойымай, оған қарсы жүріп әлемге танымал болған. Екі көзінен жастайынан айырылған ол тек ән шырқап жүрген екен. Уақыт өте келе мүшесінің біреуі кем болса да әлемге танымал адамдардың қатарына енген. Тамара Асар апаларыңыз аяғынан айырылса да, сахнаға шығуға барлық қиындықтармен күресіп, жеңді. Серікболсын Қонарбаев - географ - ғалым арбаға таңылып еңбегін қорғады. Ең жаман мүгедектік – рухани - адамгершілік тұрғыдан кеудесі қуыс адамдар. Өнер – білімнен жұрдай болмай, ар - ұятты бағалай білсең, шын мүгедектік далада қалады. Полигон құрбаны қолы жоқ Семей баласы аяғының бақайларымен қылқаламды шырқ үйіреді.
Әдеби монтаж.
1. Мүгедектер – тән саулығын аңсаған,
Біреуге аяқ, ал біреуге қол қайғы.
Өз борышын сезінуден қалса адам,
Бұдан асқан мүгедектік болмайды.
2. Мүгедек бала – қоғамның толыққанды мүшесі.
3. «Мүгедек» - мүгедек адамдарға бұл сөздің өзі ауыр тиетін шығар. Кейбір жандар олардың жанын түсіне бермейді. Тіпті оларды кемсітіп, кемшілігін бетіне басатындар да бар. Ондай адамдар ішкі жан дүниені түсіне бермейді.
4. Өмір толы ащы менен тұщыға да,
Кімдер келіп, кетпес өмір жолында
Ащысы мен тұщысы бірге жүрер,
Қуанып бір қайғырып өз жолында.
Өмір толқын ағып жатыр өзендей боп,
Талмайтын, тоқтамайтын толқындай боп.
Теңіз жатыр арнасынан асып – тасып,
Желменен қашып тұрып, ұшып – қонып.
5. Мүгедек жанды көргенде аянышты көзбен қарайсың! Бірақ мүгедек адамның жанына көзбен тұңғиықтанып қарағанда, жаныңа ауыр тиеді. Тұтқынға түскен аңдай мұң шертіп, жанын да, тәнін де ащы у жайлайды. Көңіліне кірбің түсіп, көздеріне жас алатындары бар. Көзінен көрінген жас, жалт қараған өзге адамның қөзқарасынан емес, сол қараған өзге адамдай бола алмағанына өкінеді. Алланың өміріне жазған бірінің екеу болмауында. Бірақ мүгедек адамдар ауыр өмірге тез бейімделгіш болады. Олар төзудің, шыдаудың және түсіне білудің адамдары десек де болады. Бейнесі аянышты адам болғанымен, ішкі жан дүниесімен тәнінің саулығы соншалық, мүгедектер мәрт, пәк жандар.
Жүргізуші: Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту әр жанның азаматтық парызы деп түсініп, соны жадына ту ете білу керек.
Адамгершілік тақырыбындағы оқулар.
1. Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

2. Мейірімділік – ғажайып өмір есегі,
Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған
Оу, Адамзат, сіңірген бойға мейірімді.

3. Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.

4. Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!

5. Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.

Жүргізуші: Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Осымен салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арсыз
Ниетім - өмірімнің айнасы
АНА- қасиетті де киелі ЕСІМ!!!
Мейірімділік-асыл қасиет
Жүрек жылуы
Атымды адам қойған соң
Қайырымдылық - адам жанының нұры
Қайырымдылық- адамгершілік белгісі
Балаға мейірім сыйла
Өзін-өзі тану пәнінен кіріктірілген сабақ
Бөлім: Уроки / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 26662 | Қосты: Жумажанова_Арай | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык